10-11-сыныпта
Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы
жылдарындағы зерттелу жайы, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер, өнер,
білім, қоғамдық құрылыс, тарих, ел, махаббат, азаматтық көңіл-күй, сыншыл,
сатиралық мазмұндағы шығармалары, ақын шығармаларындағы исламдық
дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, қарасөздері,
өлеңдері және аудармалары, поэмалары топтастырылып берілді. Абайдың
талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына да көңіл бөлінді. Абай
шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-
көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар
аударылды.
Жалпы орта білім беретін мектепте қазақ әдебиеттану ғылымының бір
саласы Абайтануды оқытудың маңызды екені белгілі. Абай өлеңдері мен
18
қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. Абай көтерген
мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ.
Абай – адамзат ақыл-ойы мен ақындығының ірі тұлғасы. Абай ең алдымен
кемеңгер ойшыл ақын, хакім. Әдебиеттану саласы бойынша көптеген ғалымдар
Абайды тануға айтарлықтай үлестерін қосты. Қазақ әдебиеттану ғылымының
тәуелсіздік кезеңінде Абай мұрасына белгілі Абайтанушы ғалымдар сүбелі
еңбектер арнады. Абай шығармаларын оқыту әдістемесіне де арналған біршама
еңбектерде жарық көрді. Қ. Бітібаеваның «Мектепте Абай шығармаларын
оқыту», Ұ.Әбілдаұлының «Абайды оқу әліппесі: (Төменгі сынып оқушыларына
ұлы ақындық таныстыру)», М. Жүсіповтің «Орта мектептегі Абайтану және
оның негізгі бағыттары», Н. Омашевтің «Абайтануды оқытудың тиімділігі»,
З. Қазмағамбетованың «Ақын шығармаларын оқыту», Т. Рахметованың
«Бастауыш кластарда Абай шығармаларын оқыту» т.б. еңбектерін атап өтуге
болады.
Жалпы білім беретін мектептің 9-11-сыныптарында Абайтану курсын
оқытудағы мақсат не? – деген сұрақ туындауы мүмкін.
Біріншіден, қазақ әдебиеті пәнінде Абайдан басқа да тұлғалар, әдебиеттің
кезеңдері оқытылады.
Екіншіден, оқу бағдарламасындағы оқуға берілген сағат саны ақын әлеміне
терең бойлауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ұлттың идеологиясы, хакім
Абайдың мұрасын оқып, «толық адам» болуға ұмтылу үшін «Абайтану» таңдау
курсын оқытудың маңызы ерекше. Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында батысқа
еліктеп, халықтық салт-дәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық
тәрбиеден алыстап бара жатқандардың жиі кездесіп қалатыны жасырын емес.
Осындай жағымсыз құбылыстан құтылудың рухани жолы ұрпақты Абайдың
әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз. Бұл айтылғандарға
абайтанушы ғалым М. Мырзахметұлының: «Қазақ халқының ой-санасының,
дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр. Жастардың
адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда Абайтану ілімі
іргетасқа айналып отыр. Осы себепті, ең алдымен, Абай мұрасын меңгеру,
терең танып білу – бүгінгі күннің аса қажетті мәселесі», – деген ойлары
дәлел [14].
Қолданыстағы негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-
сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасында Абай
мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылған
және ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-
тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға
қойған биік мақсаттары, қазіргі Абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып
берілген.
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының
идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға
назар
аударыла
отырып,
Абайдың
талантты
ақын
шәкірттерінің
шығармашылығына көңіл бөлінген.
Абайдың дүниетанымының қалыптасуында шығыс мәдениетінің ықпалы
19
зор болған. Кеңес заманында бұл тақырып жабық болды. Абайтанушы ғалым
М. Мырзахметұлы «Абайды баяғы ескі кеңестік стеротиптік сарынмен оқытуға
болмайды. Оған бұдан былайғы жерде жол берілмеу керек. Біз осы күнге
дейінгі пайдаланып келген оқулықтарда Абайды атеист, материалист етіп
көрсеткенбіз. Кеңестік саясатқа байланысты барлық буын Абайды осылай
таныды. Бүгінгі уақыт басқа, дүниетаным өзге, олар тәуелсіз санаға қарай
бейімделу үстінде. Абайды жаңаша қырынан танып, тәуелсіздік рухы
тұрғысынан бағалайтын сәт туды деп ойлаймын» [15] – деген еді. Сондықтан
бағдарламаның 11-сыныбында «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» деген
тақырыпта арнаулы қамтылған
ақын шығармаларындағы исламдық
дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни
танымы, «Толық адам» философиясы, Абай іліміндегі «Хауас» мәселесіне жеке
тоқталып, талдауды мақсат еттік.
Абай дүниетанымының қалыптасуындағы Шығыстық, соның ішінде түркі
әлемінің рухани қазына көздерінің алар орынын терең байыптай әрі пысықтай
келе, «Абай дүниетанымының қалыптасу негізінің арналары – ақын мұрасының
рухани нәр алған қазына көздерінде, онда да оның Шығыстық жағалауында
жатыр. Әсіресе, Абайдың адамшылық идеалы болған «толық адам» туралы
ілімінің дерек көздерін сопылық классикалық поэзия мен сопылық ғылыми-
теориялық еңбектерден ғана таба алмақпыз. Абайдың дүниетанымындағы асу
бермес биік белестей көсіліп жатқан адамшылық жолдағы асыл мұраттары –
ислам әлеміндегі сопылық іліммен тікелей байланыста жатқан рухани құбылыс
екенін мойындауға тура келеді» [14] – деп түйеді.
Адам болу туралы ой-танымына орай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде
көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті, М. Әуезов ол өлеңді «Абайдың,
әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі», – деп
ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз
, – деп адам бойындағы, мінез-құлқындағы қарама-
қарсы ұғымдардың сырын 7-қарасөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін
пәлсапалық мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп
мәселенің тамырын дөп басамыз.
Абай танымындағы «жанның тамағы» жан қуаты арқылы біртіндеп
қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені Абай «... құмарланып жиған
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», деп көрсетуі арқылы
әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның
пайдалы тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам
жолына түсе алмақ, болмаса жоқ деп көрсетеді [16].
Ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды
аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. «Әуелде бір суық мұз
ақыл зерек» өлеңінде:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – деп ой байламын білдіргенде
20
қайрат, ақыл, жүрекке ерекше мән береді.
Оқушыларға Абайды танытуда біз Абайдың діни танымы, «Толық адам»
философиясы, Абай іліміндегі «Хауас» мәселесіне ерекше тоқталуымыз керек.
Сонда барып Абай әлемін терең бойлап, жас ұрпақтың бойына ақын армандаған
кемел адамның қасиеттерін дарыта аламыз.
Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша алған білімдерін бағалау мен
тексерудің мынандай жолдарын ұсынуға болады:
–
тақырыптар бойынша тест сұрақтарын дайындап, жауап алу;
– оқылған әдебиеттерге аннотация жаздырту;
– ойтолғау, эссе т.б. шығармашылық жұмыстардың түрлерін орындату;
– берілген тақырып бойынша ғылыми жоба жұмыстарын жаздырту әрі
қорғату.
«Абайтану» курсы таңдау пәнін оқыту барысында интерактивтік оқыту
әдістерін, жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін пайдалана отырып,
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға болады. Заманауи әдіс-
тәсілдерді қолдану – оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, өздерін
еркін ұстап, жеке тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал етеді. Оқушылар
сабақты саналы түрде игеріп, өз тұжырымдарын, ой-пікірлерін қазақ әдебиеті,
Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыста қарап, айқын жеткізе
алады. Аталмыш курстың оқу бағдарламалары оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес, рухани құндылықтарға толы ұлттық, патриоттық,
отансүйгіштік тәрбие беруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |