26
бізбен бірге» таңдау курсының бағдарламасы
(аптасына 1 сағат, жылына
34 сағат) негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып құрастырылған,
оқушылардың ақыл-ойының математикалық стилін, танымдық қабілеттерін,
интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамытуды, олардың
математикадан
алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген
қызығушылығын арттыруды көздейді.
Бағдарлама мазмұны мен құрылымы төмендегідей тараулардан тұрады:
1. Біздің айналамыздағы сандар мен заттар.
2. Теңдеу және теңсіздік.
3. Құрастырмалы ойындар.
4. Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері.
5. Математикалық ойлау есептері.
Бұл тарауларда қамтылатын білім мазмұны бастауыш сыныптың
математика пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрылған. Мысалы,
«Біздің айналамыздағы сандар мен заттар» тарауы.
Аталған таңдау курсы бағдарламасының жаңашылдығы – «Құрастырмалы
ойындар»,
«Математикалық
ойлау
есептері»
тараулары.
Мысалы,
«Құрастырмалы ойындар» тарауында «Үлестер қалай алынады?», «Бөлшектер
қалай пайда болады?» тақырыптарын өту барысында оқушылар ойнай отырып,
өздері қолымен ұстап тәжірибе жасай отырып, үлес, бөлшек туралы нақты білім
алады. Осындай практикалық жұмыстардың көмегімен оқушылар өздігінен
жұмыс істеуге дағдыланады, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ізденуге
ұмтылады.
Сонымен бірге курс бағдарламасында шығармашылық жұмыстар жасатуға,
дайын сызба, суреттер бойынша есептер құрастыруға және есептерді тиімді
жолмен шығару тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу
жолдарын үйретуге аса үлкен мән беріледі. Әрбір тақырып соңында сол
тақырыпқа сәйкес өздік және бақылау жұмысына уақыт бөлінген. Берілетін
өздік
жұмыстар әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Қорыта келе, аталған курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері
мен даму деңгейіне сай, тақырыптары математикадан алған білімдерін
тереңдетіп, білік, дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білімнің іргетасы бастауышта қаланады. Бастауыш білім беру деңгейіндегі
ең қиын да жауапты міндет – мектеп есігін ашқан 6-7 жастағы сәбилерге
әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп
баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып,
бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін
дамыту. Сол себепті мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты,
көркем
жазуға үйретуге бағытталған курстарды көп таңдайды. Сондай курстың бірі –
«Көркем жазу» курсы.
«Көркем жазу» таңдау курсының бағдарламасы (2-сыныпқа арналған,
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты – әріп элементтерін дұрыс жазуға, әріптерді бір-бірімен
дұрыс байланыстырып, сөзді толық жазып болғанша қолды дәптерден алмай,
27
үздіксіз әрі ырғақты жазуға, сөздердің ара жігін сақтауға машықтандыру,
қолдың ұсақ бұлшық еттерін нығайту.
Бұл курстың бағдарламасының мазмұны, негізінен, қазақ тілі әліпбиіндегі
барлық әріптердің жазба түрін каллиграфия ережелерін сақтап жазуға
дағдыландыруға бағытталған. Сондай-ақ жатқа жазу, көшіріп жазу,
шағын
мазмұндама жазу жұмыстары да қамтылған.
Аталған курстың мазмұнына талдау жасай келе, курс бағдарламасын
құрылымы мен мазмұны тұрғысынан әлі де жетілдіру, толықтыру қажет деген
тұжырым жасалды.
Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін ең маңызды міндет – оқушылардың
тілін дамыту.
«Тіл дамыту» таңдау курсының бағдарламасы (2-сыныпқа арналған,
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты: халқымыздың әдеби қазыналарының сырын ашып,
мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді, нақыл сөздерді, ертегілерді, аңыз-
әңгімелерді оқыту арқылы тілін дамыту.
«Тіл дамыту» курсы бағдарламасының
мазмұны оқушылардың
шығармашылық қиялын, әсемдік пен сұлулықты сезіне білу қасиетін, тіл
шеберлігін дамытуға бағытталған. Берілген тақырыптар оқушыларды ойланып
жауап беруге, байланыстыра сөйлей білуге жетелейді.
Бағдарлама мазмұны мынадай тараулар арқылы ашылады:
1. Елім деп соғар жүрегім.
2. Әдептілік қағидалары.
3. Батырлар сөзі – даналар сөзі.
4. Еңбектің наны тәтті.
Тараулар ішіндегі тақырыптар «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасын
қайталамайды. Автор талдауға алынған шығармаларды өзі таңдаған. Сонымен
қоса, эссе, шығарма жазу, мақал-мәтел айтудан жарысу, әдеби шығармаларды
сахналау жұмыстары кең қамтылған. Бағдарлама мазмұны курстың алға қойған
мақсат-міндеттеріне сай келеді.
Қорыта келе, қарастырылған таңдау курстарының өзектілігі дау
тудырмайды. Дегенмен, мазмұны жағынан әлі де толықтыруды қажет етеді
және курс бағдарламасын әр
автор өз қалауынша құрастырған, белгілі бір
құрылымға негізделмеген. Сондықтан курс бағдарламасын бекітпес бұрын
әдістемелік бірлестіктерде сараптамадан өтуі тиіс. Сараптама жасау үшін курс
бағдарламасына қойылатын талаптар бекітілуі қажет. Біз ұсыныс ретінде
төмендегідей бағалау өлшемдерін көрсетіп отырмыз:
1) бағдарлама мазмұнында ұсынылған материалдардың жаңашылдығы мен
өзектілігі;
2) ұлттық және жергілікті ерекшеліктердің ескерілуі;
3) бағдарламаның ынталандырушы және дамытушы әлеуеті;
4) оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай келуі;
5) мазмұнның толықтығы және жүйелілігі;
6) функционалдық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы
28
(практикалық бағыттылығы, қолданбалылығы);
7) ұсынылатын ресурстардың қолжетімділігі.
Осы аталған талаптар басшылыққа алынса, таңдау курстарының сапасы
артады және оқушыларымызға да берері мол болады.
Республикамыздың негізгі және жалпы білім
беретін мектептерінде
Достарыңызбен бөлісу: