жылы «Halyq Line» интернет - газетіне» Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот отырысының хатшысы Р. Алибековпен «Құжатқа апостиль қою» тақырыбында мақалас
01.02.2022 жылы «Halyq Line» интернет - газетіне» Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот отырысының хатшысы Р. Алибековпен «Құжатқа апостиль қою» тақырыбында мақаласы жарияланған.
02.02.2022 жылы «Тіршілік тынысы» газетінің сайтында Сырдария аудандық сотының бас маманы М.Асанның «Ресми құжатқа апостиль қою» тақырыбында мақаласы шықты. 09.02.2022 жылы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметімен «Ресми құжатқа апостиль қою» бейнеролик жарияланды.
16.02.2022 жылы Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметімен «Құжаттарға апостиль қою» туралы, Қызылорда облысы әкімшілік сотының баспасөз қызметімен «Апостиль» бойынша, Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметімен «Апостиль-құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба» атты бейнероликтер жарияланды.
22.02.2022 жылғы «Толқын» газетінің сайтында Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетованың «Ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі» тақырыбында мақаласы жарияланды. Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің 2022 жылдың 1-жартыжылдығына арналған жұмыс және іс-шара жоспарына сәйкес 2022 жылғы 30 наурызда аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерінің және Азаматтарға арналған Үкімет «Мемлекеттік Корпорациясы» өкілдері үшін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысы соттарының кеңсе меңгерушілері мен қызметкерлердің және Азаматтарға арналған Үкімет «Мемлекеттік Корпорациясы» өкілдерінің қатысуларымен семинар өткізілді.
Семинарда Департамент басшысының 25 наурыз 2022 жылғы №4 бұйрығымен жоғарыда аталған қағидаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені хабарланып, өзгерістер мен толықтырулар қатысушыларға таныстырылды.
2022 жылғы наурыз айында 3 мақала, 3 пост, 1 семинар, сәуір айында 4 сайт, 1 пост, мамыр айында 2 мақала, 3 пост, маусым айында 2 мақала, 1 пост жарияланса, шілде айында 2 мақала, қыркүйек айында 2 мақала, қазан айында 3 мақала, желтоқсан айында 1 мақала жарияланды.
Қызылорда облыстық сотының «kzl.sud.kz» ресми сайтында «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша толық ақпараттар, оның ішінде Ереже, соңғы өзгертулер мен толықтырулар, мемлекеттік баждың реквизиттері, құжат қабылдау уақыты мен тапсыру күні, байланыс телефоны, жауапты маманның аты-жөні көрсетілген.
Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Қызылорда облыстық сотының ғимаратында жүргізіледі, күту залында апостиль қою қызметін көрсету жөнінде толық ақпарат және мемлекеттік баж төлемі туралы реквизиттер көрсетілген стенд орналастырылған.
Сот органының ішкі порталында «Судьялардың қол қою және соттардың мөр үлгілері» сервисінде судьялардың қол қою үлгілері мен соттардың мөрлерінің электронды үлгілері енгізіліп, Қызылорда облысының сот құрамының өзгертілуіне байланысты жаңартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және орындау мерзімдері үнемі бақылауда. Мемлекеттік қызмет көрсетуге Соттар әкімшісінің жауапты маманы бекітілген.
Мемлекеттік қызмет алушылардан лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар түспеген.