Заттың атауы
|
tқайнC
|
Заттың атауы
|
tқайнC
|
Этил эфирі
|
35,6
|
Бензол
|
78,2
|
Күкіртті көміртегі
|
46,3
|
Көміртегі (IV) хлориді
|
78,5
|
Ацетон
|
56,5
|
Бутил спирті (үшінші)
|
85,0
|
Хлороформ
|
61,2
|
Су
|
100,0
|
Метил спирті
|
64,6
|
Толуол
|
110,8
|
Гексан
|
69,9
|
Ксилол
|
139,3
|
Этил спирті
|
78,3
|
Тетрахлорэтан
|
146,3
|
3 Тәжірибе. Электролиттің диссоциациялануына еріткіштің әсері
Жұмыстың мақсаты: электролиттің диссоциациялануына полярлы және полярлы емес еріткіштердің әсерлерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: пробиркалар, шыны таяқшалар.
Реактивтер: дистилденген су, ацетон, құрғақ сусыз мыс (II) хлориді (CuCl2)
Жұмыс барысы:
Екі пробиркаға аз мөлшерде сусыз CuCl2 салып, бірінші пробиркаға 1 – 1,5 мл ацетоннан, екінші пробиркаға дәл сондай көлемде судан құйыңыз. Тұз толық ерігенше пробиркадаға ерітінділерді шыны таяқшалар арқылы араластырыңыз. Ерітінділердің бояларының өзгеруін байқаңыз. Қай ерітіндіде тұздың диссоциациялануы өтеді, егер ерітіндіде Cu2+-иодардың түсі көкшіл болып келетінін ескерсек?
Тұздың диссоциациялану теңдеуін көрсетіп, жұмыстың қорытындысын жазыңыз
4 Тәжірибе. Диссоциациялану процесінің тепе-теңдігінің ығысуы
Жұмыстың мақсаты: әлсіз электролиттердің диссоциациялану процесінің тепе-теңдігінің ығысуын зерттеу
Құрал-жабдықтар: пробиркалар, шыны таяқшалар
Реактивтер: 0,1н сірке қышқылы, криcталды натрий ацетаты (CH3COONa), метилоранж индикаторы
Жұмыс барысы:
Екі пробиркаға 1 мл-ден 0,1н сірке қышқылын құйыңыз, содан соң әр пробиркаға метилоранж индикатордан 1 тамшысынан тамызыңыз. Бірінші пробиркаға аз мөлшерде натрий ацетатының кристалдарын салып, араластырыңыз. Енді ерітінділердің түстерін салыстырыңыз.
Натрий ацетатын қосқандағы сірке қышқылының диссоциациялану теңдеуін көрсетіп, жұмыстың қорытындысын жасаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |