Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Бейэлектролиттердің және электролиттердің электроөткізгіштіктері



бет35/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

5 Тәжірибе. Бейэлектролиттердің және электролиттердің электроөткізгіштіктері.
Жұмыстың мақсаты: бейэлектролиттер мен электролиттердің электроөткізгіштіктерін салыстыру
Құрал-жабдықтар: бюретка, концентрлі күкірт қышқылы бар екі жұғыш шөлмектері, тұз қышқылын алу үшін қолданатын Кипп аппараты және электроөткізгіштікті өлшейтін қондырғы
Реактивтер: дистилденген су, 1н және мұзды сірке қышқылы, 1н күйдіргіш натр, 1н және 0,5н тұз қышқылы, метанол (кальций оксидімен құрғатылған), аммиак ерітіндісі (конц), күкірт қышқылы (конц), бензол немесе толуол (натриймен құрғатылған), бензин, қант, мочевина, бензой қышқылы, натрий хлориді, калий нитраты
Жұмыс барысы:
А тәжірибесі. Электрөткізгіштікті өлшейтін қондырғының ыдыстарына рет ретпен бензолды, толуолды, мұзды сірке қышқылын, метил спиртін, дистелденген суды, бензинды құяды және электродтарды арқылы электр тоғын жібереді. Барлық жағдайда қондырғының шамдары жанбайды, яғни бұл ерітінділер тоқ өткізбейді.
Б тәжірибесі. Электродтары батырылған ыдыстарына рет ретпен қант және мочевина ерітінділерін құйып, қондырғыны тоққа қосады. Содан соң ыдыстарға аз мөлшерде дистилденген судан қосып, қондырғыны қайтадан тоққа қосады. Екі жағдайда да қондырғының индикаторлық шамы жанған жоқ, яғни бұл ерітінділер де тоқ өткізбейді.
В тәжірибесі. Енді ыдыстарға құрғақ тұздарды салады да (натрий хлориді, калий нитраты) оларға дистелденген суды құяды және электродтар арқылы электр тоғын жебереді. Индикаторлық шам тек құрғақ тұздарға суды қосқаннан кейін ғана жана бастайды. Сонымен құрғақ тұздар тоқты өткізбейді, ал олардың ерітінділері тоқ өткізеді.
Г тәжірибесі. Хлорлы сутектің көзінен күкірт қышқылы құйылған екі жұғыш шөлмек арқылы HCl-дың құрғақ газдың тоғын жебереді; содан соң оны бензол және толуол арқылы өткізіп бұл ерітінділердің өткізгіштіктерін анықтайды. Әрі қарай электролитикалық ұяшықтарға шамалы дистилденген судан құйып қайтадан өлшеулерді жүргізеді. Сонымен қондырғының шамы тек хлорлы сутек ерітілген бензол мен толуолдың ерітінділеріне дистелденген суды қосқаннан кейін ғана жанады.
Д тәжірибесі. Енді HCl газын дистилденген сумен толтырылған ыдыс арқылы жебереді де, осы судың өткізгіштігін анықтайды. Қондырғының шамы жарық боп жанады, яғни хлорлы сутектін сулы ерітіндісі тоқты жақсы өткізеді.
Е тәжірибесі. Бензой қышқылын бір жағдайда бензолға, екінші жағдайда суға ерітеді де, осы ерітінділердің өткізгіштіктерін анықтайды. Бензой қышқылының судағы ерітіндісі тоқты жақсы өткізеді – қондырғының шамы жарық боп жанады, ал қышқылдың бензолдағы ерітіндісі тоқты өткізбейді – қондырғының шамы жанбайды.
Ж тәжірибесі. Электролитикалық ыдысқа мұзды сірке қышқылын құйып, содан соң араластыра отырып оған тамшылатып дистилденген судан баяу қосады. Суды көбірек қосқан сайын қондырғының шамы жарықтау боп жанады, сонда мұзды сірке қышқылын сұйылтқан сайын оның өткізгіштігі артады.
З тәжірибесі. Дәл сол тәжірибені аммиактың ерітіндісімен қайталайды. Суды қосқан сайын аммиак ерітіндісінің өткізгіштігі арта түседі де, қондырғының шамы жарық боп жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет