Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет38/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

рН = - lg Н+ және рОН = - lg ОН- рН + рОН = 14
рН = 7 бейтарап орта
рН  7 қышқылдық орта
рН  7 сілтілік орта
Практикада ерітінді ортасын индикаторлар көмегімен анықталады. Индикаторлар өздерінің түсін ерітінді ортасына байланысты өзгеретеді, оны төмендегі кестеден көруге болады. Мысалы, лакмус рН = 5 – қызыл түсті, рН = 8 – көк түсті

Индикатордың аталуы

Ортаға байланысты индикатор түсінің өзгеруі

Қышқылдық орта

Сілтілік орта

Бейтарап орта

Лакмус

қызыл

көк

түссіз

Фенолфталеин

түссіз

қызғылт

түссіз

Метилоранж

қызыл

сары

қызыл

Тұздардың гидролизі деп тұз иондары мен су иондары әрекеттескенде әлсіз электролит түзілуі нәтижесінде ерітіндідегі сутегі және гидроксид иондарының концентрацияларының өзгеру арқылы жүретін реакцияны айтады.


CH3COO- + HOH  CH3COOH + OH- рН  7
Әр бір тұзды қышқыл мен негіз әрекеттескенде түзілген зат деп қарастыруға болады. Осыған байланысты гидролиздің төрт типін бөледі.
1) әлсіз қышқыл және күшті негізбен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз анион бойныша жүреді.
CH3COO- + HOH  CH3COOH + OH- рН  7
Ерітінді ортасы сілтілік болады.
Егер анион көп зарядты болса, онда гидролиз сатылап жүреді. Бірінші сатыда қышқыл тұз және негіз түзіледі.
SO32- + HOH  HSO32- + OH-
Екінші сатыда түзілген қышқыл тұз әрі қарай гидролизденеді.
HSO32- + НОН  OH- + H2SO3
2) әлсіз негіз және күшті қышқылмен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз катион бойынша жүреді.
NH4+ + HOH  NH4OH + H+ рН  7
Егер катион көп зарядты болса, гидролиз сатылап жүреді. Бірінші сатыда негіз тұз және қышқыл түзіледі.
Fe2+ + HOH  (FeOH)+ + H+
Түзілген негіз тұз әрі қарай гидролизденеді.
(FeOH)+ + НОН  Fe(OH)2 + H+
3) әлсіз негіз және әлсіз қышқылмен түзілген тұз гидролизі. Гидролиз катион және анион бойынша жүреді.
СH3COONH4 + H2O  CH3COOH + NH4OH
СH3COO- + NH4+ + H2O  CH3COOH + NH4OH
Ерітінді ортасы түзілген қышқылдың және негіздің күшіне байланысты.
Егер гидролиз нәтижесінде газ немесе тұнба түзілсе гидролиз қайтымсыз жүреді. Мысалы, Al2S3, Cr2S3
Al2S3 + 6H2O  2Al(OH)3  + 3H2S
4) күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мысалы, NaCl, Na2SO4 т.б.
Гидролизді сандық жағынан гидролиздену дәрежесімен hг және гидролиздену константасымен Кг сипаттайды.
Гидролиз константасы.


Кг – гидролиз константасы
Кқыш – гидролиз нәтижесінде түзілген қышқылдың диссоциациялану константасы
Гидролиздену дәрежесі – гидролизденген молекулалар санының жалпы молекула санына қатынасы.

Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторлар:
1) температура (температура жлоғарлаған сайын гидролиз жоғарлайды);
2) тұздың концентрациясы;
3) тұздың табиғаты (неғұрлым гидролиз нәтижесінде түзілген қышқылдың немесе негіздің күші әлсіз болса, соғұрлым гидролиз күшті жүреді)
Тұздар гидролизі – жалпы гидролиз ұғымының бір мысалы. Гидролиз деп әр түрлі заттардың сумен алмасып, ыдырауын айтады. Ағаш гидролизі арқылы этил спирті, глюкоза, фурфурол, скипидар, метил спирті т.б. заттар алынады. Тұз гидролизін суды тазарту үшін пайдаланады. Тірі организмде полисахаридтердің, белоктардың т.б. органикалық заттардың гидролизі үздіксіз жүріп жатады.
Буферлік ерітінділер – бұл жүйедегі тепе-теңдікті ығыстыратын шамамен мөлшердегі заттарды қосқанда, сондай-ақ сұйылтқанда немесе концентрлегенде аз өзгеретін, сутегі (гидроксид) иондарының концентрациясы тұрақты ерітінділер.
Буферлік ерітінділер құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
1. әлсіз ыдырайтын қышқыл + осы қышқылдың күшті негізбен түзетін тұзы (бикарбонатты буферлік жүйе )
2. әлсіз негіз + осы негіздің күшті қышқылмен түзетін тұзы (аммонийлі буферлік жүйе )
3. ( )
4. амфотерлі ( )
Буферлік ерітінділердің негізгі қасиеттерінің қатарына, олардың буферлік сыйымдылығы және рН тұрақтылысы жатады.
Буферлік жүйенің рН-н белгілі бір шамаға дейін ғана бір қалыпта ұстау мүмкін. Ол ерітіндінің сыйымдылығымен анықталады. Осы буферлік сыйымдылық неғұрлым көп болса, ерітіндінің рН-ін өзгертпей, соғұрлым қышқыл мен негіздің эквиваленттік мөлшерлерін көп қосуға болады.
Буферлік сыйымдылық В 1л буферлік жүйенің сутектік көрсеткішін (рН) бір бірлікке өзгертуге қажет қышқыл мен негіздің моль санымен анықталады:

мұндағы с – 1л буферлі ерітіндіге қосылған қышқылдың немесе негіздің мөлшері;
рН1 – қышқыл немесе негіз қосылғанға дейінгі ерітіндінің рН-тың мәні;
рН2 – қышқыл немесе негіз қосылғанға кейінгі ерітіндінің рН-тың мәні
Буферлік әсер сақталынатын рН мәні аймағы буферлік әсер аймағы деп аталады, ол мына теңдікпен анықталады: рН=рК 1 мұнда рК= – lgKдисс
Қышқылдық буферлік жүйелердің рН көрсеткішін келесі формуламен есептеуге болады:

Негіздік буферлік жүйелердің рН көрсеткішін төмендегі формуламен есептеуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет