1 тәжірибе. Сутектік көрсеткішті колориметриялық әдіс арқылы анықтау Жұмыстың мақсаты: сүттің, топырақтың және электролит ерітінділердің рН мәндерін анықтау Құрал-жабдықтар:пробиркалар, колбалар, индикатор қағазы
Реактивтер: HCI, CH3COOH, NaOH және топырақ ерітіндісі, сүт, универсал индикаторы
Жұмыс барысы: Б тәжірибесі. Сүттің рН мәнін анықтау Сүттің рН көрсеткішісін анықтаудың ең қарапайым әдісі – индикаторлық универсал қағазға сүттің бір тамшысын тамызып, қағаздың бояуын байқау. Индкаторлық сынама бойынша рН мәнін анықтап, ерітіндідегі Н+ және ОН- иондардың концентрацияларын есептеңіз.
В тәжірибесі. Топырақ ерітіндісінің рН мәнін анықтау Топырақ ерітіндісінен индикаторлық универсал қағазға 2-3 тамшысын тамызып, қағаздың бояуын байқаңыз. Индкаторлық сынама бойынша рН мәнін анықтап, топырақ ерітіндісінің ортасы туралы қорытынды жасаңыз. Ерітіндідегі Н+ және ОН- иондардың концентрацияларын есептеңіз.
В тәжірибесі. Электролит ерітінділердің рН мәнін анықтау 1) Колориметриялық әдіс арқылы оқытушымен берілген тұз және сірке қышқылдардың рН мәндерін анықтап, ерітінділердің ортасы туралы қорытынды жасаңыз. Ерітінділердегі Н+ және ОН- иондардың концентрацияларын есептеңіз.
2) Колориметриялық әдіс арқылы оқытушымен берілген сілтілердің (NaOH, KOH) рН мәндерін анықтап, ерітінділердің ортасы туралы қорытынды жасаңыз. Ерітінділердегі Н+ және ОН- иондардың концентрацияларын есептеңіз.