Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет61/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

Реактивтер: (II) мыс гидроксокарбонаты
Құрал-жабдықтар: аналитикалық таразы, эксикатор, қақпақшасы бар фарфор тигель, газ шамы, фарфор үшбұрыш, фарфор келі мен сабы
Жұмыс барысы:
Фарфор тигельді үшбұрышқы орнатып, газ шамында қыздырады, сосын бөлме температурасына дейін эксикаторға салып оны суытады, суығаннан кейін таразыда өлшейді де массасын жазып алады.
Енді тигельге ұнтақталған 0,2 – 0,3г (II) мыс гидроксокарбонатын салады да, оның тигельмен бірге дәл массасын өлшеп, жазып алады. Содан кейін тұзы бар тигельді газ шамымының орташа жалында қыздырады. Қыздырылған заттың түсі қарайғанда, тигельді темір қысқыштарымен алып, эксикаторға салып қояды да, бөлме температурасына дейін суытады. Суытылған тигельді қайтадан өлшейді де, массасын жазып алады.
Келесі кезекте бақылау тәжірибені өткізеді. Ол үшін тұзы бар тигельді қайтадан 10 минут бойы қыздырады, эксикаторға салып суытады, өлшейді. Егер соңғы екі өлшеудің айырмашылықтары 0,02 граммнан аспаса, онда тұз толығымен ыдыраған екенін білдіреді. Тәжірибені аяқтауға болады.
Талдаудың протоколы:

  1. Тигельдің массасы ( г):

  2. Тұзы бар тигельдің массасы ( г):

  3. Тұздың [ ] дәл массасы (г):

  4. Қыздырылғаннан кейінгі заты бар тигельдің массасы: ( г)

  5. Қыздырылғаннан кейінгі заттың массасы:

Алынған нәтижелер бойынша негізгі заттағы ыдырау өнімнің мөлшерін анықтайды. Алынған заттың формуласын анықтап, реакция теңдеуін жазыңыз да, оның теориялық мөлшерін есептеңіз.
Өлшеудің қателігін есептеңіз:

мұндағы өлшеудің салыстырмалы қателігі (%), тәжірибе барысында алынған ыдырау өнімінің массасы ( г), ыдырау өнімінің теориялық массасы (г).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет