4. йодиданионын анықтау /хлорлы сумен реакция/ калий йодиді ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2н H2SO4 күкірт қышқылы ерітіндісін (рН=1-2 болғанша) тамшылатып қосады, содан соң бірдей көлемде хлорлы су және бірнеше тамшы толуол (немесе бензол) қосылады. Пробиркадағы ерітінділерді араластырады. Органикалық қабаттың қызғылт-күлгін түсінің (бос йодтың түзілуінен) пайда болуы ионының бар екенін дәлелдейді. Реакция теңдеуін жазыңыз.
5. нитрат анионын анықтау /дифениламинмен реакция/ Таза , құрғақ шыныға 2-3 тамшы дифениламинді (концентрлі H2SO4 –да ерітілген) тамызады, осыған шыны таяқшаның ұшымен натрий нитратының кристалдарын алып қосады. Түзілген қара-көк түс ерітіндіде ионының бар екенін көрсетеді.
6. фосфат анионын анықтау /молибденді сұйықпен реакция/ Пробиркаға 2-3 тамшы натрий фосфаты ерітіндісін алып, оған 8-10 тамшы молибденді сұйықтан қосып, пробирканы су моншасында қыздырады. Ерітіндіде сары кристалды тұнбаның пайда болуы онда ионының бар екенін көрсетеді.