Жұмыс мақсаттары: титрлеу әдістерімен танысу, титриметриялық анализде қолданатын ыдыстармен танысып, олармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
1 тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі Реактивтер: 0,1н HCl ерітіндісі немесе фиксанал, 1л 0,1н бураның стандартты ерітіндісі, метилоранж индикаторы.
Құрал-жабдықтар:аналитикалық таразы, бюретка, пипетка, конус тәріздес колбалар, көлемі 1л дөңгелек өлшеуіш колбалар.
Жұмыс барысы: Тұз қышқылы ерітіндісінің нормальдік концентрациясы мен титрін біріншілік стандартты ерітінділер арқылы анықтайды. Бұл жұмыста стандартты ерітінді ретінде бура немесе сода ерітінділері қолданады.
1) Көлемі 1л 0,1н бураның стандартты ерітіндісін дайындау үшін алынатын бураның таза массасын есептейміз:
2) Есептелген бураның массасын аналитикалық таразыда (0,0001г дәлдікпен) өлшеп, өлшендіні көлемі 1л дөңгелек өлшеуіш колбаға ерітіп, ерітіндісін дайындау.
3) Бюретканы дайындау – ол үшін бюретканы бірнеше рет жай сумен, сосын дистелденген сумен, содан соң тұз қышқылының ерітіндісімен шаю керек. Енді бюретканы тұз қышқылының жұмысшы ерітіндісімен толтырады.
4) Титрлеуге арналған конус тәріздес колбаға, пипетка арқылы, бура ерітіндісінен 10мл өлшеп құйяды да үстіне 1 – 2 тамшы метилоранж индикаторынан тамызады, нәтижесінде колбадағы ерітінді сары түске боялады. Содан соң оны бюреткаға құйылған тұз қышқылының жұмысшы ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді. Титрлеуді 3 рет қайталайды.
Талдау протоколы: Титрлеуге алынған бура ерітіндісінің көлемі: