Мор әдісі галидтердің (Cl2, I2, Br2) күміс катиондарымен тұнбаға түсетін мүлдем ерімейтін галогенид-тұздарын түзу реакцияларына негізделген. Жұмысшы титрленген ерітіндісі – AgNO3 болып табылады. Титрлеудің аяқталу кезеңін байқау үшін индикатор ретінде – K2CrO4 ерітіндісі қолданады. Анализденетін ерітіндіге калий хроматының ерітіндісі қосылып, күміс нитраты ерітіндісімен титрленеді:
Фольгард әдісісуда ерімейтін ақ түсті күміс роданидінің AgCNS тұнбасының түзілу реакцияларына негізделген. Жұмысшы ерітінділер ретінде AgNO3,, KCNS немесе NH4CNS, ал индикатор ретінде темір-аммиакатты ашу тастарының қаныққан ерітіндісі қолданады. Фольгард әдісін кері титрлеу жолымен өткізеді.
Фаянс әдісі галогенидтерді және роданидтерді адсорбциялық қасиетке ие болатын флуоресцеин индикатордың қатысуында анықтауға негізделген. Флуоресцеин галогенид тұздардың тұнбаларына адсорбцияланып (сіңіріліп) өз бояуын өзгертеді.