Титриметриялық (көлемдік) анализ химиялық реакцияға кіріскен заттардың ерітінділерінің көлемдерін тікелей өлшеуге негізделген. Бұл әдіс клиникалық және тазалық гигиеналық зертханаларда қанды, асқазан сөлін, несепті (мочевина), ас тағамдарын, ішетін және қалдық суларын талдауға кеңінен қолданады.
Титриметриялық анализ есептеулері эквиваленттер заңына негізделген:
Нормальдік концентарциялары өзара тең ерітінділердің әрекеттесетін көлемдері де бірдей болады, яғни
Ерітінділердің нормальдік концентрациялары әртүрлі болса, онда сол ерітінділердің өзара әрекеттесетін көлемдерінің қатынасы олардың нормальдік концентрацияларының қатынасына кері пропорционал болады, яғни сонда
Титриметриялық анализде нормальдік концентрациялары белгілі болатын ерітінділер қолданады, оларды титрленген ерітінділер (титранттар) деп атайды. Титрленген ерітінділерді стандартты және стандартталған деп екіге бөледі:
1) Стандартты (біріншілік немесе даярланған) ерітінділерді заттың нақты өлшендісінен дайындайды. Заттың дәл өлшенген мөлшерінен ерітілген титрленген ерітіндіні стандартты деп атайды. Стандартты ерітіндіні дайындау үшін алынатын химиялық затқа келесі талаптар қойылады: а) зат химиялық таза, б) затты сақтағанда және бос күйінде тұрақты, в) заттың құрамы белгілі химиялық формулаға сәйкес болу керек, г) заттың эквиваленттік массасы үлкен болғаны жөн. Мысалы келесі заттардан стандартты ерітінді дайындауға болады: бура ( ), сода ( ), қымыздық қышқылы ( ).
2) Дәл концентрациясы нақты өлшенген мөлшерінен емес, басқа стандартты ерітінді бойынша анықталатын титрант ерітіндісін стандартталған (екіншілік немесе анықталған) деп аталады. Мысалы қышқылдар мен сілтілердің ерітінділері стандартталған болып келеді.
3) Кейде анализде титрант ерітінділерін фиксаналдардан немесе стандарт-титрден дайындайды. Фиксанал дегеніміз көлемі 1л 0,1н немесе 0,01н ерітіндіні дайындауға арналған шыны ампула.
Көптеген химиялық және биохимиялық анализдерді титрлеу жолымен жүзеге асырады. Титрлеу дегеніміз анықталатын заттың ерітіндісінің өлшенген көлеміне концентрациясы нақты берілген реагенетті тамшылатып құю процессі. Титрлеуді бюретка құралымен жүргізеді. Бюретка деп ерітінділерді аз мөлшерде тамшымен құйып алу үшін, жоғары бөлігінде нөлдік белгісі бар, көлемі бойынша градуирленген шыны түтікшілерді айтады.
Ерітіндіде титранттың мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне эквиваленттік шамаға дейін жетсе, онда реакция аяқталады. Титриметрияда реакцияның аяқталу кезеңі немесе титрлеудің соңы эквиваленттік нүкте (ЭН) деп аталады. Практика жүзінде эквиваленттік нүктені бақылап алуға өте қиын, сондықтан анализді титрлеудің соңғы нүктесінде (ТСН) аяқтайды, себебі ТСН ЭН.
Көбісінде титрлеудің эквиваленттік нүктесін титрленетін ерітіндіге қосылған индикатордың бояуының өзгеруімен анықтайды. Сонымен, титрлеудің соңғы нүктесін келесі жолдармен бақылауға болады:
1) Визуалдық тәсілімен:
Индикатор көмегімен (метилоранж, фенолфталеин, лакмус, крахмал)
Индикаторсыз жолмен (калий перманганаты, йод ерітіндісі)
2) Физика-химиялық индикациялау тәсілімен (инструменталды жолы) приборлар көмегімен бақылауға болады (электроөткізгіштік, потенциалдар айырмасы).
Титрлеу әдістерін жүргізу жолдарына байланысты 3 топқа жіктеуге болады – тура, кері және орын басу (жанама) титрлеу:
тура титрлеуде анықталатын заттың ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндісімен титрлейді;
кері титрлеу кезінде зерттелетін ерітіндіге бұрынан белгілі концентрациясы нақты, анықталатын заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші заттың ерітіндісінің артық мөлшерін қосып, сол ерітіндінің қалған артық мөлшерін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлейді;
жанама немесе орынбасу титрлеу кезінде анықталатын зат ерітіндісіне арнайы реагенттің артық мөлшері қосылып, нәтижесінде анықталатын заттың эквиваленттік мөлшеріне сәйкес, алынған өнімдерінің біреуін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлеп алады.
Титриметриялық анализдің әдістерінің жіктелуі олардың негізінде жататын реакцияларының түріне байланысты болады:
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістің негізінде протонның алмасуымен жүретін, яғни бейтараптану реакциялары жатыр. Бұл әдісте екі титрант ерітінділері қолдану мүмкін, қышқыл не сілті ерітінділері.
Егер зерттелетін заттың мөлшері қышқылдың стандартталған ерітіндісімен титрленіп анықталатын болса, бұл әдіс ацидиметрия деп аталады. Ацидиметрия әдісімен сілтілердің және гидролиз кезінде сілтілік орта (pH>7) көрсететін тұздардың мөлшерлерін және олардың ерітінділерінің концентрацияларын анықтайды.
Егер зерттелетін заттың мөлшері сілтінің стандартталған ерітіндісімен титрленіп анықталатын болса, бұл әдіс алкалиметрия деп аталады. Алкалиметрия әдісі арқылы қышқылдардың және гидролиз кезінде қышқылдық орта (pH<7) көрсететін тұздардың мөлшерлерін және олардың ерітінділерінің концентрацияларын анықтайды.
Қышқылдық-негіздік титрлеудің эквиваленттік нүктесін индикаторлар көмегімен анықтайды. Қышқылдық-негіздік индикаторлар дегеніміз молекулалық және диссоциацияланған түрдегі бояулары әртүрлі болып келетін күрделі ограникалық қышқылдар мен негіздер.
Электронның тасымалдануымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген титриметия әдісі редоксиметрия (оксиметрия) деп аталады. Бұл әдістер алынған титранттың атауы бойынша жіктеленеді, олардың ішінде маңыздылары:
титрант перманганатометрия
Редоксиметрия әдістерін тура, кері және жанама титрлеу жолдарымен өткізуге болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістерінде редокс-индикаторлар қолданады. Редокс-индикаторлар дегеніміз жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалының шамасына тәуелді өз бояуларын өзгертетін заттар.
Тұндырып титрлеу әдісі анықталатын ионды нашар немесе мүлдем ермейтін қосылыс түрінде тұндыру реакцияларына негізделген. Бұл реакциялар бөлме температурасында тез және қайтымсыз өткен жөн. Реакцияның аяқталу кезеңін не тұнбаның түзілуінің аяқталумен не индикаторлармен анықтайды. Бұл анализдің нәтижесінде күмістің не (I) сынаптың галогендермен не басқа аниондармен нашар еритін қосылыстарды түзу реакциялары қолданады: AgCl, AgBr, AgI, AgCNS, Hg2Cl2, Hg2Br2, Hg2I2, Hg2(CNS)2. Бұл әдістер аргентометрия және меркурометрия деп аталады.
Тұндырып титрлеу әдістерінің ішінен жиі аргентометрия және меркурометрия, роданидометрия және тиоцианометрия әдістері қолданады.