Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет73/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
Меркурометрия әдісі (I) сынаптың галогендермен және басқа да аниондармен нашар еритін қосылыстарды түзу реакцияларына негізделген:

Меркуриметрияда титрант ретінде (I) сынаптың нитрат ерітіндісі қолданады.
Тиоцианатометрия әдісі және катиондарын тиоцианат ионымен тұнбаға түсіруге негізделген:
немесе
Анализ үшін калий немесе аммоний тиоцианатының (KCNS, NH4CNS) жұмысшы ерітінділері қолданады. Титрлеуді аргенто- және меркуриметрия әдістерінде көрсетілгендей жағдайларда өткізеді.
Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу реакцияларына негізделген. Кейде комплекстің орынан хелаттар түзіледі, сондықтан бұл әдісті хелатометрия деп те атайды.
Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды – комплексондар деп атайды. Комплексондар аминополикарбон қышқылдарының туындылары болып табылады. Комплексонометриялық титрлеуде үш түрлі комплекон қолданады:

  1. Комплексон I – үшнитрилсірке қышқылы




  1. Комплекон II – этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТУ, )

  2. Комплексон III – этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы (ЭДТА, Трилон Б, )

Ең жиі қолданатын комплексон Трилон Б. Ол көптеген металл катиондарымен ішкі комплексті қосылыстарды (хелаттарды) түзеді:



Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені анықтау үшін комплекс түзе алатын арнайы индикаторлар (металлохромды индикаторлар) қолданады. Олар анықталатын катионмен боялған комплексті түзе алатын органикалық бояғыштар болып табылады. Металл катионы мен индикатордың комплексі катион-Трилон Б комплексіне қарағанда әлсіздеу болады, сонда титрлеу кезінде металл катиондары индикатордан комплексонға өтеді де, нәтижесінде бос күйінде түсті индикатор бөлініп шығады.
Қазіргі кезде жиі қолданатын металохромды индикаторлар бұл арнайы эриохром қара ( -диазобояғыш ) және мурексид .
Арнайы эриохром қара ET-00 (арнайы хромоген қара) индикатордың анионы сілтілік ортада анық көк түске ие болады. Екі валентті металл катиондарымен ол шарап қызыл түсті комплекстерді түзеді:

көк шарап қызыл

шарап қызыл түссіз түссіз көк

Хромоген қара индикаторы ерітіндінің рН мәніне қарай үш түрлі боялған формада бола алады: pH<6 болғанда ол металл катиондарымен шарап қызыл түсті комплекс береді, pH=8-12 аралығында ол көкшіл жасыл түсе болады, ал pH>12 болғанда қызғылт сары түске ие боалды. Эриохром қара индикаторымен келесі металдарды анықтауға болады:


Мурексид пурпур қышқылының аммонийлі тұзы, индикатордың анионы сілтілік ортада көкшіл күлгін түске ие болады, ал металл катиондарымен қызық (пурпур) түсті комплекс түзеді:

көкшіл қызыл
күлгін

қызыл түссіз түссіз көкшіл күлгін

Мурексид көбісінде тек кальций катионын анықтау үшін қолданады, титрлеуді күшті сілтік ортада өткізген жөн (рН=12). Келесі металл катиондарымен ол сары түсті комплекс түзеді:


Комплеконометриялық титрлеу әдісін құймалар мен шлактардың құрамындағы металдардың мөлшерін және әртүрлі қосымша заттарды анықтауда, судың құрамында металдардың мөлшерін және сапасын анықтауда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет