Тәжірибе. Судың жалпы кермектілігін анықтау. Титрлеуге арналған колбаға 20мл шикі су құйып, үстіне 1мл аммиакты буферлік ерітіндіcін қосады. Бұл ерітіндіге шарапты-қызыл түс пайда болғанша қара хромоген индикаторының ерітіндісін тамызады да, оны 0,05н трилон Б ерітіндісімен титрлейді. Ерітінді көк түске боялғанда титрлеуді аяқтайды. Титрлеуді 3 рет өткізеді.
Талдаудың протоколы: 1. Титрлеуге алынған судың көлемі Vсу=20мл
2. Титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі: V1 V2 V3 3. Тирлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің орташа көлемі Vорт
4. Қосымша берілгені:
Судың жалпы кермектілігін келесі формула арқылы есептейді: