1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу Жұмыстың мақсаты: коллоидтық ерітінділерді алу әдістерімен танысу, мицеллаларының зарядтарын анықтау А тәжірибесі. Гидролиз реакциясы бойынша темір (III) гидроксидінің золін алу Реактивтер және құрал-жабдықтар: темір (III) хлоридінің 2%-ті ерітіндісі, дистилденген су, пробиркалар, спирт шамы
Жұмыс барысы: Пробиркаға 10мл су құйып, оны қайнағанша қыздырып, үстіне 2 – 3 тамшы темір хлоридінің ерітіндісін тамызады. Содан соң пробирканы тағы 2–3 минут қыздырыңыз. Жоғарғы температураның әсерінен темір хлоридінің гидролиз реакциясы темір гидроксидінің түзілу жағына ығысады.
FeCl3 + 3HOH = Fe(OH)3 + 3HCl
Қорытынды: Ерітіндіде қандай өзгеріс байқалады? Реакция теңдеуін молекулалыө, толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған темір гидроксидінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.
Б тәжірибесі.Тотықсыздану реакциясы бойынша күмістің золін алу