Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет77/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
2 тәжірибесі. Комплекcонометриялық титрлеу
Реактивтер: трилон Б, дистеленген су, магний оксиды, концентрлі тұз қышқылы, аммоний хлориді, аммиактың концентрленген ерітіндісі, хромоген қара индикаторы, натрий хлориды, сүт, 10 мл 9 н натрий гидроксидінің ерітіндісі, мурексид.
Құрал-жабдықтар: бюретка, 250 мл конусты колбалар, таразы, шыны таяқшысы, фильтр қағазы, воронка, цилиндр, өлшеуіш колбалар мен пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы:
Көбісінде талдау үшін 0,1н немесе 0,05н трилон Б ерітіндісін қолданады. 1л 0,05н трилон Б ерітіндісін дайындау үшін таразыда 18,61г (ч.д.а.) затты өлшейді де, көлемі 1л өлшеуіш колбада дистелденген сумен ерітеді.
Алынған трилон Б ерітіндісінің нормальділігі мен титрін 0,1н MgCl2 ертіндісі арқылы анықтайды. 1л 0,1н магний хлориды ерітіндісін дайындау үшін аналитикалық таразыда дәл 4,032г магний оксидін өлшеп, көлемі 1л өлшеуіш колбада 20 мл концентрлі тұз қышқылымен ерітеді де, дистелденген сумен сұйылтады.
Титрлеудың басында конусты колбаға 25мл 0,1н магний хлориді ерітіндісін құйып, оған 10мл аммиакты буферлік ерітіндісін және 0,2-0,3г қара эриохром мен натрий хлориды қоспасын қосады да, 100 мл-ге дейін дистелденген сумен сұйылтады. Магний мен индикатордың ішкікомплекстік қосылыс түзу нәтижесінде алынған ерітінді қызғылт-күлгін түске боялады. Ерітіндіні 600-700С температураға дейін қыздырыңыз. Бюретканы трилон Б ерітіндісімен толтырады да, магний хлориді ерітіндісін титрлейді. Титрленген ерітінді көкшіл-жасыл түске боялғанда титрлеуді аяқтайды. Титрлеуді 3 рет өткізеді.
Талдаудың протоколы:
1. Магний хлориді ерітіндісінің көлемі
2. Магний хлориді ерітіндісінің нормальдік концентрациясы
3. Титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі: V1 V2 V3
4. Тирлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің орташа көлемі Vорт
5. Қосымша берілгені: ЭТр.Б.= 372,2 г/моль
Талдаудың есептеулері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет