Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет91/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,1%-ті калий гексацианоферраты (II) K4[Fe(CN)6], 1%-ті мыс сульфаты CuSO4 ерітінділері
Жұмыс барысы:
Пробиркаға 3 – 4 мл калий гексацианоферраты ерітіндісін құйып, үстіне 1 – 2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін тамызу. Нәтижесінде қызғылт-қоңыр түсті мыстың гексацианоферратының зольі түзіледі.
K4[Fe(CN)6] + 2CuSO4 = Cu2[Fe(CN)6] + 2K2SO4
Қорытынды: Реакция теңдеуін толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған золь мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.


2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
Жұмыстың мақсаты: мицеллаларының зарядтарын анықтау
Реактивтер және құрал-жабдықтар: жоғарыда көрсетілген тәжірибелердегі алынған коллоидтық ерітінділер, фильтр қағаздары, микропипеткалар
Жұмыс барысы:
Қағаз капиллярларының целлюлоздық қабырғалары теріс зарядталған, ал қағазға сіңіретін су молекулалары  оң зарядталған. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасына қарай олар қағаз капиллярларының қабырғаларында адсорбцияланады немесе сол қағазға сіңіретін судың құрамында қалып қояды. Сонымен, боялған зольдің тамшысы, оның бөлшегінің зарядына қарай, қағаздың ортасында боялған, ал шеттерінде түссіз дақ ретінде немесе біртекті боялған дақ ретінде таралуы мүмкін (10-сурет).

10-сурет. Коллоидтық бөлшектердің зарядтарын анықтау әдісі


1 тәжірибеде алынған коллоидтық ерітінділерінен пипетка арқылы фильтр қағаздың ортасына бір тамшыдан тамызып, олардың қағаз бойымен таралуын байқаңыз да, бөлшектерінің зарядтарын анықтаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет