Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
Оқу-әдістемелік кешен «Аналитикалық. физикалық және коллоидтық химия» курсының оқу бағдарламасына сәйкес ветеринария бағыты бойынша оқитын мамандықтары үшін құрастырылған: 5В120100 – ветериналық медицина, 5В120200 – ветериналық санитария.
Аналитикалық. физикалық және коллоидтық химия курсын ауыл шаруашылық мамандарын дайындауда маңызы зор. Бұл курс физиология, микробиология, морфология, биохимия сияқты пәндерді түсіну үшін теориялық негіз болып табылады. Ал талдаудың физика-химиялық әдістермен танысу кейбір өндірістік мәселелерді шешуге қолданылады. Сонымен қатар, аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия курсы студенттердің ғылыми көзқарастарының кең болып қалыптасуына үлкен материал береді.
Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия курсы үш пәннен құралған: аналитикалық химия, физикалық химия және коллоидтық химия. Аналитикалық химия пәні заттардың сапалық және сандық құрамын анықтаудың әдістерін қарастырады. Физикалық химия заттың құрылысын, химиялық процестердің жүйедегі тепе-теңдік жағдайы мен оның бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін, химиялық реакция жылдамдығының уақытқа байланысты өзгеруін, шынайы ерітінділердің түзілуін және қасиеттерін, электр және химиялық энергиялардың өзара ауысу заңдылықтары сияқты мәселелерді қарастырады. Коллоидтық химия беттік құбылыстарды және дисперстік жүйелердің түрлерін, олардың түзілуі мен қасиеттерін зерттейді.
Студеттердің негізгі жұмыс істеу формасы – әдебиетпен өздік жұмысы. Пәнді оқып бастағанда студент силлабуспен танысады. Әрі қарай силлабуста көрсетілген әдебиет бойынша және әдістемелік нұсқаулар көмегімен жеке бөлімдерді терең оқуы керек. Оқу барысында негізгі заңдар мен заңдылықтардың анықтамаларын, теңдеулердің қорытындыларын міндетті түрде конспектілеп және кейбір тәуелділіктерді графиктер арқылы көрсетіп отыру керек.
Студент әр тақырыпты оқып бітірген соң, өзін бақылау үшін оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген теориялық сұрақтарға жауап беру және типтік есептерді шығару қажет. Тек содан соң, ол зертханалық жұмыстың орындауына кірісуіне болады. Өзін бақылауға арналған сұрақтар емтихандық тесттердің негізін құрайды. Егер кейбір сұрақтар мен есептер қиындықтарды туғызатын болса, студент СОӨЖ сабағында оқытушыдан (ауызша немесе жазбаша түрде) кеңес алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |