Аналитикалық химия


Өздігінен есептеуге арналған есептер



бет26/58
Дата06.07.2018
өлшемі0,96 Mb.
#48122
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58

Өздігінен есептеуге арналған есептер


  1. 250,0 мл. NaOH ерітіндісінде осы заттың 10,00 г бар. Осы ерітіндінің титрі неге тең болады?

  2. 1 литрінде келесі заттар бар ерітінділердің нормалдығы неге тең: а) 4,0106 г HCl; б) 4,8059 г H2SO4 ?

  3. Титрі 0,003592 г/мл болатын HCl ерітіндісінің нормалдығын табу қажет.

  4. 0,1205 н. H2SO4 ерітіндісінің титрі неге тең болады?

  5. 200 мл 0,0900 н. калий гидроксидінің ерітіндісінде қанша грамм КОН бар?

  6. 20 мл HNO3 ерітіндісін титрлеуге 15 мл 0,1200 н. NaOH ерітіндісі жұмсалды. Азот қышқылы ерітіндісінің нормалдығы мен титрі неге тең болады?

  7. 25,00 мл H2SO4 ерітіндісін титрлеуге 22,50 мл 0,0950 н. КОН ерітіндісі жұмсалды. 5 л күкірт қышқылының осы ерітіндісінде қанша грамм H2SO4 бар?

  8. а) 1,8909 г қымыздық қышқылының Н2С2О4·2Н2О х.т. өлшендісінде; б) 20 мл 0,12 н. NaOH ерітіндісінде қанша грамм-эквивалент бар?

  9. а) 0,4240 г Na2CO3 х.т. өлшендісінде; б) 50 мл 0,20 н. H2SO4 ерітіндісінде қанша миллиграмм-эквивалент бар?

  10. 0,1560 г х.т. (екінегізді) янтарь қышқылының өлшендісін титрлеуге 26,00 мл КОН жұмсалды. Калий гидроксидінің ерітіндісінің нормалдығы мен титрі неге тең?

11) Судың еркін көлемінде ерітілген қымыздық қышқылының 0,1500 г өлшендісін титрлеу үшін 25,60 мл 0,0900 н. КОН ерітіндісі жұмсалды. Қымыздық қышқылының берілген препаратында Н2С2О4•2Н2О-нің қанша пайызы бар?

12) 0,0340 г AgNO3-ті титрлеу үшін 20,00мл HCl ерітіндісі жұмсалды. ТHCl/Ag табу қажет.

13) 0,1144 г СаСO3-ті титрлеу үшін 27,65мл HCl ерітіндісі жұмсалды. ТHCl/СаО табу қажет. (12-ші есепті қара).

14) Массасы 0,2000 г болатын MgSO4 ∙ 7H2O өлшендісін еріткеннен кейін магнийді 14,64 мл 0,05500М ЭДТА ерітіндісімен титрледі. MgSO4 ∙ 7H2O өлшендісіндегі индифферентті қоспалардың массалық үлесін (%) анықтау қажет.



15) Массасы 0,2000 г болатын руда өлшендісінен алынған FeCl2 ерітіндісін титрлеуге титрі =0,006500 г/мл болатын 20,00 мл бихромат ерітіндісі жұмсалды. Рудада қанша пайыз темір бар?

16) а) Ba(OH)бойынша; б) NHбойынша; в) N2 бойынша 0,09000 н. күкірт қышқылының титрлері неге тең?

17) Титрлеуге 20-30 мл 0,1 н. H2SO4 ерітіндісін жұмсау үшін соданың Na2CO3 қанша грамм өлшендісін алу қажет?

18) 20,00 мл 0,0300 н. FeSO4 ерітіндісін титрлеу үшін 0,0200 н. KMnO4 ерітіндісінің қанша мл-і қажет?

19) Массасы 0,6500 г болатын қорытпа өлшендісін ерітіп, бөгет жасайтын элементтерді құрамынан шығарғаннан кейін, ерітінді көлемін 250,00 мл-ге жеткізді, осы ерітіндінің 20,00 мл-не Na2MgЭДТА қосты және 15,18 мл 0,05023 М ЭДТА ерітіндісімен титрледі. Қорытпадағы алюминийдің массалық үлесін (%) анықтау қажет.



20) Тығыздығы 1,396 г/смболатын 40%-ды CaClерітіндісінің нормалдығы неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет