74) 0,91 н. HCl ерітіндісін 0,01н. NaOH ерітіндісімен бромфенолды көктің (рТ=3,8)қатысуында титрлеуге бола ма?
75) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,1 н. NaOH ерітіндісін 0,1 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігі қанша болады?
76) Тимолфталеиннің (pТ=10) қатысуында 0,1н. NaOH ерітіндісін 0,1 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
77) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,2 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
78) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,1 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
79) Крезолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,2 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен дәл титрлеуге бола ма?
80) Метилоранждың (pТ=4) қатысуында 0,01 н. NHерітіндісін 0,01 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
81)Фенолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,01 н. NHерітіндісін 0,01 н. HCl ерітіндісімен титрлеуге бола ма?
82)Титрлеуге 22,00 мл HCl (T=0,003514) ерітіндісін жұмсау үшін қанша NaOH өлшендісін алу қажет?
83) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада техникалық бураның 2,0712 г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 20,00мл-ін титрлеуге 21,80 мл HCl (T=0,003974) жұмсалды. Өлшендідегі х.т. NaBO· 10 HO пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
84) Құрамында 3,1580 г техникалық КОН бар ерітіндіні титрлеуге 27,45 мл HCl (T=0,07862) ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі КОН-тың пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
85) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада белгісіз заттың 2,000г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге 20,00 мл 0,4455 н. HCl жұмсалды. Талданатын заттың құрамында КОН немесе NaOH бар екенін анықтау қажет.
86) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада техникалық натрий гидрототығының 0,3251г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге фенолфталеиннің қатысуында 18,40 мл, метил оранждың қатысуында 18,80 мл 0,1000 н. HCl жұмсалды. Үлгідегі NaOH-тың пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
87) 25,00мл үлгідегі күміс иондарын Ni(CN)4 2- артық мөлшерін қосып цианидті кешенге байланыстырды. Бөлінген никель иондарын титрлеуге 43,70 мл 0,0240 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Үлгі ерітіндісіндегі күмістің концентрациясын (г/л) есептеу қажет. Мол. масса (Ag) 107.86.
88) Қышқылдың артық мөлшерін титрлеу үшін 19,50мл NaOH (T=0,002910) ерітіндісі жұмсалуы үшін, массасы 0,1234 г CaCO өлшендісін тұз қышқылының HCl (T=0,003814) қандай көлемінде еріту қажет?
89) 150,0мл жеміс шырынынан монохлорсірке қышқылын ClCH2COOH күкірт қышқылымен қышқылдандырғаннан кейін диэтилэфирімен экстракциялады. Сонан соң қышқылды NaOH-пен реэкстрагирледі. Алынған ерітіндіні қышқылдандырғаннан кейін оған 40,00 мл 0,0489 М AgNO3 ерітіндісі қосылды. AgNO3-тің артық мөлшерін 0,0515 М NH4SCN ерітіндісінің 18,70 мл-ін жұмсап титрледі. 500,0мл жеміс шырынындағы ClCH2COOH-тің (мол. масса 94,45) мг-мен алғандағы мөлшерін анықтау қажет.
90) Құрамында Na2CO3 және NaHCO3 бар 0,5000 г қоспаға 25,00 мл HCl (T=0,004000) ерітіндісін қосты. Қышқылдың артық мөлшерін титрлеуге 15,00 мл NaOH (T=0,002000) ерітіндісі жұмсалды. Na2CO3 -тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
91) 25мл Н2S ерітіндісіне 50,00 мл 0,01960 н. J2 (fэкв=1/2) ерітіндісін қосты және иодтың артық мөлшерін 11,00 мл 0,02040 н. Na2S2O3 (fэкв=1) ерітіндісімен титрледі. Ерітіндідегі Н2S-тің концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
92) Кобальтты никельдің қатысуында анықтауға қажетті зерттелетін ерітінді сірке қышқылымен және KNO2 ерітіндісімен өңделді. K3Co(NO2)6 түзілген тұнбасы сүзілді, жуылды және 50,00 мл 0,09950 н. KMnO4 (f экв= 1/5) ерітіндісінде ерітілді. Сонан соң, 20,00 мл 0,1040 н. FeSO4 ерітіндісі қосылды, оның қалдығы 11,65 мл 0,009950 н. KMnO4 (f экв= 1/5) ерітіндісімен титрленді. Тұнбаның еру реакциясының теңдеуін жазу және алғашқы ерітіндідегі кобальттың массасын есептеу қажет.
93) 5,0000 г пергидроль өлшендісі сыйымдылығы 50,00мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге 37,43 мл 0,1 н. KMnO4 (fэкв = 1/5, К=1,1240) жұмсалды. Үлгідегі H2O2-нің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
94) Құрамында 99,98% Fe бар 1,000г үлгі өлшендісі ауаның қатысуынсыз H2SO4-те ерітілді және 0,1000н. KMnO4 (fэкв = 1/5) ерітіндісімен титрленді. Титрлеуге қанша мл KMnO4 жұмсалды?
95) Құрамында натрий фенобарбиталаты бар массасы 0,2438г үлгі өлшендісі қыздыру кезінде NaOH ерітіндісінде ерітілді. Фенобарбиталатты санды түрде тұндыру үшін сірке қышқылымен қышқылдағаннан кейін 25,00 мл 0,0203 М Hg(ClO4)2 ерітіндісі еңгізілді. Тұнба сүзіп алынды, сүзінді 250,0 мл-ге дейін сұйылтылды. 50,00мл сүзіндіге MgY2- ерітіндісінің артық мөлшері қосылды. Реакция бойынша Hg2+ + MgY2- = Mg2+ + HgY2- бөлінген магний иондары рН 10,0 кезінде 0,0121 М ЭДТА ерітіндісімен тирленді. Титрлеуге 5,89мл ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі азоттың(N) және NaC12H11N2O3 массалық үлестерін (%) есептеу қажет. Мол. масса (N) 14.01; (NaC12H11N2O3 ) 253,99.
96) 10мл NiCl2 ерітіндісіне дистильденген су, буферлік ерітінді және 20,00 мл 0,01085 М ЭДТА ерітіндісі қосылды. ЭДТА-ның артық мөлшері 0,01292 М MgCl2 ерітіндісімен тирленді. Титрлеуге 5,47 мл MgCl2 ерітіндісі жұмсалды. NiCl2 ерітіндісінің бастапқы концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
97) Сөндірілмеген әкті нейтралдауға титрі 0,007300 болатын 20,00мл HCl ерітіндісі жұмсалуы үшін құрамында 90% СаО және 10% индифферентті қоспалар бар сөндірімеген әктің қанша өлшендісін алу қажет?
98) Құрамында галий (ІІІ) бар массасы 0,1500г талданатын сынама өлшендісін еріткеннен кейін алынған ерітіндіге рН 10,00 болатын буферлік ерітінді және MgY2- артық мөлшері қосылды. Бөлінген Mg-ді(II) эриохром қараның Т қатысуында титрлеуге 5,91 мл 0,0701 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Өлшендідегі галлийдің массалық үлесін (%) есептеу қажет. Галлийдің молекулалық массасы 69,72.
99) Құрамында пиридин бар 10,00мл ерітіндіге CdCl2-нің спиртті ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнба Cd(C5H5N)2Cl2 сүзілді, ерітілді және аммиакты буферлік ерітіндідегі эриохром қараның Т қатысуында 15,25 мл 0,01 М ЭДТА ерітіндісімен титрленді. Бастапқы ерітіндідегі пиридиннің концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
100) Кальций және барий карбонаттарынан тұратын массасы 0,2140г қоспаны бейтараптауға 15 мл 0,2 М HCl ерітіндісі жұмсалды. Қоспадағы СаСО3 және ВаСО3 массалық үлестерін (%) есептеу қажет.
Задачи
101) Хром триоксидінің 0,0921 г өлшендісі ерітілді, KI-пен өңделді және бөлінген йод Т(Na2S2О3) = 0,01354 г/см3 болатын 23,75 см3 натрий тиосульфатымен титрленді. Үлгідегі СrО3-тің пайызбен алынған мөлшерін анықтау қажет
102) Қорытпаның 1,0000 г өлшендісі ерітілгеннен кейін T(КМnО4 /Sb) = 0,006124 г/см3 болатын 42,50 см3 КМnО4 ерітіндісімен титрленді. Қорытпада қанша пайыз сурьма бар?
103) Үлгінің 0,1700 г өлшендісі ерітілгеннен және темір тотықсыздандырылғаннан кейін T (КМnО4 /Fe) = 0,0001100 г/см3 болатын 38,4 см3 КМnО4 ерітіндісімен титрленді. Үлгіде қанша пайыз Fe2О3 бар?
104) Құрамында 40,3% Na2SО3 бар 1,6 г натрий сульфатының техникалық үлгісінің 20 см3 ерітіндісін титрлеуге С(1/5 КМnО4) = 0,1000 моль/дм3 болатын КМnО4 ерітіндісінің 10,00 см3-тен артық емес көлемі жұмсалуы үшін қанша натрий сульфаты ерітіндісінің көлемін алу қажет?
105) MgCl2-нің 0,3100 г өлшендісі сыйымдылығы 250 см3 болатын өлшейтін колбада ерітілді. Осы ерітіндінің 25,00 см3 көлемін тирлеуге 10,35 см3 0,0250 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Тұздың зерттелетін үлгісіндегі MgCl2-нің массалық үлесін пайызбен анықтау қажет.
106) Титрлеуге 20 мл 0,1 н. НСl жұмсау үшін, құрамында 40% СаО, 50% СаСО3 және 10% индифферентті қоспалар бар заттың қандай өдшендісін алу қажет?
107) Титрлеуге Т(НСl) = 0,003820 болатын 15,00 мл НСl ерітіндісін жұмсау үшін, құрамында 60%
СаСО3 бар кальциттің қандай өлшендісін алу қажет?
108) Техникалық NaCl-дың 2,4080 г өлшендісі сыйымдылығы 500 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге 20,35 мл 0,1 н. AgNО3 (К = 0,9860) ерітіндісі жұмсалды. Алғашқы тұздағы хлордың пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
109) Техникалық ВаСl2-нің 6,7000 г өлшендісі сыйымдылығы 1000 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге Т (AgNО3) =0,008048 болатын, 28,95 мл AgNО3 ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі хлордың пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
110) Күміс қорытпаның 1,7450 г өлшендісі HNО3-те ерітілді және ерітінді сумен 200 мл-ге дейін сұйылтылды. Алынған ерітіндінің 20,00 мл-ін титрлеуге 11,75 мл 0,05 н. NH4SCN (К = 0,9344) ерітіндісі жұмсалды. Қорытпадағы Ag пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
111) Техникалық Na2SО3-тің 1,4500 г өлшендісінен 200 мл ерітінді дайындалды. Алынған ерітіндінің 20,00 мл-ін титрлеуге, титрі As2О3 бойынша 0,002473 болатын 16,20 мл I2 ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі Na2SО3-тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
112) I2-нің 1,00 мл-і 0,03000 г Na2S2О3 -ке эквивалентті болатын I2 ерітіндісінің титрі неге тең?
113) Қорытпаның 0,2000 г өлшендісі ерітілді, оны титрлеуге 100 мл-де 0,4103 г KSCN бар 39,60 мл ерітінді жұмсалды. Қорытпадағы Ag пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
114) Техникалық КВг-ның 0,3838 г өлшендісі ерітілді және Т(AgNО3/Сl) = 0,003546 болатын 23,80 мл AgNО3 ерітіндісімен титрленді. Үлгідегі КВг-ның пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
115) Темірдің белгісіз тотығының 0,1000 г өлшендісін еріткеннен кейін және металды Fe2+-ке дейін тотықсыздандырғаннан кейін титрлеуге 12,61 мл 0,09930 н. К2Сr2О7 жұмсалды. Талданған тотықтың формуласы қандай: FeO, Fe2О3 немесе Fe3О4?
116) К2Сr2О7-тің 0,1500 г өлшендісіне KI-тың артық мөлшері және тұз қышқылы қосылды. Бөлінген I2 21,65 мл Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Na2S2О3-тің нормалдығын және оның йод бойынша титрін есептеу қажет.
117) К2Сr2О7 ерітіндісіне KJ-тың артық мөлшері қосылды және бөлінген I2 48,80 мл 0,1000 н. Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Ерітіндіде қанша грамм К2Сr2О7 болды?
118) Техникалық FeCl3-нің 4,8900 г өлшендісі сыйымдылығы 250 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Ерітіндінің 25,00 мл-не қышқыл ортада KI қосылды. Бөлінген I2 32,10 мл 0,09230 н. Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Үлгідегі FeCl3 -тің пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
119) НС1-да ерітілген әк тастың 0,1862 г өлшендісінен Са2+ СаС2О4 түрінде тұндырылды. Жуылған тұнба сұйылтылған H2SО4-те ерітілді және Т(KMnО4/СаСО3) = 0,005820 болатын 22,15 мл KMnО4 ерітіндісімен титрленді. СаСО3-тің әк тастағы пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
120) 20,00 мл NiCl2 ерітіндісін титрлеуге 21,22 мл 0,02065 М трилон Б жұмсалды. Никель тұзының концентрациясын (г/л) анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |