59) 550 л 0,1925 н. HCl ерітіндісіне титрі 0,02370 болатын 50,00 мл HCl ерітіндісін қосылды.
60) 1л 0,5300 н. HCl ерітіндісіне 0,5000 Н ерітінді алу үшін қанша миллилитр су қосу қажет?
61) Массасы 1,0000г болат өлшендісін қышқылдарда ерітті, болаттағы хромды Cr2O72--ге дейін тотықтырды және алынған ерітіндіге 15,00 мл 0,2500 М Мор тұзының ерітіндісін қосты. Мор тұзының артық мөлшерін 0,1000М калий перманганаты ерітіндісінің (f экв =1/5 KMnO4) 25,00мл жұмсап титрледі. Хромның (fэкв. Сr = 1/3) болаттағы массалық үлесін (%) есептеу қажет.
62) Массасы 0,2834 г мрамор өлшендісін 30,00 мл 0,3933 М HCl ерітіндісінде ерітті. Қышқылдың артық мөлшерін титрлеуге 14,10 мл 0,4400 М NaOH ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі қоспалардың массалық үлесін табу қажет.
63) 2,5 л 0,2 н ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,835 г/см болатын қанша миллилитр H2SO4 (fэкв =1/2) қажет?
64) 500,00мл ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,19 г/см болатын 20,00мл HCl алынды. Алынған ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
65) 0,4217г бураны титрлеу үшін 17,50 мл тұз қышқылы жұмсалды. HCl ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет.
66) Сусыз соданы (х.т.) титрлеуге 20,00 мл 0,1М H2SO4 жұмсау үшін оның қандай өлшендісін алу қажет?
67) Қымыздық қышқылын Н2С2О4·2Н2О титрлеуге 20,00 мл 0,1н. NaOH жұмсау үшін оның қандай өлшендісін алу қажет?
68) 0,6000 г Н2С2О4·2Н2О өлшендісін сыйымдылығы 100мл болатын өлшейтін колбада ерітті, алынған ерітіндінің 20,00мл-ін титрлеу үшін 18,34 мл NaOH жұмсалды. NaOH ерітіндісінің молярлық концентрациясын және оның Н2С2О4 бойынша титрін анықтау қажет.
69) 20,00мл HCl ерітіндісін титрлеуге фиксаналдан дайындалған 19,20 мл 0,1 н. NaOH ерітіндісі жұмсалды. HCl ерітіндісінің нормалдығын есептеу қажет.
70) Құрамында 92% NaOH және 8% индифферентті қоспалар бар 0,5341г сілті өлшендісін сыйымдылығы 100мл болатын өлшейтін колбада ерітті. Осы ерітіндінің 15мл-ін титрлеу үшін 19,50мл қышқыл жұмсалды. HCl нормалдығын, титрін, T анықтау қажет.
71) 15мл КОН ерітіндісін титрлеу үшін 18,70мл HCl (T=0,002864) ерітіндісі жұмсалды. КОН ерітіндісінің нормалдығын анықтау қажет.
72) Құрамында 1,530 г NaOH бар ерітіндінің 20,00мл-ін тирлеуге 14,70 мл HCl (T=0,00380) жұмсау үшін ерітіндінің қандай көлемін алу қажет?
73) Фенолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,01 н. HCl ерітіндісін 0,01 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |