Аналитикалық химия



бет38/58
Дата06.07.2018
өлшемі0,96 Mb.
#48122
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
2 Гравиметриялық талдау әдістері

Талданатын заттың сандық құрамын зерттеуде өлшеу арқылы массаны тура анықтауға негізделген сандық талдаудың әдісі гравиметриялық талдау деп аталады

Салмақтық анықтауларды негізгі үш түрге бөлуге болады.

Салмақтық анықтаудың бірінші түрінде заттың анықталатын бөлігі заттан сандық түрде бөліп алынады да, өлшенеді.

Салмақтық анықтаудың екінші түрінде заттың анықталатын бөлігі толық шығарылады да, қалдық өлшенеді. Бұл екі түр бойынша салмақтық анықтауларды орындау қарапайым болады. Бірақ, көп жағдайларда анықталатын бөлімді талданатын заттан сандық түрде таза күйінде бөліп алу қиыншылық тудырады. Бұл кезде небары күрделі болатын үшінші түр қолданылады.

Салмақтық анықтаудың үшінші түрін орындауда заттың анықталатын бөлігін бөліп алу мен өлшеуге ыңғайлы химиялық қосылысқа айналдырады. Бұл қосылыстың құрамы химиялық формулаға тура сай болуы тиіс және бұл заттың құрамында бөтен қоспалар болмауы керек. Өлшенетін осы қосылыс салмақтық форма деп аталады.



2.1 Гравиметриялық талдау әдістеріндегі негізгі есептеу формулалары
Әдетте анықталатын зат мөлшерін граммен немесе пайызбен есептейді. Еспетеуді анықталатын заттың молекулалық массасының (МА) гравиметриялық (салмақтық) формасының молекулалық массасына (Мгр.ф.) қатынасы ретінде табылатын аналитикалық фактордың Ғ көмегімен орындайды.
(31)
Гравиметриялық факторды есептеуде бөлшектің үстінде анықталатын зат формуласы, ал астында оның салмақтық (гравиметриялық) формасының формуласы жазылады, m,n – стехиометриялық коэффициенттер. Мысалы

Анықталатын затты граммен есептеу
qA = mгр.ф∙F (32)
Анықталатын затты пайызбен есептеу
(33)
2.1.1 Анықталатын заттың өлшендісін есептеу

Кристалдық тұнбаларды анықтауда


, (34)
мұндағы МА и Мгр.ф.анықталатын заттың және

гравиметриялық форманың молекулалық

массалары;

m,n – стехиометриялық коэффициенттер.


Аморфты тұнбаларды анықтау кезінде
(355)
Кристалдық тұнбалар үшін заттың салмақтық формасының ыңғайлы массасы 0,5 - 0,3 (г) болатыны және аморфты тұнбалар үшін заттың салмақтық формасының ыңғайлы массасы 0,1- 0,2 (г) болатыны тәжірибе жүзінде табылды.

Тұндырғыштың көлемі келесі формуламен есептеледі


, (36)
мұндағы 1,5 – тәжірибе жүзінде анықталған тұрақты (const)

коэффициент; (әдетте тұндырғыш ұшқыш зат

болатынын есепке алып алынады);

МС – тұндырғыштың молекулалық салмағы;

МА – анықталатын заттың молекулалық салмағы;

а – анықталатын зат өлшендісі, г;

С – пайыздық концентрация;

ρ – тығыздық, г/см3.


Есептерді шығару мысалдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет