Аналитикалық химия


Өздігінен есептеу тапсырмалары



бет4/58
Дата06.07.2018
өлшемі0,96 Mb.
#48122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Өздігінен есептеу тапсырмалары
1. Толық нейтралдау реакциясындағы эквивалент факторы мен эквиваленттің молярлық массасын есептеу қажет:

а) HNO3, б) NaOH; в) NH3;г) H2SO4; д) KHSO4; е) Na2B4O7 ∙10H2O; ж)Na2 CO3;з)NaHCO3; к)K2O, л)N2O5; м) H2C2O4; н) SO2; о) Ba(OH)2 ; п) H3PO4; р) H2CO3

Келесі есептерде (2-11) зат мөлшерін есептеу қажет:

2. 4,33г Na2C2O4-ті бейтараптауға қажетті HCl мөлшерін. 3. 5,3г Na2CO3-ті бейтараптауға қажетті HNO3 мөлшерін.

4. 3,65г HCl-ды бейтараптауға қажетті Na2B4O7·10H2O мөлшерін.

5. 0,2г CaO-ні бейтараптауға қажетті HCl мөлшерін.

6. 6,3г CH3COOH-ты бейтараптауға қажетті NaOH мөлшерін.

7. 3,1г Na2O-ны бейтараптауға қажетті HNO3 мөлшерін.

8. 4,709г K2O-ны бейтараптауға қажетті HCl мөлшерін.

9. 22,6г Ba(OH)2· 8H2O-ны бейтараптауға қажетті HNO3 мөлшерін.

10. 0,49г H2SO4-ті бейтараптауға қажетті KOH мөлшерін.

11. 5,4г N2O5 –ті бейтараптауға қажетті NaOH мөлшерін.

12.Тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысатын зат эквивалентінің молінің массасын есептеу және заттың 100 мг-да қанша миллимоль бар екенін анықтау қажет:

а) FeSO4 ( Fe2+ → Fe3+)

б) HNO3 (NO3- → NO2)

в) HNO3 (NO3- → NO)

г)H2O2 (KJ-пен реакциядағы)

д) KMnO4(қышқыл ортада)

е) KMnO4(сілтілік ортада)

ж) KMnO4(нейтралды ортада)

з) K2Cr2O7 (қышқыл ортада)

и) Na2S2O3(S2O3 2- → S4O82-)

к) CuCl2 (йодометрлік анықтау кезінде)

л) J2 ( J2 2JO - )

м) J2 ( J2 2J - )

н) H2C2O4( C2O42- CO2↑)

о) SO2 (SO2 → SO42-)

п) V2O5 (VO2 + →V3+)



1.2 Титриметрлік талдау әдістеріндегі негізгі есептеу формулалары
1.2.1 Ерітіндінің нормалдығы (N) – ерітіндінің 1 литріндегі заттың грамм-эквиваленттерінің саны
, (3)
мұндағы а – талданатын зат үлгісінің өлшендісі, г;

Э – грамм-эквивалент;

n – грамм-эквиваленттер саны;

V – көлем, мл.


Егер V=1л, онда N · Э = a

1.2.2. Молярлық (См) – ерітіндінің 1 литрінде еріген зат мольдерінің (грамм - молекулаларының) саны


, (4)
мұндағы М – еріген заттың 1молінің массасы.

(5)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет