28) 30,00 мл тұздықты титрлеуге 15,60 мл 0,1000М AgNO3 ерітіндісі жұмсалды. Тұздықтағы NaCl (мг/мл) мөлшерін анықтау қажет.
29) Массасы 0,2486 мл болатын темір рудасының өлшендісін қышқылда ерітті, темірді Fe(II) дейін тотықсыздандырды, сонан соң 20,25 мл 0,0520 М (1/6 К2Сr2О7) калий дихроматы ерітіндісімен титрледі. Рудадағы темірдің (Мr = 55,85) массалық үлесін (%) есептеу қажет.
30) Егер сыйымдылығы 200 мл болатын өлшейтін колба болса және титрлеуді метилоранждың қатысуында орындаса, онда 0,1 н. H2SO4 ерітіндісінің титрін анықтау үшін Na2CO3 қанша өлшендісін алу қажет?
31) 0,5000 г өлшендіні сыйымдылығы 200мл болатын колбада ерітумен алынған Na2CO3 ерітіндісінің 50,00 мл-ін метилоранждың қатысуында титрлеуде 24,00 мл H2SO4 ерітіндісі жұмсалды. H2SO4 ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет.
32) 0,1495г НCOөлшендісін судың еркін көлемінде еріту арқылы алынған ерітіндісін титрлеуде 25,20 мл КОН ерітіндісі жұмсалды. КОН ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет. 33) 9,7770 г концентрленген HNO-ті сыйымдылығы 1 литр болатын өлшейтін колбада еріткеннен кейін, осы ерітіндімен 25,00мл 0,1040н. NaOH ерітіндісін титрлегенде 25,45 мл алынған HNO ерітіндісі жұмсалды. Концентрленген азот қышқылында қанша пайыз HNO бар?
34) Фосфор қышқылының берілген ерітіндісін фенолфталеиннің қатысуында титрлегенде 25,50мл 0,2000н. NaOH жұмсалды. Ерітіндіде қанша грамм НРОбар?
Достарыңызбен бөлісу: |