2 Гравиметриялық талдау әдістері Талданатын заттың сандық құрамын зерттеуде өлшеу арқылы массаны тура анықтауға негізделген сандық талдаудың әдісі гравиметриялық талдау деп аталады
Салмақтық анықтауларды негізгі үш түрге бөлуге болады.
Салмақтық анықтаудың бірінші түрінде заттың анықталатын бөлігі заттан сандық түрде бөліп алынады да, өлшенеді.
Салмақтық анықтаудың екінші түрінде заттың анықталатын бөлігі толық шығарылады да, қалдық өлшенеді. Бұл екі түр бойынша салмақтық анықтауларды орындау қарапайым болады. Бірақ, көп жағдайларда анықталатын бөлімді талданатын заттан сандық түрде таза күйінде бөліп алу қиыншылық тудырады. Бұл кезде небары күрделі болатын үшінші түр қолданылады.
Салмақтық анықтаудың үшінші түрін орындауда заттың анықталатын бөлігін бөліп алу мен өлшеуге ыңғайлы химиялық қосылысқа айналдырады. Бұл қосылыстың құрамы химиялық формулаға тура сай болуы тиіс және бұл заттың құрамында бөтен қоспалар болмауы керек. Өлшенетін осы қосылыс салмақтық форма деп аталады.