Эквивалент факторы – Х затының нақты бөлшегінің қандай үлесі қышқыл-негіздік реакциядағы сутегінің бір ионына немесе тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы бір электронға эквивалентті болатынын көрсететін сан.
Эквивалент факторы мен эквивалент тұрақсыз шамалар, олар реагенттер қатысатын реакция стехиометриясына тәуелді болады. Эквивалент факторы өлшемсіз шама, ол бірге тең немесе бірден кіші болады.
Эквивалент деп қышқыл-негіздік реакцияда сутегінің бір ионына немесе тотығу-тотықсыздану реакциясында бір электронға эквивалентті болатын заттың шартты немесе нақты бөлшегі аталады. Зат мөлшерінің эквивалентінің өлшем бірлігі моль болады.
Х затының эквивалентінің молярлық массасы деп эквивалент факторының эквиваленттің молярлық массасына көбейтіндісіне тең болатын, зат эквивалентінің бір молінің массасын айтады.
Кешентүзу немесе тұндыру реакцияларында «эквиваленттің молярлық массасы» түсінігін әдетте қолданбайды және тек қана молярлық массаларды қолданады.
Мысал1
Келесі реакциялардағы ортофосфор қышқылының эквивалент факторы мен оның эквиваленттерінің молярлық массаларын есептеу қажет
Шығару
а)
б)
в)
Мысал 2
Келесі реакцияда КМnО4 грамм-эквиваленті неге тең болады:
Сг2 (SО4)3 + 2 КМnО4 + 8КОН = 2К2СгО4 + 2MnО2 + 3K2SО4 + 4Н2О
Шығару
Жүретін жартылай реакция теңдеуін жазамыз
МnО- + 2Н2О + 3е- = МnО2 + 4ОН-
Калий перманганатының бір молекуласы МnО2-ге дейін тотықсыздануы үшін үш электрон қажет, яғни
Мысал 3
Қорғасынды келесі схема бойынша иодометрлік анықтау кезіндегі қорғасынның грамм-эквивалентін анықтау қажет
Рb2+ + CrO42- = РbCrO4↓
РbCrO4 + 3I- + 8Н+ = Сг3+ + 4H2O + 3/2I2 + Pb2+
I2 + 2S2О32- = S4О62- + 2I-
Шығару
Жартылай реакция келесі түрде сипатталады
CrO42- + 8Н+ + 3е- = Сг3+ + 4H2O
Хроматтың 1 г-ионы РЬ2+-нің 1 г-ионымен әрекеттеседі, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |