Аналитикалық химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс істеу тәртібі


Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасау тәртібі



бет2/6
Дата09.09.2024
өлшемі38,29 Kb.
#203963
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аналитикалық химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс істеу тәртібі

Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасау тәртібі:
1. Минералды қышқылдар (тұз, азот, күкірт, фторлысутек) тері мен көзге тисе адам мүшелерін күйдіреді. Егер, оның тамшылары көзге тисе, адам соқыр болуы да мүмкін. Сондықтан бұл заттармен жұмыс жасау барысында келесі тәртіптерді сақтау қажет:
2. Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік көзәйнегін, резина қолғаптарын қолдану қажет.
3. Үлкен ыдыстан кұйған кезде, жоғарыда айтылған тәртіпті сақтап, соны-мен бірге алжапқыш кию керек.
4. Қышқыл мен сілтілерді пипеткамен ауызға соруға мүлдем болмайды.
5. Күкірт қышқылын сұйылтқанда төзімді ыдыста жасау қажет, қышқылды суға құю қажет, себебі өте үлкен жылу бөліп, жан-жаққа шашырайды.
6. Сілтілерді суға аздан-аздан сала отырып, араластыру қажет. Қатты сіл-тілерді қолмен ұстауға болмайды, қышқышпен ұстау қажет.
7. Раковинаға қышқыл, сілті, басқа да химиялық заттардың қалдықтарын құюға болмайды, оларды тек соларға арналған ыдыстарға жинау қажет.
Сәтсіз оқиғалар болғанда, күйген кезде ең бірінші көмек көрсету ережесі:
1.Термиялық жолмен күйген кезде, таниннің спирттегі ерітіндісімен, спиртпен немесе калий перманганаты ерітіндісімен жуу, сүрту қажет.
2. Қышқылмен күйген жерді өте көп сумен жуып, артынша 1%-ы натри-гидрокарбонатының ерітіндісін қолдану қажет.
3. Сілтілермен күйген кезде сумен жуып, 1%-ы сірке қышқылымен, содан соң қайта сумен жуу керек.
4. Қышқыл мен сілтілер көзге тисе, 3-5 минут сумен жуып, содан сон 2,3 пункттерді қолдану қажет.
5. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.


Жұмыс дәптерін толтыру тәртібі:
1. Жұмыстың жасалатын күні, айы және аналитикалық топтың номері.
2. Топтың жалпы сипаттамасы.
3. Қажетті реагенттер мен реактивтердің тізімі.
4. Берілген топ катиондарына тән реакцияларды кестеге толтырып жазу, кестенің нөмірін көрсету керек.
5. Кейбір реактивтердің бір топ катионына әсерінің кестесі.
6. Анализ жолының қысқаша сызбасы.
7. Бақылау жұмысының хаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет