1. Құлпынайды гүл сабағымен сатып алудың мәнісі A) Дәрумендер көп болады
B) С дәрумені жақсы сақталады C) Табиғи жақымды иісі болады
D) Химиялық заттар болмайды
E) Сабағын қайнатып ішеді
2.Мәтін мазмұнына сай тақырып A) Дәрумен құлпынай
B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы C) Құлпынайдың теріге пайдасы
D) Құлпынай сабағының пайдасы
E) Табиғи құлпынай
3.Бірінші азат жолда айтылған ой A) Құлпынайдың дәрумендері
B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы C) Құлпынайдың жөтелге пайдасы
D) Құлпынайдың иммунитетке пайдасы
E) Құлпынайдың асқазанға пайдасы
4. Құлпынай құрамындағы дәрумендер A) кальций, сульфат
B) марганец, сульфид
C) фосфор, гелий
D) кремний, марганец
E) Магний, калий 28- мәтін Кеңес Одағы заманында талантты спортшыларымыз КСРО құрамаларының сапында болды да, қазақ халқының спортқа бейім екендігін біреу білсе, біреу білмеді. Әрі әртүрлі себептерге байланысты құрыш білек жігіттеріміз бен нәзік те, қайсар қыздарымыз өз мүмкіндіктерін толығымен паш ете алмады. Ал халықаралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағалы қазақтың да спортқа бапандай екендігі тайға таңба басқандай болып көрінуде.
Ең бастысы, қазақ топырағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар ұйым-шылдық танытып, бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді мейлінше сомдап келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігі мен статусы 1992 жылы 9 наурызда Лозаннада танылып, бекітілді. Содан бері қазақ елі дербес мемлекет ретінде спорттық додаларға қатысып келеді. Бүгінде қазақтың қайыс қолғап киген қырандарынан көптеген елдің боксшылары қаймығады. Білек түрінген балуандарымен көбі имене күреседі. Зілтемір көтерген толағай қыз-жігіттерінің көрсеткіштеріне барлығы да бас иеді.
Жиі-жиі жаңартып тұратын рекордтарын мойындайды. Қандай спорттың түрі болсын, қазақтың қыз-жігіті немесе Қазақстан спортшысы небір бүкіләлемдік додада топ жарып, жүлдеге ілігіп жатса, оған ешкім де таңданбайды. Қазақстан тек жекелей сындағы спорт түрлерінде ғана емес, командалық спорт түрлеріне де қара жаяу еместігін ерен жетістіктерімен дәлелдей білді. Хоккейшілеріміз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), ватерполшыларымыз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), волейболшыларымыз (қыздарымыз), гандболшыларымыз (қыздарымыз) бірнеше рет төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, қазақ топырағында спорттық ойындардың да аса жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті. Осы спорттың түрлерінен Азияда көшбасшы құрамалардың біріміз.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігіне мүше болғанына қанша жыл болды? A) 24 B) 26
C) 27
D)30
E) 29