1. Бақша күтушісіне қызын беруінің мәнісі
A) Қызы бақша күтушісіне ғашық болады.
B) Бақша күтушісінің адалдығына тәнті болады
C) Бақшы күтушісі өз ісіне жақсы қарайды.
D) Байларға қызын бергісі келмейді.
E) Қызымен шамалас жас болған соң келіседі.
2.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем
A) Жүзімнің дәмі тым тәтті болады.
B) Қызын байға бергісі келеді.
C) Жүзім толық піспеген еді.
D) Байлар көңілінен шықпайды.
E) Әйелімен ақылдаспай шешеді.
26-мәтін
Тоғыз құмалақ
Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны — тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.
Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды.
Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады.
Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады. Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады. 245сөз
Достарыңызбен бөлісу: |