Қазақстан тарихы кафедрасы Ғылыми тарих эссе



Дата17.09.2022
өлшемі62,55 Kb.
#149799
Байланысты:
лт к шбасшысы Н. . Назарбаевты е бектерінде адамзатты ткені,



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих,археология және этнология факультет
Қазақстан тарихы кафедрасы
Ғылыми тарих
ЭССЕ

Орындаған:Жүрсінәлі Ернар Ғалымбекұлы


Тексерген: Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлы
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде адамзаттың өткені , бүгіні және келешегі

(Эссе)
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің , яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар, бірнеше еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді.
Әдетте мемлекеттiң стратегиялық даму мәселелерi туралы еңбектер мейлiнше жалпы мәселелердi қамтып, ежелден қалыптасқан қағидаларды басқаша негiздеумен ерекшеленетiн. Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатыны және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлінше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнi аңғарылады. Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.
Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда менің зерттеу жұмысымның негізі болып отырған Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан жолы» (2007). Көрсетiлген еңбектерде елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары суреттелген.


Мәселен, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркінімен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі төркіні, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет