Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі
Құндылық: Ақиқат.
Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;
Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;
Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Жазғы демалысты қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.
|
|
3. Дәйексөз. Сократ
Алдымен өзіңді - өзің таны.
Өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесің?
|
|
4. Әңгімелеу.
Сократ – ежелгі грек ойшылы
Сократ қарапайым өмір сүрген. Ол ел ішіндегі атақты адамдармен кездесе бастайды. Бірақ оларға көңілі толмайды. Содан жұрт алдына шығып сөз сөйлейді. Қарапайым адамдармен өмір жайлы әңгімелесуді әдетке айналдырады. Оған «жастарды азғырып жатыр» деген жала жабылады. Артынан қуғын түседі. Ақыры түрмеге қамалады. Жазадан құтылудың жалғыз жолы не өз ойынан бас тарту, не елден кету болады. Сократ достарының көмегінен бас тартады. Сократ «Менің жазадан қорқып, өз ойымнан бас тартуым – жауынгердің қорыққаннан шайқасты тастап кетуімен бірдей» деп, табандылық танытады.
«Ұлылардан ұлағат» топтамасынан.
Сократ деген кім?
Ол қарапайым адамдармен не жайында әңгімелесуші еді?
Сократты не үшін қамауға алды?
Жазадан құтылу үшін Сократқа қандай шарт қойды?
Сократ елінің адал азаматы екенін қалай көрсетті?
Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма Грек даналарының нақыл сөздерін көкейлеріңе түйіп алыңдар.
Арды биік қоюға әдеттен.
Сөйлеген кезде асықпа.
Жалған сөзден аулақ бол.
Күшпен алма, ақылмен ал.
Ұят нәрседен қаш.
Білімді сүй.
Жолда асықпа.
Өзіңді-өзің сақта.
2-тапсырма Сократтың нақыл сөздерін оқып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.
«Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек».
«Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей».
«Тек бір ғана жақсылық бар ол – білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық».
« Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ».
« Әлемді өзгертпес бұрын,өзіңді өзгерт».
3-тапсырма Өз ойларыңнан қанатты сөздер ойлап табыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар.
Даналық – адамзат баласының сан ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы. Даналық – адамның ақыл-ойының, білімінің, тәжірибесінің жемісі. Даналық сөздер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырады. Даналық ойлар адамның өзін, өзгелерді, қоршаған ортаны, әлемді тануға мүмкіндік береді. Даналықтан тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, өсиет, ұлағат аламыз.
|
|
6. Топпен өлең айту.
Ана тілі Өлеңін жазған Әдібай Табылдиев
Әнін жазған Мақсат Дауылбаев
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. «Ана тілі» - Әдібай Табылдиевтің өлеңін жаттап келу.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани - адамгершілік әлемі
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 27
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ана тілі» - Әдібай Табылдиевтің өлеңін жатқа айту.
Ақыл-ойын дананың, Өсірген ой, білімді,
Ана тілден аламын. Сүйем туған тілімді.
Ана тілім ардақты, Мақсат етем әр сөздің,
Ақ сүтіндей анамның. Мәнін терең білуді
|
|
3. Дәйексөз.
«... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» Абай Құнанбаев
Жақсы адамның бойындағы қасиеттерді ата, ол қандай?
Жаман адамның бойындағы қасиеттерді ата?
Сүйіспеншілік дегеніміз не?
|
|
4. Әңгімелеу. Үш елек (Аңыз)
Бір адам Сократтан: – Сен туралы досыңның маған не айтқанын білесің бе?- деп сұрапты. – Тұра тұр, – Сократ оны тоқтатып, – айтарыңды алдымен, үш електен өткізіп ал. – Үш елек? – Бір нәрсені айтпас бұрын, үш мәрте електен өткізу керек. Алдымен, шындық елегінен өткізу керек. Сен мұның шындық екеніне сенімдісің бе?
– Жоқ, мұны әшейін естіген едім. – Ендеше, сен бұл шындық па, әлде жоқ па, білмейсің. Онда екінші електен өткіземіз – жақсылық елегі. Сен менің досым туралы жақсы нәрсе айтқың келіп тұр ма? – Жоқ, керісінше. – Ендеше, – Сократ жалғастырып, – сен ол туралы жаман нәрсе айтқалы тұрсың, бірақ мұның шындық екеніне сенімсізсің. Үшінші електі – пайдалылық елегін байқап көрейік. Сенің айтқалы тұрғаныңды есту маған соншалықты пайдалы ма? – Жоқ, пайдалы емес. – Сонымен, – Сократ түйіндеп, – сенің айтқалы тұрғаныңда шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Онда айтудың қажеті не?
Сократ қандай үш електі атады?
Ол електер не үшін қажет болды?
Әр сөзіңді ойланып сөйлеудің маңызы қандай?
«Сөз қадірін кетірмеу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзің сөйлемес бұрын не істер едің?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
4 тапсырма: Эзоп – грек халқынан шыққан. Ол – мысал жанрының алғаш негізін салушы. Эзоп мысал өлеңдерінде бай-манаптардың теріс қылықтарын сынап-мінеп жазған. Эзоптың өлеңін оқып, мағынасын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Өлеңде қандай түйін келтірілген?
Құмырсқа мен инелік Эзоп Аударған Ө.Тұрманжанов
Құмырсқа еңбек етті ала жаздай,
Шұбырып кіре тартып, тобын жазбай.
Кіре – жал-жал боп үйілген десте.
Шілдеде саршатамыз таңдай кепкен
Азығын таси берді азбай-тозбай.
Азығын сарайына қойған құйып,
Күздегі жауын-судан дымқыл тиіп.
Құрғатып күн көзіне кептірмекке,
Алдына есігінің қойды үйіп.
Қалжырап жаурап тоңған аш инелік,
Алдына құмырсқаның жетіп келіп:
– Қырманнан кеусен беріп, қараспасаң,
Достар-ау қалатынмын аштан өліп...
Құмырсқа сонда айтты инелікке:
– Біреуден сұрап алған дүниелік пе?
Қамдамай қыс азығын жазда неге
Сандалып, сағым қуып жүрдің текке?
– Өлеңнен ала жаздай қол тимеді,
Жиюға қыстық азық жол тимеді.
Ән салып, өлең айтып, қосық тартып,
Мастанып ұмытыппыз қысты тегі...
Күлді де құмырсқалар мына сөзге,
– Қылығың, инелікжан, – деді – өзге.
Жазасын, жаз ән салсаң, қыс береді,
Еріншек еңбек етпей болсаң кезбе.
5-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.
Дүниедегі ең асыл, ол – ... .
Адамға ең қажетті, ол – ... .
Жер бетіндегі ең әсем, ол – ... .
Аспандағы ең сұлу, ол – ... .
Мұхиттағы ең үлкен, ол – ... .
Сөздегі ең маржан, ол – ... .
Тағамдағы ең тәтті, ол – ... .
Өмірдегі ең басты, ол – ... .
6-тапсырма «Даналық» сөзінің әрбір әрпінен басталатын жақсы сөздерді тауып жазыңдар.
Д... досым
А... алтыным
Н... намыс
А...
Л...
Ы...
Қ...
|
Саршатамыз – жаздың ең ыстық кезі. Кеусен – астықтан берілетін сыбаға.
Қосық – қысқаша ұйқастырылған өлең.
|
6. Топпен өлең айту.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. Абай Құнанабаевтің бір өлеңін жаттап келу
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №3 сабақ
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер,
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену
«Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жасымда ғылым бар деп ескермеді» Абай Құнанбаев.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
|
|
3. Дәйексөз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба. Абай.
- Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.
|
|
4. Әңгімелеу. Ұлықман Әбілдаұлы
Талаптыға нұр жауар
Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бауырында, тәрбиесінде өтті. Сүйікті немере сінің азан айтып қойған Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы әжесі-тұғын. Өзара өте тату ене мен келін – екі ана жаратылысынан байсалды, мейір- бан, әділ адамдар болғандықтан, өздерінің мейірі қатты ауған бұл баланы бауырмал, адамгершіл, қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты. Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болады. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе, ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделігімен айрықша көзге түсетін. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге қарағанда, Абай ертегіаңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлеңжыр лар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалай тыны, сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе, ертегілерді көп біле тін әрі нақышына келтіріп, жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, қызықты етіп әңгіме леп беретін. Абай осы әдетін өмір бойы тастамаған. Көп жыл- дар оның қасында болған Кӛкбай ақын: «Өзі біреуге ұзақ әңгі -ме, жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда, еш уақыт басқа, бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын», - деп жазған. Осындай сөзді баласы Тұрлығұл мен қызы Уәсила естеліктерінен де оқимыз. «Әкем Абай туралы» атты естелігін- де Тұрлығұл былай дейді: «Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқыз- ғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан жері болса, өзі айтып беретін. Қазақ ертегісінде естімеген, білмеген ертегісі кем шығар». Бұл кездерде бір елдің анасы атанған Зере әжеге, аға сұлтан Құнанбайға сәлем беруге, не маңызды бір шаруамен алыс-жақыннан бұл ауылға келуші ел ағалары, атақты билер мен ақын-жыршылар, әншікүйшілер, жат жұрттық жолаушылар үзілмейтін. Ол кездің әдеті бойынша олар жата-жастанып өткен-кеткенді, бұрынғының әр алуан қызықты да қайғылы оқиғаларын айтысып, келген шаруаларын тек кетерде сөз ететін. Ал Абай сол қонақ отырған үйдің ең ынталы да жалық- пайтын тыңдаушысы-тұғын. Болайын деп тұрған ерекше зерек бала үшін мұның бәрі туған халқының әдет-салтын, сөз өнері мен тарихын, игі жақсыларының үлгі-өнегесі мен мінез-машықтарын білудің, танудың өзінше бір тамаша мектебі еді. Оның үстіне солардың арасындағы атақты ақын-жазушылар, әңгімеші-ертекшілер Зере мен Ұлжан аналардың өтінішімен апталап, айлап жатып, жас абайды әңгіме-жырға қандыратын. Ауыздан-ауызға көшіп, «ғажап-ай» дегізіп келе жатқан шешен дік үлгілері, ақындар айтысы, билер дауы, неше түрлі күлдіргі сөз, тапқыр әзіл-сықақтар ынталы ұланның жадында өшпестей қалып отырды. Абайдың еңбекқор, төзімділігі, аз ұйықтайтын сергектігі, тамақты тарта ішетіндігі де бала шағынан бойына мықтап жұққан мінезі болыпты.
Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?
Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды?
Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалады?
Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті?
«Ұлы Абай» деп неліктен айтылған?
Өзің Абай ата туралы не білесің?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма Абай атаның даналық сөздерін оқып, көкейлеріңе түйіп алыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар.
Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.
Адам баласына адам баласының бәрі – дос.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Кімде-кім әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
Пайда ойлама, ар ойла.
2-тапсырма Абай атаның қара сөздерінен алынған үзінділерді оқыңдар. Өздеріңе ұнаған тұстарын дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Он төртінші сөз
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
Он тоғызыншы сөз
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.
3-тапсырма Болашақ ұлы ақын Абай он жасқа келгенше небір ертегілер мен аңыздарды, батырлар жырын, ақын-жыраулардың толғауларын, шешендік сөз үлгілерін біліп, жадына сақтап қалған. Адам жас кезінде бас алмай оқып, жаттаған өлеңі мен әнін ұмытпай, өміріне серік етіп өтеді. Сол себепті сен де қызығып оқитын, оқыған сайын құмарта түсетін, түсінетін боласың.
Өздерің жатқа білетін Абай аталарыңның өлеңдерін ортаға салып айтыңдар.
Қорытынды: Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай елге танымал, көргенді отбасында өсіп, тәрбие алды. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған. Оның әкесі Құнанбай өте ықпалды би болды. Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын медреседе оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды. Абай қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабыр- ғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
|
|
6. Топпен өлең айту.
«Жасымда ғылым бар деп ескермеді» Абай
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. Шәкәрімнің өмірі және бір әңгімесін оқып, айту.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |