Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат


-тапсырма Ар-ұжданға сай келетін істерді атап айтыңдар. Қорытынды



бет9/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып


6-тапсырма Ар-ұжданға сай келетін істерді атап айтыңдар.

Қорытынды: Ар-ұждан – ең қасиетті ұғым. Ол әділдіктің, адалдық- тың, шынайылықтың бірден-бір өлшемі. Ар – адамның өзіндік әділеті. Ар-ұждан адамға риясыз жақсылық жасауға және басқаларға жәрдем беруге көмектеседі. Ар-ұждан дауысын есту арқылы адам өзінің ойын, сөзін, іс-әрекетін ізгілікке толтырады. Адамның ар-ұжданы биік болған сайын, оның басқаларға деген жауапкершілігі, мейірімділігі, қамқорлы- ғы арта түседі.




6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Әнуарбек Дүйсенбиев

Біз өмірдің гүліміз Әні: Бекен Ғизатов

Зеңгір көктен Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз.

Жайнап өскен, Тыныштықта,

Жайдары өскен Нұр құшақта

Біз – өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз.





7. Үй тапсырмасы.

1. Өлеңді оқыңдар. «Нағыз азамат» тақырыбында фотоколлаж құрастыру.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №23 сабақ



Сабақтың тақырыбы: МЕН АЗАМАТПЫН

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді оқыңдар. «Нағыз азамат» тақырыбында фотоколлаж құрастыру.






3. Дәйексөз.

Парыздан биік шың жоқ.

Бауыржан Момышұлы



  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Сағындық Тұрдалиев

Алтын бала

Күләш апай ас дайындап жүр.Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрді де, қабағын шытты. – Қап ұмытып кетіппін-ау!.. Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы!.. Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелді. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмеді. Әрі күтті, бері күтті. Ақыры шыдамы таусылды. – Әлгі жүгермек қайда жоғалып кетті? – деп далаға шығып еді, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?! – Апатай, ұмытып кетіп пін... – деді де қайта жүгірді. Екеуінің сөзін естіген Бейсен ақса қал дәуірлеп қоя берді: – Зәукенге кейіме келін! Ол азамат болады. Оны кешіктірген мен едім. Үш-төрт күннен бері радиомыз сөйлемей қалған. Бал-шағаға сендер бүлдірдің- дер» деп кейіп жатыр едім. Зәукен жетіп келді. «Радионың ұстасы қайда» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймін» деді. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едім, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтін үйірмеге қатыса мын» деді. Радионың қобдиын ашып көрді. Жіңішке қызыл сымды бір бұрандаға қосып бекітіп еді, радиом саңқылдай жөнелді. Ой азамат екен өзі!.. – Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмірі ұзақ болсын! – деп, Нағима апай да, ақ тілеуін айтып жатыр, – жүгіріп келіп су алып, үйге жеткізіп береді. Күләш апайдың кӛңілі судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есінен шығып кетті. – Неге келіп ем, осы? – деп сасқалақтады. – Тұзға! – деді Зәукен қолындағы тұзды шешесіне ұсынып.



  • Көрші Зәукенді неліктен «азамат екен» деп айтты?

  • Нағыз азаматтың бойында қандай қасиеттер болады?

  • Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің азаматтық парызыңды қалай орындап жүрсің? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өзіңді «Азаматпын» деп санайсың ба? Неліктен? Айтып бер.

2-тапсырма: Өлеңді оқыңдар. «Нағыз азамат» тақырыбында фотоколлаж құрастырыңдар.

Қайрат Жұмағалиев

Адам болдым мен енді!

Үш «бес» алдым! Шаттандым! Берер едім сазайын,

Келді дереу мақтанғым! Жолықса ғой ол маған!»

Үйге қарай дедектеп, Деп кіжіндім ішімнен,

Жортып келе жатқанмын! Шықпаса да тісімнен.

Кенет тоқтай қалғаным! Көкем қарсы жолығып:

Жерден көзді алмадым! «Нан қадірін түсінген

Жол үстінде нан жатыр! Азаматсың – сен! – деді.

Лезде барып алғаным! Адам болып қалыпсың,

Кім бұл нанды қорлаған?! Бақыттымын мен!» - деді.

Барып тұрған оңбаған!
3-тапсырма: Мәтінді оқыңдар және сахналап көрсетіңдер.

Бір әжей

Ахмет сабаққа бара жатқан еді. Бір уақытта ол өзінің көршісі Нұрланды көріп қалды. Нұрлан бір әжеймен сөйлесіп тұр екен. Ахмет Нұрланға жақындап: – Нұрлан, бұл сенің әжең бе? – деді Ахмет. – Жоқ. Бұл әжей жолдан өтейін деп келе жатыр екен, сөйтсем оның сөмкесі ауыр, өзі баяу қимылдайды, мен әжейді жолдан өткізіп тастайын деген едім – деп жауап берді Нұрлан. – Онда мен де саған көмектесейін, сен әжейдің қолынан ұста, мен сөмкесін көтерейін, жарай ма? Ахмет пен Нұрлан бірі әженің қолынан ұстаса, екіншісі сөмкесін көтеріп, жолдан өткізіп тастады. Бұл іс-әрекеттеріне риза болған әжей Ахмет пен Нұрланға алғысын айтып: – Міне, нағыз азамат екенсіңдер, өркендерің өссін қарақтарым! – деді. Балалар: – Сау болыңыз, әжей, - деп күлімдеп, мектептеріне қарай кетіп барады.



Қорытынды: Азаматтық парыз – адамның өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, міндеті, борышы. Азамат болу – өз жауапкершілігін сезіну, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосу. Азаматтық парыз отбасы мен Отанын риясыз сүю. Әрбір азамат туған жері, өскен елі, Отанына риясыз қызмет етуі тиіс. Азаматтық парызды өтеу – асқан бақыт.



6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.

1. «Азамат болу – арманым» тақырыбына эссе жазу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 24 сабақ



Сабақтың тақырыбы: МЕН АЗАМАТПЫН

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Азамат болу – арманым» тақырыбында эссе жазып, оқу.




3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу. Айса Хамзеұлы

Азамат

Балық аулауға бармақ болып келіскен Болат пен Серік бүгін ерте оянды. Ауылдың сыртындағы қамысты өзеннің иіріміне келді. Шөбі белуардан келеді. Совхоздың егіс алқабы өзенді жиектеп өтетін. Жиектің ашық жерін тауып алып, балық аулауға дайындала бастады. Болат маңайға көз салып тұрған. – Ананы қара! - деп, шошына дауыстады. Серік жалт қарады. Дәл қастарында үйіліп жатқан бидайды көріп, аңырап тұрып қалды. Жанжақтарына қарап еді, қыбырлаған ешкім көрінбейді. – Жүр, ауылға тез жетіп, бастықтардың біріне хабарлайық, - деді Болат.

– Түнде аңдысақ қайтеді? Машинаның нөмерін білсек болғаны. Мүмкін ұрыларды да танырмыз. Совхоздың адамдары болып қалар, - деді Серік. – Екеуі қараңғылық түскенде келіп, талдың арасына жасырынды. Ұрыларды аңдып отырды. Ұзақ күткен діктен шыдамдары тауысылып, мазасыздана бастады. Қолдар ын бір сілтеп, кетуге ыңғайлана бергенде, жарық көрініп, мотор үні естілді. Екеуі бұғып жатып қалды. Машинаның жарығы үстерін жалап өтіп, бидай үйілген жерге келіп тоқтады. Машинаның нөмеріне көзі түскенде,Серіктің өңі бұзылып, не істерін білмей қалды. Көкесінің машинасы – АКТ – 23-96. Дабырласып сөйлескендердің ішінен әкесінің даусын анық естіді. – Жүр, Болат, кетейік. Мынау – көкемнің машинасы, - деп, үрейлене сыбырлады. – Көкең ұры болғаны ма? – Болат тың сөзі өңменіне пышақ сұғып алғандай болды. – Ешкімге айтпа, жарай ма? – деген сөзді даусы дірілдеп, әрең айтты. – Жарайды! – деген Болаттың сөзінен мүсіркегендік, аяушылық сезіліп тұрды. Ызаға булығып қорланған Серік ауылға қарай жүгіре жөнелді. Баласының өңін көріп таңырқаған анасына еш жауап берместен, өз бөлмесіне кіріп, шешініп жатып қалды. Таңертең шай үстінде анасы: – Неге жүдеп отырсың? Бір жерің ауырып жүрген жоқ па? – деп еді:

– Көкем ұры. Түнде бидай ұрлады. Біз көрдік, - деді де құйған шайын сырғыта салып, үйден шыға жөнелді. Анасының: – Тоқта, қайда барасың? Саған не болған? – дегеніне қараған жоқ. Ертеңінде таңертең: – Ақылды менің құлыным! – деген дауыстан оянып кетті. Көкесі басынан сипап, маңдайын иіскеп жатыр екен. Көкесінің іс-әрекеті, ақылкеңесі, ақжарқын күлкісі бәрі де алдамшы, жасанды болып көрінді. – Ой, айналып кетей ін, мені ұры деймісің? Көкеңнің совхоз мүлкін ұрлағанын қашан көріп едің? Жастықтан басын жұлып алып: – Өзен жиегіндегі бидайды ұрлаған кім? Оны түнде қайда апардың? Мені білмеді деймісің? – деп Серік жасаураған отты көзімен тесіле қарады. Көкесінің басын сипай берген қолын итеріп жіберіп, сырт айналып, солқылдап жылап жіберді. – Балам-ау, түсінсей- ші! Сол күні біздің бөлімшедегілер көз байланғанша орды. Машинамен қырманға бидай тасып таптау үшін бункердегі толған бидайды жерге төгуге мәжбүр болған. Келесі күні күндіз тасуға қолымыз тимеген соң, түнде комбайндар тоқтағаннан кейін барғанбыз, – деп көкесі түсіндіріп жатқанда: – Әлкең қайда? – деген дауыс шықты. – Мен мұндамын.

– Бұл көкесімен бірге істеп жүрген, машина айдайтын Жұман еді.

– Тез, жүрейік, комбайндер астықты тағы да жерге төгіп кетер. Серік есік алдына шықса, машиналарына от алдырып жүргелі жатыр екен. Көкесі кабинадан басын шығарып: – Өскенде нағыз азамат боласың, балам! – деп сүйсіне қарап, жүріп кетті.



  • Серіктің азамат бола бастағанын неден байқауға болады?

  • Нағыз азамат болу қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп ойлайсыңдар? Неліктен?

  • «Азаматтық парызды дұрыс орындау» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Азаматтық парызын дұрыс орындап жүрген қандай адамдарды білесің? Айтып бер.

  • Өзіңді азаматпын деп санайсың ба? Неліктен? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Бауыржан Момышұлының «Парыз» ұғымына берген түсініктерін оқып, талдаңдар.

  • Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді.

  • Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады. Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

  • Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

  • Парыздан биік шың жоқ.



6-тапсырма Мәтінді оқыңдар. Рөлдерге бөлініп, сахналап көрсетіңдер. Әдібай Табылды

Борыш пен парыз

Қатысушылар: Асан – атасы, Дарқан – немересі.

Ортаңғы бөлмеде Асан ата немересімен әңгімелесіп отыр.

Асан ата: Ия, Дарқаным, бүгін атаңа қандай сауалың бар?

Дарқан: Ата, Әділ ағай келесі сабақта «Борыш», «Парыз» деген сөздердің мағынасын талдаймыз деп еді. «Борыш» деген не?

Асан ата: «Борыш» деген сөздің мағынасы зор, балам. Ата-анаң сені тәрбиелеп, өсіреді. Сен өскенде ата-анаңды асырап, оларға қызмет етуге міндеттісің. Ол міндетті халқымыз «Борыш» деп атайды.

Дарқан: Кешіріңіз. «Борыш» деген кәдімгі өзіміз ішіп жүрген нәрсе екен деп ойлап едім.

Асан ата: (күліп). Әрбір сөздің мағынасын түсініп ал, балам.

Дарқан: Ал, «Парыз» деген не, ата?

Асан ата: Әрбір саналы адам өсе келе ата-анасына, еліне, Отанына, қолынан келсе, бүкіл адамзатқа жақсылық жасап, адамдық міндеттерін орындауға тиіс. Бұл «Парыз» деп аталады. Туған елге қызмет ету – перзенттік парыз болады.

Дарқан: Ата, борыш, парыз деген сӛздердің мағынасын енді түсіндім.

Асан ата: Әрбір сөздің мәнін терең түсінгенің жақсы, балам.

Дарқан: Ата, амандық болса, көресіз, мен өскенде ата-ана алдында борышымды, ел алдында парызымды өтеймін.

Асан ата: Ниетіңнен айналайын! Ол үшін осы бастан білімді, еңбекқор, өнерпаз болуға құштарлан, балам.

Дарқан: Әрине, ол жағынан аздап әрекет бар ғой, ата!

Асан ата: (мейірлене сүйіп). Шүкір, амандық болса, атаң ол қызығыңды да көреді! Отан сүйер ұлан бол! Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандар дың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын. Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен, Арым бар, намысым бар жан тербеткен. Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен. Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!

Б. Момышұлы.





Топпен өлең айту. Өлеңі: Әбжан Омарқұл

Байқоңыр Әні: Мэлс Керейбаев

Байқоңыр, Байқоңыр,

Бұл – ғарыш алаңы. Қ-сы: Ұшамыз алысқа,

Ғажайып сонда өмір, Шолпанға, Марсқа.

Паш еткен даламды. Құс жолы құпия,

Жетеміз ғарышқа!

Боламын ғарышкер Қ-сы: Ұшамыз алысқа,

Тоқтар мен Талғаттай. Шолпанға, Марсқа

Көк жүзі күлімдеп, Құс жолы құпия,

Ер ұлын тапқандай. Жетеміз ғарышқа!






7. Үй тапсырмасы.

1. «Табиғат» сөзіне ребус құрастырып келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет