Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет12/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 30 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘСЕМДІГІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Өздерің тұратын жердің қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріндегі ұнайтын көріністердің суретін салып, қорғайды.




3. Дәйексөз.






4. Әңгімелеу Өтебай Тұрманжанов

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен, Түлігі өскен алуан-алуан,

Жерінде гүл жұпар сепкен. Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем! Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем! Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар, Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ақ күмістей қаласы бар. Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем! Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем! Осы менің туған өлкем!


  • Туған жердің сұлулығы адамға қалай әсер етеді?

  • Адам неліктен туған жерін аңсап тұрады?

  • «Жері байдың елі бай» деп айтудың себебі неде?

  • Өзің әсем жерлерді көргенде қандай сезімге бөленесің? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

5-тапсырма: «Туған жер – әсемдік аясы» тақырыбында эссе жазу.

6-тапсырма: «Туған жер» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазу. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.



Шымқала

Туған жерім
Қорытынды: Әркімге туған жері ыстық. Туған жердің әсем табиғаты жылдың төрт мезгілінде де ғажайып көріністерімен таң қалдырып тұрады. Көрнекті жазушы Ақселеу Сейдімбек «Дүние дидарындағы ең сұлуды, ең қымбатты, адам баласына ең жақынды, ең қаталды, ең дананы, қара қылды қақ жарған ең әділді аташы!» десе, «Табиғат!» дер едім», деп әділ баға берген болатын. Табиғаттан барлығын табуға, барлығын үйренуге болады. Табиғат адам үшін ашық кітап тәрізді. Табиғаттың сұлу да әсем, көрікті келбеті жайылған дастарқан сияқты. Табиғат адамға қуаныш сыйлайды, шабыт береді.



6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Менің өлкем Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Көрікті өлкеме қарашы, Жерімде әрқашан мереке,

Тізілген орман-тау, қаласы. Еңбек пен достықтан басталған.

Алтай мен Атырау арасы – Дәулеті шалқыған береке,

Қазақтың кең байтақ даласы. Кең далам – жазылған дастарқан.





7. Үй тапсырмасы.

1. «Туған жер – туған өлкем» тақырыбында өз қалаңның көрікті жерлерінің суреттерінен коллаж жасап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 31 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ЖЕР – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған жер – туған өлкем» тақырыбында өз қалаңның көрікті жерлерінің суреттерінен коллаж жасап , қорғайды.






3. Дәйексөз.

Мықты болсаң, жердей бол. Халық нақылы

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Жақсылық Кенжалиев

Бесік

Кең бөлмеде үшеу... Сәуле, анасы, сосын бесікте жатқан інісі. Терезеден күн сәулесі құйылып тұр. Өзімен-өзі ойнап отырған Сәуле анасына қарайды. Анасы болса бір қырынан бесікке сүйеніп алып, бұның інісін емізіп отыр. Сол бойда бұл досы Шолпанның анасы айтқан мына бір әңгімені еріксіз есіне түсірді. – Әрбір қазақ баласы үшін бесік екеу: біріншісі жер, екіншісі тал бесік. Жер бесіктің табиғи өз заңы бар: жылдың төрт маусымы және оның күні, түні болады. Сендер әлі кішкентайсыңдар... Өсе келе оқисыңдар, түсінесіңдер...- деген де ойнап отырған Шолпан екеуі ауыздарын ашып: «қалай көп біледі, ә..? деп таңданған. – Сонда бәрімізді жер бесік тербетіп тұра ма?- деген Шолпанның сұраулы жүзіне анасы: – Әрине, құлыным, Жер-ананы бәріміз қадірлей білуіміз керек, - деген. Енді міне... Кенет анасы кейін серпілді де, өңірін қымтады. Сосын асықпай бесікті тербете бастады. Бір кезде Сәуленің көз алдына ойда жоқта бір суреттер елесте ді. Өйткені бесіктің бас жағы мен аяқ жағының өзі бірдеңеге өте ұқсас екен. Қарап тан-қарап отырып таң қалды. Ия.ия тап солай. Аумайды-ау, аумайды... Айтпақшы неге ұқсайды? Ұқсағанда да... Бейне көршілес отырған екі үй. Сол екі киіз үйді үйді бір-бірімен жалғастыр- ып тұр... Және тағы екеуі де бірдей: тербетіледі дерсің. Демек, Жер-ана бұларды тербетіп барады. Ал анасы бесікте жатқан інісін тербетіп отыр. Олай болса, адам баласы қашанда Жер-ананың әлдиінде екен. – Бесік неге керек? - деген Сәуле былай шыға анасының шалғай ына жабысқан күйі. – Балам-ау, бесіксіз адам баласының күні бар ма? Небір ғұлама- данышпандардың өзі осы бесікте жатып өсті, енді, ер жетті... – Сол бесіктің өзі екі киіз үйге ұқсайды екен... - деп, Сәуле де өз болжа- мын анасына айта бастады. – Ақылыңнан айналдым, ботам менің. Сондықтан да ғой... Аспанымыз ашық, жер бетінде тыныштық болсын деп бүкіл адамзат баласының тілейтіні... – деп, анасы қызын бауырына қысты, басынан, шашынан иіскеді.



  • Жер ғаламшары несімен ерекше?

  • «Жер – жайлы мекен» деп неліктен айтады?

  • «Жер – жамылғы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жер мен адамның қандай байланысы бар?

  • Өзің жерді не үшін қадірлейсің?




5. Шығармашылық жұмыс

2-тапсырма : Өлеңді оқып, жерге ризашылық білдіріп, алғыс хат жазыңдар. Ақылбек Шаяхмет

Жер басып жүрміз бәріміз

Жер басып жүрміз бәріміз, Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз. Ол біздің ортақ үйіміз.

Мәңгілік келген сәніміз, Әуелеп шықсын әніміз,

Табиғат берген сыйымыз. Күмбірлеп шықсын күйіміз.
3-тапсырма: Жерді қорғау туралы ереже құрастырып жазыңдар.

Қорытынды: Жер – ерекше ғаламшар. Жер – адамдардың өмір сүріп, тіршілік етуіне қолайлы, жайлы мекен. Жер ғаламшары Ғарыштан қарағанда ашық-көгілдір және ақ түстермен ерекшеленеді. Жер – Күнді айналатын бірден-бір ғаламшар. Күн Жерге қуат береді. Жер барлық жанды-жансыз тіршілік иелеріне нәр береді.





6. Топпен өлең айту.




7. Үй тапсырмасы.

1. «Жер – ғажап ғаламшар» тақырыбында коллаж құрастырыңдар






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 32 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ЖЕР – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.



Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жер – ғажап ғаламшар» тақырыбында коллаж құрастырыңдар




3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу. Қаржаубай Омаров

Күн Айды іздеп жүр (Ертегі)

Күн мен Ай үнемі бірге ойнап, бірге жүріпті. Екеуі өсе келе өздерінің жарығы түскен Жерге қызықтап қарайтын болады. Одан мал бағып, егін егіп жүрген адамдарды, түрлі аң, құстарды көретін. Аспанды күркіретіп, найзағай ойнатып, оларды қорқытып, мәз болыса- тын. Содан бір жылдары Жерден Күнге Адам деген елші келіпті. Ол: – Күн қалқам, сенің нұрың жер бетін тіршілікке бөледі. Өсімдік өсіп-өніп, құрт-құмырсқа қыбырлады. Бірақ біз өне бойы ыстыққа шыдай алатын емеспіз. Соны айта келдім, бір амалын тап, шырағым, - деп кетіп қалыпты. Адамның бұл өтініші Күнге ой салады. Өзінің қарындасы Аймен ақылдасады. – Адамдарға көмектесу керек... – дейді, Ай мұңайыңқырап. Дегенмен, Күн мен Ай ақылдасып жүріп, көп уақытты өткізіп алады. Жердің беті жылан тілімен жалағандай қуарып, талай өзен суалады. Адамдар Күннің нұрынан пайда болған апатқа шыдай алмай, таңдайлары кеуіп, еріндері кезеріп, талықсып жатады. Баяғыда Күнге елші болып барып қайтқан адам дүние жүзіндегі үрім-бұтақтарын жинап алып кеңес құрады. «Көп ақылы – көл» деген емес пе, жиынға қатысқандар Күнге былай деп хат жазу керек деген тоқтамға келеді: «Айналайын Күн, біз өмір сүріп, тіршілік етсін десең: жаңбыр жауып, ағаш көктеп, көк шығатын бір мезгіл жаса, оны біз «Көктем» деп атайық. Жердің беті түсті кілемдей құлпырып, жеміс пісетін бір мезгіл жаса. Оны біз «Жаз» деп атайық. Қоңыр салқын болып, жапырақ түсетін бір мезгіл жаса, оны біз «Күз» деп атайық. Қырау түсіп, қар жауатын бір мезгіл жаса, оны біз «Қыс» деп атайық»,- деп жазып, бұл хатты ұшқыр қаламға байлап, Күнге жіберген екен дейді. Күн осы хатты алысымен Адам айтқан төрт мезгіл – Көктем, Жаз, Күз, Қысты қалай жасаймын деп ойланып, әбден жүдепті. Менің жарығым неге өткір, ыстық болды екендеп өкініпті. Ай ағасы Күнге көмектеспекші болып жүріп, бір амалын тапты. Бірақ оны Күнге айтпайды. Сонда Айдың ойлап тапқаны мынау еді. – Күн аға, - дейді Ай еркелеп, - ойнап келейік, қашанғы ойлана береміз, бірауық басты тынықтырып, бой жазайық. Басы қатып отырған Күн қарындасы Айдың айтқанына көне кетеді. – Жасырынбақ ойнайық, - депті Ай оның қиқарланбағанына қуанып. – Ол қандай ойын? - депті Күн таңырқап. – Міне, былай: сен көзіңді жұмасың, мен алысқа барып жасырынғанша көзіңді ашпайсың. Онға дейін сана да, сосын іздеп, мені тауып ал, - дейді Ай күліп. – Күн көзін өтірік жұмып: «Бір,екі, үш...» - деп санай бастайды. – Ай кетіп бара жатып, артына қайырыла қарайды да: – Иә, сен көріп тұрсың, теріс қарап тұрып сана! - деді. Күн ұялғанынан қайтадан санай бастады. Ай кемеше жүзіп, көзді ашып-жұмғанша көкжиекке барып жасырынды. Күн онға дейін санап болды да өзінше іштей ойлап: «Бәрібір кеткен жағыңды білем, қазір-ақ тауып алам!» деп қуып береді. Күн көкжиекке батып кеткенде, өзін таба алмағанына сылқ-сылқ күліп, Ай аспанның төріне шығып алып, қалықтап қыдырып жүреді. Күн мұны шаршап шалдығып іздеп келе жатқанда Ай тағы да көкжиекке жантаяды. Осылайша әлденеше рет сарыла іздегенімен таба алмайды. Өзін таба алмасына көзі жеткесін Ай Күнді мазақ қыла бастайды. Күн таңертеңгісін ұясынан оянып, өзін іздеп көкжиектен көтеріліп келе жатқанда Ай дөңгелек бетін өзгертіп, қауынның бір тілігі сияқты болып тұра беретінді шығарды. Күн содан бері Айды іздеп жүр, іздеп жүр. Күн Айды іздегеннен бері Адамдардың тілегі орындалып, Жерде ауа-райы өзгереді. Күн Айды бүгін-ертең табам-ау деп үміттеніп жүрген мезгіл – «Көктем» деп аталады. Күн Айды тезірек көрсем деп қатты сағынған мезгіл – «Жаз» деп аталады. Күн Айды таба алмай жылап, көңілсіз жүрген кез – «Күз» деп аталады. Күн таптырмаған Айға ашуланып, қабағынан қар жауып жүрген кез – «Қыс» деп аталыпты. Адам Күннің Айды іздеу үшін ұйқысынан оянып, аспанға кӛтерілген көкжиегіне «Шығыс» деп ат қойыпты. Ал Күннің Айды әбден іздеп, шаршап-шалдығып, демалуға жатқан көкжиегіне «Батыс» деп ат қойылыпты. Адам Күннің шығыс- тан көтеріліп, батысқа дейін Айды іздеген уақытты «Күндіз» деп, ал ол ұйықтап, аспанда Ай қалықтап жүрген уақытты «Түн» деп атаған екен. Күн Айды әлі іздеп жүр. Егер тауып алса, Жердің бетін бұрынғыдай аңызақ ыстық қуартып жіберіп, адамдардың «Көктем, Жаз, Күз, Қыс болсын» деген тілегі орындалмас еді. Ақылды Ай осыны ойлайды да, Күнге әлі таптырмай келеді. Күн Айды іздей береді.

  • Адам Күнге қандай өтініш жасады?

  • Жер қандай жағдайға душар болады?

  • Күн Айды неліктен таба алмады?

  • Жердегі жыл мезгілдері қалай пайда болды?

  • Ай неліктен Күнге көрінбей жүр екен?

  • Күн мен Айдың Жермен қандай байланысы бар?

  • Саған Жер ғаламшары неліктен ұнайды? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Кестені толтырыңдар.



Жердің адамға қамқорлығы


Адамның жерге қамқорлығы









5-тапсырма : Өлеңді оқып, сурет салыңдар.

Жомарт дала Мүбәрәк Жаманбалинов

Қайда болдың, бал ара? Жауқазын дәм татырды

– Жүрдім бақта, далада. Райхан да шақырды.

– Неге жүрдің далада? Раушанның, алманың

– Қонақтадым аралап. Бәрін-бәрін шарладым.

Күлді күллі атырап, Бәрінен де бал алдым,

Жайыпты гүл, жапырақ. Жомартын-ай даланың!

6-тапсырма: «Ғаламшар» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер тауып жазыңдар. Ғ...; А...; Л...; А....; М....; Ш...; А...; Р.... .

Қорытынды: Жер ғаламшарының басқа ғаламшарлардан айырмашылығы бар. Жердің табиғаты жасыл желегімен, көгілдір мұхит, көл, өзендерімен, таулы, далалы, шӛлді жерлерімен ерекше. Жер ғаламшарына су көп жиналған. Жер бізге тағам, баспана, киім-кешек және минералдар береді. Жер адамдарға, тіршілік иелеріне өмір сүруге мүмкіндік беретін оттегімен қоректендіреді. Жер ауаны реттеп, төтенше қызып кетуден қорғайтын жамылғы іспеттес. Жер – адам баласы үшін құтты қоныс. Жерді қадірлеу, аялау адам баласына парыз.





6. Топпен өлең айту. Сөзі: Тұманбай Молдағалиев

Қазақ жері

Жатыр бұлттың ішінде Не керектің бәрі де

Тауларымыз – биік тау. Табылады бұл жерден.

Барлық жердің ішінде Көгімізде күн ғажап

Сол жер маған сүйікті-ау. Күлімдейді үнемі.

Қосыл досым, әніме Өз жеріндей қазақтың

Жаным-жомарт, күн кеуде. Жаны жомарт біл оны.





  1. Үй тапсырмасы.

  1. «Менің басымдағы бір қызықты оқиға» тақырыбынды жазып келген эсселерін оқиды.

  2. ТЕСТІЛЕУ:

1-тест : Мұғалім шығармашылық жұмыстармен айналысу үшін табиғат аясына баратынымызды айтты. Сенің әрекетің қандай?

А) Мен шығармашылық жұмыстармен айналысу үшін табиғат аясына барамын. Ә) Мен бармаймын

. Б) Мен шығармашылық жұмыспен айналысуға ерінетіндіктен, бармаудың амалын ойластырамын.

2-тест: Әпкең ыдыс жуғанда суды бекер ағызып жатқанын байқадың. Сенің әрекетің қандай?

А) Әпкеме суды үнемдеу керектігін айтамын.

Ә) Бұған көңіл бөлмеймін.

Б) Суды үнемдеу керектігін білсем де, әпкемнің ісіне араласпаймын.



3-тест : Мұғалім туған жердің әсемдігі туралы эссе жазуды тапсырды.

Сенің әрекетің қандай?

А) Мен бұл тапсырманы орындамаймын.

Ә) Мен туған жердің әсемдігі туралы эссе жазуға сенімсіз болғандықтан, сылтау айтамын.

Б) Мен туған жердің әсемдігі туралы эссені қуана жазамын.

4-тест: Біздің сынып оқушылары «Жер – ортақ үйіміз, таза сақтау ізгі іс» акциясын өткізуге дайындалып жатыр. Сенің әрекетің қандай?

А) Мен бұл акцияға атсалыспаймын.

Ә) Мен акцияға міндетті түрде атсалысамын.

Б) Мен бұл акциядан сырт қалған дұрыс деп ойлаймын.



«Даналық іздері» жобасы

Жоба бойынша жұмыс қорытындысын шығарыңдар. Мерекеге кімдерді шақыратындарыңды ойланыңдар. Мерекені ұйымдастырарда сендердің ілтипаттарың мен қамқорлықтарыңды ерекше қажет ететін жандар барын естеріңнен шығармаңдар.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет