Өзін-өзі тану сабағының жоспары
№75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 33 сабақ
Сабақтың тақырыбы: БАЛАЛЫҚ ШАҚ МЕЙРАМЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар:
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- «Менің басымдағы бір қызықты оқиға» тақырыбынды жазып келген эсселерін оқиды.
|
|
3. Дәйексөз.
Бейбітшілік – ел ұраны Нақыл сөз
Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар
|
|
4. Әңгімелеу. Әдібай Табылды
Әрқашан күн сөнбесін!
Бейбітшілік тақырыбына арналған әдеби музыкалық қойылым. Қатысушылар: Бастаушы, Ваня, Дин Хуан, Ганс, Джон, өнершіл балалар мен қыздар.
Сахнада бейбітшілік пен балаларды қорғауға арналған безендіру. Өнершілдер топ-тобымен өз өнерлеріне лайықты орналасқан.
Бастаушы (тебіреніп):
Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған.
Күлсін деп күнге қараған!
Жарқырап тұрсын күніміз,
Жайқала берсін гүліміз!
Бар елге қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
«Бейбітші лік туы берік қолда» әні хормен айтылады . Бәрі көк жалаушаларын бұлғай көтеріп, орындарында тұрып маршқа басады.
Хор соңынан Ваня, Дин Хуан, Ганс, Джон кезек-кезек бір адым алға шығып, бейбітшілік туралы тақпақ айтады.
Ваня (күлімдеп):
Ақ көңіл, досшыл боламын,
Аппағы менмін ананың!
Бейбітшіл әрбір досымның
Ісіне мен де қосылдым!
Дин Хуан (елжіреп):
Вьетнамдық Хуанмын,
Жауымды жеңіп жұбандым!
Жетімек едім өксіген,
Достарды тауып, қуандым!
Ганс (күлім қағып):
Бақытты жас Ганспын,
Барлығыңмен таныспын!
Сендерді, достар, сүйемін,
Хат жазып, хабар алыстым!
Джон (күлімдеп):
Қап-қара негр баламын,
Қарашығымын анамның
Бостандық – достық талабым!
Бар бала маған дос екен!
Бақытты болып өссе екен!
Асан (масаттанып):
Өнершіл өрен Қазақпын!
Ӛсірді бейбіт, азат күн.
Тым ыстық – достық, туыстық,
Тыныштық күні – ғажапсың!
Бесеуі (қосылып, қолдарын түйістіре):
Бір-бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз! Бесеуі орындарына тұрады. Өнершілдер бірінен соң бірі адым алға шығып, бейбітшілік туралы тақпақ айтады.
Ұл бала (тебіреніп):
Ау, адамдар – даналар!
Соғысқа қарсы балалар,
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар!
Тындырсын халық мол ісін,
Тыныштық керек ол үшін!
Қыз бала (шаттана тебіреніп):
Біздің жер гүл-гүл жайнайды.
Балалар еркін ойнайды.
Өйткені Отан ұлы елім –
Бейбітшілік тірегі.
Бәрі (қосылып):
Бейбітшілік – ұранымыз,
Бейбітшілік – жыр, әніміз.
Таңғажайып ұлы Отанда,
Тату-тәтті тұрамыз біз!
Ән : Бейбітшілік жыры»
Әлем сүйген салтымыз бар, Қорғау үшін өмір көркін –
Бейбітшілік – ел ұраны. Бүгіннен де ертең нұрлы.
Өмір сүйген халқымыз бар, Болдырмаймыз соғыс өртін,
Бейбіт елдің біз ұланы. Достар берік сапқа тұрды.
Қ - сы: Ел ұраны мәңгі анық,
Халықтар өмірді қорғайды, Әр жүректе жатталады.
Әділет ұранын қолдайды. Қолға алса барлық халық,
Кел достар, шырқайық, әр елде, Бейбітшілік сақталады.
Бейбіт күн жасасын әлемде!
(Бәрі әннің қайырмасына қосылады)
Қыз бала (ерекше қуанышпен): Халықтар достасса, Қамқор боп дос досқа, Тыныштық сән құрып, Орнайды мәңгілік.
Тақпақ биге ұласады. «Ақ кӛгершін» биін екі қыз немесе бірнеше оқушы орындайды.
Бастаушы (тебіреніп): Бейбітшілік ұранымыз – Бейбіт елде тұрамыз біз. Берекелі еңбек етіп, Бейбіт заман құрамыз біз!
Хор («Әрқашан күн сөнсебін!»). Барлығы жалаушаларын бұлғап, орындарында марш басып, жігерлі шабытпен орындайды.
Бейбітшілік дегенді қалай түсінесіңдер?
«Татулық – бақыт бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?
Сенің мақсатың қандай? Айтып бер.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Өлеңді оқыңдар. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашып айтып беріңдер.
Біздің тілек Ғаббас Жұмабаев
Бізге ашық күн керек, Тыныш болып жер беті,
Аспан керек мөп-мөлдір. Түршікпесін денеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр. Ағаларға ереміз.
2-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.
3-тапсырма: Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Нені білдім?
|
Не үйрендім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
Қорытынды: Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім беретін пән. Өзіңді тани алсаң, өзгелерді, әлемді тани аласың. Адам ішкі тыныштығын сақтап, әрдайым тек жағымды ойлап, сөйлеген сөзіне, істеген ісіне жауап -кершілікпен қарауы тиіс. Адамға лайықты іс – ол тек шындықты айту, сабырлы болу, жақсылық жасау. Ізгілікке ұмтылу – бақытқа бастайтын жол.
|
|
6. Топпен өлең айту.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1..
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 34 сабақ
Сабақтың тақырыбы: БАЛАЛЫҚ ШАҚ МЕЙРАМЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
|
|
3. Дәйексөз.
|
|
4. Әңгімелеу Сырбай Мауленов
Балалық
Балалық – қиялдың әлемі,
Ғажайып сәуленің гүлдері. Жапырақтарын жайнатып,
Балалық – бұлбұлдар әуені, Әлдилесе бақша-бау.
Балалық – наурыз күндері. Балаларға сол бақыт
Балалық – алтын таң шақтары, Жаз орманда жақса алау.
Балалық – найзағай ақ жалын. Балаларға сол бақыт –
Балалық– аспанның бұлттары, Аман болса әкесі
Балалық– толассыз ақ жауын. Қатар өссе тәтесі,
Балалық – орманның бүршігі, Аман болса анасы,
Балалық – қоянның көжегі. Жүрсе алдында ағасы,
Балалық – бақаның у-шуы, Болса мөлдір өзені,
Балалық – даланың өзені. Болса байтақ даласы!
Өлеңдегі балалық туралы айтылған сөздерді қалай түсінесіңдер?
Өздеріңді қандай сәттерде бақытты сезінесіңдер?
Сендердің тілектерің қандай?
Өзің нені армандайсың? Айтып бер. .
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
4-тапсырма: Жазғы демалыс кезінде немен шұғылданатыныңды айтып бер.
5-тапсырма: «Даналық іздері» жобасының қорытындысын ортаға салып айтыңдар.
6-тапсырма: Өзін-өзі тану сабақтарынан алған жақсылықтарды естеріңе түсіріп, сахналау, концерт, ойын түрінде презентация жасаңдар.
Қорытынды: Адам өмір бойы өзін-өзі танумен айналысады. Өзін таныған адам өзін, өзгелерді, әлемді тани түседі. Ондай адам ақиқат жолы мен жүреді, әділдікті жақтайды. Өмірдің мәнін түсінген адам өзіне не қажет екенін біледі. Ондай адамның ниеті түзу, тілек-қалаулары орынды, ісі игілікті болады. Ол үшін өзіңе-өзің есеп беріп, өзіңді-өзің бақылап, мінезіңді жақсартумен айналысуың керек. Алдымен өзіңдіөзі тани біл.
|
|
6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Оспанхан Әубәкіров
Каникул жыры Әні: Салтанат Сұлтанова
Қырдың гүлі, Күннің нұры, Еліміздің, Жеріміздің,
Қол бұлғайды сая бақ Жазы жаннат, тамаша
Асқар белдер, Толқын көлдер, Дала қандай, Қала қандай,
Құшақтайды аялап. Көз тоймайды қараса!
Шығысқа да, Батысқа да,
Бастап жүрді Күн мен Ай
Жер мен кӛкпен Серуендеткен
Каникулдың күндері-ай!
|
|
Үй тапсырмасы.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |