Сабақтың тақырыбы: Бозторғай дала сәні. Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту



Дата27.12.2016
өлшемі76,66 Kb.
#5766
түріСабақ
Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бозторғай – дала сәні.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту.

Сабақтың міндеттері: а) Әңгіменің мазмұнын түсіндіру.Әңгіменің

идеясын ашып талдауға үйрету. Бозторғайдың

тіршілігі, дене тұрқы, наным - сенімдер туралы

түсінік беру.

ә) Құстарға қатысты халық болжамдары,

дәстүрлерді айта отырып, тілін, ой-қиялын

ұштау. Құстар әлеміне деген қызығушылығын

арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

б) Табиғаттың жаршысы – құстарды қорғауға,

қамқорлық жасап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Оқытудың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, слайд.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1. «Құмдағы құпия» әңгіменің мазмұнын сұрау

2. Сұрақ – жауап мазмұнын толықтырып әңгімелеу

3. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар

жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.



- Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса

жаңбыр жауады.

- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.

- Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

- Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.

- Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.

- Шағала келсе сең бұзылады.

- Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.

- Бозторғай ән салса, күн ашық болады.

- Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды

болады деп күткен жөн.

- Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп

ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.

- Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар

жасаса, күз ұзаққа созылады.

- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
ІІІ Жаңа сабақ
-Ендеше, біз бүгін бозторғайдың тағы қандай қыр - сырлары барын білеміз. «Бозторғай – дала сәні» әңгімесімен танысамыз.

(Күннің жады жазылады)

Марат Бекбосын қазақстандық жазушысы, Абай атындағы ҚҰПУ-нiң “Абайтану” ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкерi, филология ғылымдарының кандидаты.


1) Бозторғайдың сайрап тұрған даусын қосып, мәтін оқылады.

2) Оқулықпен жұмыс:

а) тұтас оқыту

б) тізбектеп оқыту

в) сұрақ – жауап әңгімелеу:

- Бұл мәтіннен бозторғай туралы қандай жаңа деректер білдіңдер?

(Қазір, бозторғай туралы, оның түрі, тіршілігі туралы

толық мәліметті биология пәнінің мұғалімі Әлиева Аққүл

апай таныстырады.)

- Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен?

(Тауып оқыту)

- Осы ырымдардың мәні неде?

Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында

киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің

бастауы, бақыт әкелуші, ырыс-құттың нышаны деп білген.

Халқымызда Киелі жануарларға құмырсқа, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, бүркіт, аққу, тырна, арқар, киік (ақбөкен), төрт түлік мал жатады.

- Балалар, сендер мал, аң, құс, жәндіктерге байланысты тағы қандай наным – сенімдерді білесіңдер?
Дәуіт – құс ұясындағы жазықсыз қызылшақа балапандарды құтқарушы. Үйге дәуіт кірсе, бәріміз қуанып, енді жақсылық болады, бақытты боламыз, отбасымыз аман болады деп айтамыз. Аққу – пәктіктің нышаны.
Қазақ төрт түлік малды қастерлеген. Киелі малды сатқанда, не тарту еткенде жылқының ноқтасын, жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіттің томағасын, иттің қарғы бауын бермей алып қалады.

Сол малдың киесі үйде қалсын, әрі қарай малдың басы өсіп, көбесін.


Қарлығаш – адамның досы.

Төле бидің “Қарлығаш” деп аталуы жөнінде аңыз бар. Аумалы-төкпелі заманда Ташкент маңайындағы қазақтар тұтқиылдан келген жаудан үрке көшкенде Төле би Ақбұрқан жайлауында көшпей отырып қалады. Бір күні жоңғар жаушылары келіп, Төле биге сені хан көшсін деп жатыр дейді. Сонда Төле би айтыпты: “Ата-бабамыздың әдеті бойыша шаңыраққа ұя салған қарлығаш балапандарын ұшырғанша көшпей отыра береді. Мен ол салтты бұза алмаймын. Ханыңа солай айта бар” депті. Хабарды естіген хан ойланып: “Ойпырай-ай, ә, мынасы бір жақсы дәстүр екен, жарайды, тимей-ақ қойыңдар”, — десе керек.

Міне қазір де наным – сенімдерді, дәстүрлерді ұстанып келеміз.
Біздің халық ежелден аң- құстарға әуес, оларға деген

сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа

теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе,

төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін

жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын

аққуға теңегені белгілі. Соған байланысты қазақтар ұл-

қыздарына құстардың аттарын қойған.

- Құстарға теңеп қойған қандай аттарды білесіңдер?

(Тоты, Қарлығаш, Торғай, Бүркіт, Сұңқар, Бұлбұл)
- Бозторғайға, бұлбұлға ұқсап, тамылжыта ән салған әншілерді

атаңдаршы. (Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Р,Рымбаева, М.Жүнісова)


- Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбіне ән-

күймен тамырласып жатады.

(Бозторғайдың музыкамен байланысын Сағынаева Гүлдана

апайларын таныстырып өтеді). Ән: Бозторғайым


3) Дәптермен жұмыс:

Мәтінге жоспар құрып жазу:

1. Бозторғай – дала сәні

2. Бозторғайдың жұмыртқалары

3. Бозторғайға қатысты жөн - жоралғы

4) Сергіту сәті:

Жұмбақтар шешу:

Су бетін сызып,

Аққұман жүр жүзіп. (Аққу)

Шүнтиіп қос құлағы,

Түнде көрер қырағы. (Үкі)

Әуеде бір ноқат

Тапжылмай қалқып тұр.

Әдемі бір ырғақ

Аспаннан шалқып тұр. (Бозторғай)

Тоқ – тоқ ағашты ояды

Ондағы құрттарды тауысып қояды. (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп, тамағын табады,

Үйіме үйін балшықтан салады. (Қарлығаш)



5) Шығармашылық тапсырма:

- «Бозторғай – дала сәні» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады?

Ендеше, «Бозторғай» тақырыбына әңгіме, өлең жазу.
V Қорыту

- Санаулы күннен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

- Көктемнің ерекшелігі неде? Сәні неде?

Біріккен ұлттар Ұйымының шешімі бойыншка 1 сәуір – Халықаралық Құстар күні болып белгіленді.


Табиғат Ана, құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық.

Ол болмаса, сен жоқсың,осыны ұқ!

Адамзат! Табиғатты аялайық!



ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге: мәтінді оқып мазмұндау, құстардың суреттерін жинақтап

альбом жасау, мәлімет жинақтау. 65 – бет

Даланы мен де

Сүйемін сендей,

Бауырмал құсым!

Назыңнан әсем,

Сазыңнан әсем,

Жаңылма, құсым!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тауқымет тартып,

Тарықпа, жаным!

Қорықпа, жаным!

Құшағымды ашып,

Кеудеме басып,

Берейін жалын!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?



Оқушы «Бозторғай» тақырыбына дайындап келген мәнжазбаны оқиды.

Бозторғайлар – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған. Қазақстанда 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Бозторғайлар жердегі шұқырларға, ұясын бұта түбі, шөп арасы қатарлы аласа жерге ұялап, оған 2 – 5 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.


5) Бозторғай тынышрықты төтенше сүйетін құс, ұясына озгелер жолап кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет