Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет8/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 20 сабақ



Сабақтың тақырыбы: БАТЫЛДЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмаш Кенебаев «Нағыз батыр ол маған» жатқа айту .






3. Дәйексөз.




Әңгімелеу.

Табанды бала (Аңыз әңгіме)

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады. Кішкентай Әлімнің кӛршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады. Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады. Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалық пайды. Енді оған оқитын кітап керек болды. Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді. Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді. Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді. Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылы ғын әлі күнге дейін еске алып отырады екен



  • Әлімнің өз мақсатына жетуіне не себеп болды?

  • Табанды болудың маңызы неде?

  • Табандылық қандай іс-әрекеттер арқылы көрініс табады?

  • Өз бойыңда табандылық бар ма? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Табандылық» сөзіне ребус құрастырыңдар.

(табан балық, доп, ыдыс, лақ, тауық суретін сал).

2-тапсырма: Өлеңді оқып, «Батылдық» ұғымы қандай адамгершілік қасиеттермен сәйкес келетінін анықтаңдар. Өзіндік ой тұжырымыңды жаса.

Жұмаш Кенебаев



Нағыз батыр ол маған

Атам Отан қорғаған, Ал үйдегі әжеміз

Онда қорқақ болмаған Алғыс айтар заманға.

Алтын жұлдыз кеудеде, Міне, Сондай ата-анам!

Нағыз батыр ол маған! Мен үлкеннен бата алам!

Әкем шопан ауылда, «Батырлардың үйі» деп,

Мойымаған дауылға. Бізді ауылда атаған.

Еңбек Ері атанған, Қосылған соң қатарға,

Сыйлы бүкіл ауылға. Еңбек етем Отанға!

Батыр Ана – анам да «Болмасаң да ұқсап бақ»,

Батыр үлкен ағам да - Деген Абай атам да!

6-тапсырма: Мәтінді оқып, көкейлеріңе түйіп алыңдар. «Табандылық баспалдақтары» нұсқауын құрып айтыңдар.

Рейнольдс Додсонның кеңестері

1. Ойдағыдай болар деп ойла, бірақ ойдағыдай болмай қалатын жағдайға дайындал.

2. Әрекет жасамас бұрын әуелі бұл ісіңнің пайда-зиянын ой елегінен өткіз. Асығыстық арандатуы мүмкін. Батылдық әрекет бастар алдында асықпай ойлану қажеттігін жоққа шығарма.

3. Ақыры тәуекелге бел буған екенсің, енді ештеңеге алаңдама.

4. Орайы келіп жатса, жәрдем сұраудан да жалтарма. Жеке-дара қимылдауға талап қылғандар таудай қиындықтарға жолығады.

5. Болмашы нәрселерге алданып, шырматыла берме. Бірінен соң бірі туындап жатқан шұғыл мәселелерді шешу үстінде ең басты мақсатың ды екі елі естен шығарма.

6. Қандай қиын жағдай тумасын, шыншыл бол. Шындық ақыры анықталған кезде жалған сөздің зардабы алғашқы ағат істен әлдеқайда зор зиян әкелуі мүмкін

7. Үнемі «ойдағыдай болар» деп үміттен. Дағдарыс өзгеріс жасауға итермелейді.

Қорытынды: Табандылық – қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған адамгершілік қасиет. Табандылық – көптеген ішкі-сыртқы қиыншылық пен кедергілерге қарамастан, алдына қойған мақсатына жетуден көрінетін ерекшелік. Мұндай адам үнемі қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзімділік көрсетеді. Сөйтіп оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шыңдалып, жетіле түседі.




Топпен өлең айту. Өлеңі: Ермек Өтетілеуов

Жас дәуірдің гүліміз Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер

Көрікті шексіз даламыз. Қ-сы: Жадырап күндей,

Дәулеті тасқан, Жайнаған гүлдей

Сәулеті асқан Бақытты біздер баламыз!

Көңілді ауыл, қаламыз.

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.





7. Үй тапсырмасы.

1. Ермек Өтетілеуов «Жас дәуірдің гүліміз» жаттап, әнімен айту






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 21 сабақ



Сабақтың тақырыбы: АР - ҰЖДАН ІЛІМІ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ермек Өтетілеуов «Жас дәуірдің гүліміз» жаттап, әнімен айту






3. Дәйексөз.

Пайда ойлама, ар ойла. Абай

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар




4. Әңгімелеу. Ермек Өтетілеуұлы

Балмұздақ

Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын кішкене көршілер – Алмас, Мирас, Марал, Жанарлар аулада ойнап жүр. Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі қалтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі біркелкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінімен балаларға қарай қалықтап ұшты. Мұны бірінші байқаған Алмас: – Ақша деп айқай салып еді, балалар қолын соза көк қағаздарға қарсы ұмтылды. Әрқайсысы әп-сәтте бір-бірден, ал Мирас екі «ақша» ұстап алды. Алмас енді: – Ағай, ағай, тоқтаңыз! - деп әлі ұзай қоймаған әлгі кісіні қуып жөнелді. Марал мен Жанар да жетті жүгіріп. – Не болды, - деді бұларды таңдана күтіп алған бейта ныс. – Ағай сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, міне, - деп Алмас қолындағы көк қағазды ұсынды! – Мінеки! - деп, Марал мен Жанар да қағып алған бір-бір «ақшаларын» берді. Ал Мирас бұл кезде асығыс басып, үшінші қабаттағы пәтеріне көтеріліп бара жатқан-ды. ...Аздан соң бейтаныс ағай әлгі жерге қайта келді. Жұбы жазылмай ойнап жүрген төрт балаға күлімсірей жақындап: – Бері келіңдер, - деп оларды өзіне шақырды. Қолында қағазға оралған әлденесі бар. – Балалар, - деді сонан соң ол, орындыққа жалғасып жатып: – Әлгінде маған жинап бергендерің ақша емес, енді қажеті жоқ лотерея билеттері еді. Бірақ, сендер нағыз жігіт екенсіңдер, адал балақайлар көрінесіңдер. Сол үшін мынау – менің сендерге деген сыйым. Алыңдар! - деп қолындағы қағаз орамасынан әрқайсысына бір - бірден балмұздақ ұсынды. Балалар «рақмет» десіп, алып жатыр. Кезек Мирасқа келді. Ол: – Мен жемеймін, - деп теріс айналды. – Неге? Қой, ал! - деп бәйек болды ағай. – Жоқ, жоқ...-Мирас қашқандай болып, кетіп қалды. Оның бұл қылығына бәрі аң-таң. Әсіресе, Мирастың балмұздақты құмарта жейтінін білетін достары қайран. Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен безгенін, мүмкін, сен айтарсың?



  • Ағай балаларға балмұздақты не үшін берді?

  • Мирас неліктен балмұздақтан бас тартты?

  • Ар-ұждан дауысын ести алуға не көмек береді?

  • Арлы адамның іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • Сеніңше, ар-ұждан дегеніміз не? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Ұлағатты сөздерді мұқият оқып, ар-ұждан ұғымына өз анықтамаларыңды жазыңдар.

  • Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Бауыржан Момышұлы

  • Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.

Василий Сухомлинский

  • Арлы адам – ең күшті адам. Әбіш Кекілбаев



2-тапсырма Өлеңді түсініп оқыңдар. Берілген тапсырманы кезеңмен орындаңдар.

Ата ақылы Айтбай Хангелдин

Шындық деген – ар-ұят,

Әділдік пен адалдық.

Бол ісіңе мұқият,

Қашсын десең жамандық.

Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі.

Мәпелеген өсіріп,

Сен де еліңнің бір гүлі...

1-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын қасиеттерді анықтаңдар. 2-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын іс-әрекеттерді атап көрсетіңдер.

3-кезең. Ар-ұждан ұғымына төмендегі кесте бойынша өз беттеріңше қорытынды жазып, ойларыңмен бөлісіңдер.

v

+

?

Мен білемін

Мен үшін жаңа

ақпарат

Білгіім келеді











3-тапсырма Өлеңді оқыңдар. Өлеңді негізге ала отырып, ар-ұжданмен өмір сүретін адамға сипаттама жазыңдар.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақылды сол – нысаппен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

Қорытынды: Ұждан ілімі – рухани-адамгершілік білімнің негізі. Адамның тұлға болып қалыптасуына ата-анасы, айналасы, замандасы, тәлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қасиеттердің ісі болмақ. Шынайы адам өзіне ғұмырлық даналық жиған адам. Мәңгілік – не ексең, соны орасың деген өмір тәжірибесінің жемісі. Адам жанының жетістігі рухани әлемнің қазынасына құйылады. Әр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады. Шәкәрім Құдайбердіұлы





6. Топпен өлең айту.






7. Үй тапсырмасы.

1. Әнуарбек Дүйсенбиев « Біз өмірдің гүліміз» жатқа айту.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 22 сабақ

Сабақтың тақырыбы: АР – ҰЖДАН ІЛІМІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Әнуарбек Дүйсенбиев « Біз өмірдің гүліміз» жаттап әнімн айту.






3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу. Әлдихан Қалдыбаев

Мұны қалай түсінеміз?

Мектептің бірінші қабатына терезелерді бекер орнатады. Бала біткеннің бәрі – терезенің жауы. Балалар, әрине, терезеге әдейілеп тиіспейді, абайламай сындырып алады. Футбол теуіп, волейбол ойнасақ доп терезеге қарай ұшады, қолдағы тас немесе жентектелген қар, бәрібәрі терезенің көзін табады. Бітті, әрі қарай баланы шатақ күтіп тұрады. Бауыржан мен Марат та осындай пәлеге аяқ асты нан ұрынды. Анықтап айтсақ, Бауыржан тепкен доп, Марат тың қолынан сырғып шығып, мектеп терезесінің бір көзін қиратты да кетті. Кінәлі кім? Бір-біріне үрейлене және жазғыра қараған екеуінің жүзінде де осы сұрақ тұрды. «Кінәлі – мен» деп мойындар кейіп екеуінде де жоқ. Қайта Марат: – Терезеге неге сонша қатты тептің? - деп шап ете қалды. – Қолың қайда? Ұстасаң етті. – Менің қолымды қайтесің, өзіңнің аяғыңа ие бол. Терезені қираттың, жауап бер. – Ал, сен ше? – Мен бе, мен... Сен сындырдың дедім бе, сен. Марат сөзін аяқтамай теріс айналып, жүгіре жөнелді. Бауыржан аң-таң тұрып қалды. Сабақтан соң Рахима апайға айтуға бекін ді. Рахима апай қатар отыратын шәкірт тің бір нәрсеге келіспей қалғанын бірден аңғарған. Үшінші класта оқитын отыз баланың әрқайсысының мінез-құлқы өзіне әбден мәлім. Бауыржан мен Марат бірбірімен өте тату еді, не болған? Сұраса ма екен, сұра маса ма екен? Сабақ соңында да көрер. Сабақ бітуге жақында ғанда, әңгіме ауаны адалдық жөніне ойысты. – Апай, адал адам қандай болады? – деді Сәуле. – Ия, бәсе, өздерің айтыңдар шы, адал адам қандай болады? - дейді апай. Балалар шулап қоя берді: – Адал адам ақылды болады. – Адал адам ешкім ді алдамайды. – Адал адам – жақсы адам. – Дұрыс, балалар, осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйей ік. Осы сәт Марат орнынан атып тұрды. Үстіңгі еріні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен. Апай, біз жоқ, мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді қайтсем? – Міне, бұл – адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойында, түзе. Адал адам сөйтеді, кінәсін мойындаудан қашпайды. Марат сен де сөйтіп отырсың, адал адам ... Енді Бауыржан орнынан атып тұрды. – Апай, Марат – адал емес, өтірікші. Барлық класс Бауыржанға қарай қалды. Марат бұға түсті. – Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы, – деді мұғалім. – Марат – өтірікші. Терезені біз екеуміз сындырдық. Бұл жаңа қашып еді, енді адал бола қалыпты. – Солай ма? Рас па, Марат? – Марат үн қата алмады. Ой, бұл болмаған екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы, бірақ шындықты айту бәрінен де артық. Қап, әттеген-ай? Мұны қалай түсінеміз? Марат жерге кірермен болып, мөлиіп тұр. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын.



  • Бауыржанның жүзі неліктен жарқын болды?

  • Адал адам деп қандай адамды айтуға болады?

  • «Шындықты айту бәрінен де артық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адал және шыншыл адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Ар-ұжданға сай өмір сүру дегеніміз не? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша дәптерге қос жазба күнделігін толтырыңдар.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі – ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін ғана керек қылмайды,мәңгі өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылы ғына қуанып өлсе керек. Олар нанбай, ұжданды құр ғана көрін іс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-әдісін тапса болғаны. Ұждан – өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды.





Мәтіндегі маған ұнаған

тұстары

Ол тұстары маған неліктен

ұнады?









5-тапсырма: Бауыржан Момышұлының ар туралы пікірін оқып, кластер жасау арқылы өз ойыңды білдір.

Бауыржан Момышұлы

Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгер шілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымтүсінігіне байланысты реттейтін парыз дың қаншалықты орындал- ған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл күйдің жайбарақаттығын білдіретін сезім. Қысқасын айтқанда ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.






Арлы адам





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет