6. Топпен өлең айту. Өлеңі мен әні: Жақсыгүл Қалжанова
Абай ақын атамыз
Абай ақын атаның
Туған күнін тойлаймыз.
Өзі айтқандай өнерпаз,
Болуды біз ойлаймыз.
Қайырмасы: Әнін тыңдап әсерлі,
Жырын жаттап өсеміз.
Туған күні бабаның
Құтты болсын десеміз,
Құтты болсын десеміз.
Сайрандаймыз, ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Жүрегінің түбіне
Ақылымен бойлаймыз.
|
7. Үй тапсырмасы.
1. «Сұлулық» сөзіне ребус құрастырыру
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №7 сабақ
Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ ІШКІ СҰЛУЛЫҒЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұлулық» сөзіне ребус құрастырыру
|
|
3. Дәйексөз.
« Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар»
Ы. Алтынсарин
Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.
|
|
4. Әңгімелеу.
Аңыз Шалва Амонашвили
Бала есейді. Сондықтан да айнаға жиі қарайтын және ашуланатын: – Мен қандай көріксізбін! Атасы бұл сөздерді естіп, немересіне былай деді: – Сенің сұлулығың – мейірімділі- гіңде! Бала атасына сеніп, барлығына, барлық жерде жақсыл ық жасай бастады. Ол жақсылық жасауға берілгені соншалық, өзінің көріксіз екенін тіптен ұмытып кетті. Уақыт өтіп жатты. Ол жігіт болды. Күндердің күні, бір кеште ол өзіне жасырына қарап, сыбырласып тұрған әдемі екі қызды байқады: – Ол қандай тартымды! - деді бірі. – Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып тұр! - деді екіншісі. Сонда жігіт атасын есіне алды. Ол іштей «Рақмет саған, данагөй аташым!» деді.
Бала өзін неге «көріксізбін» деп налыды?
«Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!» деген атасының сөзін қалай түсінесіңдер?
«Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып тұр!» деп қыздар неліктен айтты?
Адамның сұлу екенін қалайша тануға болады?
Сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Өзіңді сұлумын деп санайсың ба? Неліктен?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқыңдар. Мағынасын түсініп алыңдар.
Қажетті сөздер: көркем, қарапайымдылығы, көрікті, жаны, сұлу.
Өнегелі болса, бала... . Қорқыт ата
Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да, ойы да ... болуы керек. Антон Чехов
Адамның асқан сұлулығы – оның ... . В. Сухомлинский
Адамның ойы да, бойы да... . Ғабит Мүсірепов
Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен, ... сұлу болу керек. Сәкен Сейфуллин
2-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Керексіз сұлулық (аңыз әңгіме)
Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің басқа мүшелері не көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді. Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғы ны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстан- нан жаңа ғана өзі жақтыр май тұрған аяқтары ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің сорым болды, онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» депті.
Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па?
Адамды әсем ететін сыртқы келбеті ме, әлде жақсы мінезі ме?
Адамды түр-әлпетіне қарап бағалаған дұрыс па, әлде адамшылығына қарап бағалаған дұрыс па? Неліктен?
Сырты сұлу сұлу ма, әлде іші сұлу сұлу ма? Неліктен?
3-тапсырма: «Сұлулық» сөзіне ребус құрастырыру (сұлұ масағы, су, лақ, ыдыс, қарбыз).
Қорытынды. Адамда тән сұлулығымен қатар жан сұлулығы болады. Адамның сыртқы келбеті сұлу болғаны жақсы. Сұлу, ажарлы, келбетті адамды көргенде көз қуанады. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықпен үйлессе, нағыз сұлулық сол болмақ. «Сұлулық бетте емес, жүректе» деп бекер айтылмаған. Ең бастысы, адамның көркіне мінезі сай болғаны дұрыс. Адам жанының сұлулығы оның даналығынан, адалдығынан, әдептілі гінен, сыпайлығынан көрінеді. Нағыз сұлулық – жан дүниенің сұлулығы.
|
|
6. Топпен өлең айту.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. «Жақсы адам» эссе жазу.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 8 сабақ
Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ ІШКІ СҰЛУЛЫҒЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурста
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер,
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жақсы адам» эссе жазу.
|
|
3. Дәйексөз.
«Жақсының жақсысын айт мерейі тасысын....»
|
|
4. Әңгімелеу. Асхат Өмірбаев
Жақсы адам болғым келеді
Ауылдағы жаңа салынған үйлердің бірінен бес жасар бала шықты. Жақында көшіп келгендіктен, ол ешкімді танымайтын. Көшеде асыр салып ойнап жүрген балаларды көріп, қатты қызықты. Шарбақтың арасы -нан қарап тұрған оны бір кезде әлгі балалар келіп, қоршап алды. – Сенің атың кім? – деп сұрады әуелі одан тәмпіш мұрын Мәди. – Кемел, - деді бейтаныс бала. – Атың жақсы екен! Кел, танысайық, - деді есімін айтқан Мәди қолын ұсынып. – Ал мынау – Жақсылық, аналар – Айнұр мен Самал. Жүр, бізбен бірге ойна. – Білмеймін, - деді Кемел сәл тартынып. – Апамнан сұрану керек. – Не ойнаймыз?
– Шеңбер сызып, асық ойнайық. Сен ләңгі теуіп көрдің бе? – Жоқ. – Апаң мен әкеңнің аты кім? Олар не жұмыс істейді? - деді Айнұр. – Апамның аты – Ақгүл. Дәрігер. Ал әкем – Әлихан, мал емдейді. – Дәрігер болған жақсы ғой. Мен өскенде дәрігер болам, - деді Самал. – Ал мен Қажымұқан атам сияқты балуан болам, - деді Мәди білегінің бұлшық етін көрсетіп. – Мен Жансая Әбдімәлік сияқты мықты шахматшы болам, - деді Айнұр. Мұны естіген Жақсылық та сөзге араласты: – Бәрінен әкім болған жақсы. Әкім болсам, ауылға әдемі гүлдер егем. Көресіңдер, ауылымыз әлі әдемі болады. Бәріміз бай боламыз. Кемел ғана достарын үнсіз тыңдап тұрған. – Кемел, сен кім боласың өскенде? - деді балалар оған бұрылып. – Білмеймін. Бұл туралы әлі ойланған жоқпын. – Таптым! Сенің атың Кемел ғой. Сен өскенде ғалым бол, - деп қиылды Самал. – Жоқ, Кемел әкесі сияқты малдәрігері болады,–деді Мәди қызбаланып. – Қайдағы... Дәрігер болу үшін инеден қорықпау керек. Сен инеден қорқасың ғой, я? - деп сұрады Жақсылық. – Ия, қорқам, – деді Кемел шынын айтып. – Мен қарбыз еккенді жақсы көрем.
– Сонда сендер қалада қарбыз егесіңдер ме? - деді Мәди таңыр қап. Қалада биік үйлер көп. Апам екеуіміз балконға шығып гүл егеміз. Балкон кішкентай. Қарбыз сыймайды. – Таптым! Сен өскенде егінші бол! - деді Айнұр. – Ия. Апам: «Сен осы ауылда туғансың» дейді. Қаладан атам мен әжемнің қасына көшіп кел дік. Олар қартайып қалды ғой. – Сонда сен осы ауылда тудың ба? - деді Самал. – Ия, - деді Кемел жымиып. Осы кезде үй жақтан анасы Кемелді дауыстап шақырды. Кемел жүгіріп кетті. Ұзамай, қолында табағы бар, қайтып келді. – Міне, сендерге бауырсақ әкелдім, - деді ол жымиып. – Апам беріп жіберді. – Ой, анаң қандай жақсы! – деді Айнұр табаққа қол созып. – Бауырсағы сондай дәмді екен. Менің анам да тәтті тоқаш пісір еді. Пісіргенде саған берем. – Сенің анаң жақсы адам екен, - деді Мәди де қызыл бауырсақты аузына салып. – Мен өскенде анам сияқты мейірімді, жақсы адам болғым келеді, - деді Кемел осы кезде әлгінде өзіне қойылған сұраққа кенет жауап тапқандай қуанып. – Ия, бәріміз де жақсы адам болайық!, - деді Жақсылық оны қоштап. – Жарайды! – деді басқа балалар да екеуін бірауыз дан қолдап. Бұл кезде Кемелдің анасы сырттан қарап, риза болып тұр еді.
Балалар Кемелді қалай қарсы алды?
Олар қандай мамандық иелері болғылары келді?
Балалар аналарын қалай бағалады?
Балалардың «Бәріміз де жақсы адам болайық!» деп айтуларының себебі неде?
Жақсы адам мен сұлулықтың қандай байланысы бар?
Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Өзіңді жақсы адаммын деп санайсың ба? Неліктен?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
4-тапсырма: Мәтінді оқып, кестені толтырыңдар.
Қайырымды Күн (аңыз)
Ертеде Жылқы Күнге қарап былай дейді: – О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды Күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын. – Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды Күн күлімсіреп. – Егер, – дейді Жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді. – Жақсы, қалағаның болсын, – дейді Күн жайраңдап, – сәл күте тұр. Соны айтады да, Күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. – Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды Күн. – Жоқ-жоқ... – дейді Жылқы тілі күрмеліп. – Ендеше жөніңе жүр, – дейді Күн Жылқыға, – саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.
Мәтіндегі маған ұнаған іс-әрекеттер:
|
Мәтіндегі маған ұнамаған іс-әрекеттер:
|
Менің түйгенім:
|
|
|
|
5-тапсырма : Күн шуақтарының ішінен өзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды іс жүзінде қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер.
Сыпайылық, батылдық, кешірімділік, нәзіктік, әдептілік, кішіпейілділік, шыншылдық, еңбексүйгіштік.
6-тапсырма: Өз мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп жазыңдар.
Батыл болу 4-тапсырма Мәтінді оқып, кестені толтырыңдар.
Қайырымды Кҥн (Аңыз)
Ертеде Жылқы Күнге қарап былай дейді: – О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды Күн,
31
мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін ӛзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын. – Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды Күн күлімсіреп. – Егер, – дейді Жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем кӛрік бірер еді. Тӛсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді. – Жақсы, қалағаның болсын, – дейді Күн жайраңдап, – сәл күте тұр. Соны айтады да, Күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды кӛрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. – Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды Күн. – Жоқ-жоқ... – дейді Жылқы тілі күрмеліп. – Ендеше жӛніңе жүр, – дейді Күн Жылқыға, – саған ӛз бойыңдағы да жетеді! Әркім ӛз қасиетін бағалауға тиіс.
Мәтіндегі маған ұнаған іс-әрекеттер:
Мәтіндегі маған ұнамаған іс-әрекеттер:
Менің түйгенім
5-тапсырма Күн шуақтарының ішінен ӛзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды іс жүзінде қалай кӛрсетіп жүргеніңді айтып бер.
32
6-тапсырма Ӛз мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп жазыңдар.
33
Бет-әлпеті сұлу, сәнді киінген адам ӛзіне басқалардың назарын бірден аударады. Алайда, бұл аз уақытқа ғана созылады. Егер бұл адамның жаны да сұлу екені байқалса, ол адам басқаларды үнемі ӛзіне тартып тұрады. Жаны сұлу адам айналасына нұрын шашып, қуаныш сыйлайды. Әр адам ӛзінің ішкі сұлулығын дамытуға ерекше кӛңіл бӛлгені жӛн. Ӛз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді дамыту жаныңды жақсарта түседі.
Шыншыл болу
Уәдені орындау
Сыпайы сөйлеу
Кешірімді бол
Өтірік айту
Мақтаншақ болу,
Дөрекі сөйлеу
Қорытынды: Бет-әлпеті сұлу, сәнді киінген адам өзіне басқалардың назарын бірден аударады. Алайда, бұл аз уақытқа ғана созылады. Егер бұл адамның жаны да сұлу екені байқалса, ол адам басқаларды үнемі өзіне тартып тұрады. Жаны сұлу адам айналасына нұрын шашып, қуаныш сыйлайды. Әр адам өзінің ішкі сұлулығын дамытуға ерекше көңіл бөлгені жөн. Өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді дамыту жаныңды жақсарта түседі.
|
|
6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Әбдірахман Асылбек
Мен әдепті баламын Әні: Ибрагим Нүсіпбаев
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, Мен әдепті баламын.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқанынан шығуды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
|
|
7. Үй тапсырмасы. ТЕСТІЛЕУ: Дұрыс жауапты белгіле.
1-тест: Мұғалім саған даналық сөздерді жинап, дәптерге жазып келуді тапсырды. Сенің әрекетің қандай?
А) Тапсырманы орындамаймын. Ә) Тапсырманы орындаймын.
Б) Тапсырманы орындау міндетім екенін білсем де, кейінге қалдыра тұрамын.
2-тест: Мерекелік шарада саған Абай атаның өлеңін жатқа айту керектігі айтылды. Сенің әрекетің қандай?
А) Абай атаның өлеңін жатқа айтамын.
Ә) Бұл тапсырманы орындамаймын.
Б) Өлең жаттауға шыдамым жетпейтінін ойлап, бас тартуға тырысамын.
3-тест: Досың сенің мінезіңдегі мініңді айтып, оны түзетуге кеңес берді. Сенің әрекетің қандай?
А) Мінезімді түзетудің қажеті жоқ деп санағандықтан, досымның кеңесіне құлақ аспаймын.
Ә) Мінезімді түзетпеймін. Б) Мінезімді міндетті түрде түзетемін.
4-тест: Сыныптасың әңгіме барысында адамның сыртқы сұлулығы емес, ішкі сұлулығы маңызды екенін айтты. Сенің әрекетің қандай?
А) Сыныптасымның пікіріне мүлдем қосылмаймын.
Ә) Өз ойымды өзгерткім келмегендіктен, онымен келісе алмаймын. Б) Сыныптасымның пікірін құптаймын.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |