Әрі қарай алынған мәнді (критерий статистикасын) сыни мәнмен салыстырамыз.
Әрі қарай алынған мәнді (критерий статистикасын) сыни мәнмен салыстырамыз.
Төртторлы кестеде df = (2 - 1) × (2 - 1) = 1.
Еркіндік дәрежесі 1 болғанда p < 0,05 үшін χ2 критерийінің сыни мәні 3,841.
Критерий статистикасы χ2 (5,747) сыни мәннен үлкен болғандықтан нөлдік жорамал жоққа шығарылады.
Сонымен, фактор мен нәтиже арасында байланыс бар, яғни шаңдану дәрежесі жұмысшылардың дем алу жүйесі ауруларының пайда болуына ықпал етеді деген қорытынды жасалады.
χ2 критерийін қолдану үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
Талдауға тек қана сапалы деректер қатысады.
Тек қана абсолютті деректер қолданылады (% қолданбайды).
Салыстырылатын топтар бір-бірінен тәуелсіз болуы керек (критерий «дейін – кейін» түріндегі зерттеуге қолданылмайды). Күтілетін жиіліктер кестенің кез-келген ұяшығында 5 немесе 10 кем болмау керек(төртторлы кестелер үшін).
Төртторлы кестені талдау үшін Он-лайн калькулятор:
Байланыс – медицинадағы (эпидемиология) негізгі ұғым. Егер бір айнымалының (тәуелсіз) бар болу ықтималдығы екінші бір айнымалының (тәуелді) бар болуына байланысты болса, онда екі айнымалы арасында байланыс бар деп айтылады.
Ассоциациялар өлшемдері қауіп-қатер факторының ықпалынан нәтиженің пайда болу ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді.
Байланыс оң және теріс болуы мүмкін. Байланыс күшінің өлшемдері – қауіп-қатерлер қатынасы(relative risk – RR), қауіп-қатерлер айырымы(RD)және шанстар қатынасы(odds ratio – OR).