Жұмыс орнындағы ауаның шаңдануының өнеркәсіп жұмысшыларының тыныс алу мүшелері ауруларының даму жиілігіне ықпалын бағалау мақсатында когорттық зерттеу жүргізілді делік.
Зерттеуге 197 өнеркәсіп жұмысшылары қатысты, олар жұмыс істейтін аймақта ауаның шаңдануы өлшенді және бір жыл бойы тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болу жағдайлары тіркеліп отырды.
Бұл жағдайда шаңдану : «шаңдану дәрежесі жоғары» және «шаңдану дәрежесі қалыпты» деген бір-бірін жоққа шығаратын екі мәннен тұратын дихотомиялық сапалық дерекке жатады.
Нәтижені сипаттайтын айнымалы да екі мәннен тұрады:– «иә - тыныс алу мүшелері аурулары бар» және «жоқ - тыныс алу мүшелері аурулары жоқ».
Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануының өнеркәсіп жұмысшыларының тыныс алу мүшелері ауруларының даму жиілігіне ықпалы (орайластық кестесі)