Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет38/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1 Қарапайымдыларды анықтау


Паразитологиялық анықтау әдістері. Қарапайымдылар ауруының клиникалық және патоморфологиялық белгілерінің өзіндік тәндігі көмескі, айқын болмау себебінен ауруды анықтау үшін паразитологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізеді.
Паразитологиялық анықтау, тексерілетін материалда паразиттің бар немесе жоғын анықтайды. Қарапайымдыларны анықтау тәсілдеріне байланысты паразитологиялық әдістер: микроскопиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Микроскопиялық анықтау үшін, төсеніш шыныларға жағынды жасап, қарау үшін тексерілетін материалдар қажет. Ол үшін жануарлардың тірі кезінде лимфа бездерінен, бауырдан және талақтан пунктаттар алады. Іш тастаған малдардың қағанағын пайдаланады. Кейде жұлын сұйықтығын, көзден, мұрыннан аққан сұйықтарды және қанды алып тексеруге болады (И.Г.Галузо, С.И.Коновалова, 1971). Өлген малдың ішкі мүшелерін: бауыр, талақ, ми және лимфа бездерін тексереді.
Жағынды жасау үшін тазаланған, спирт және эфирмен сүртілген төсеніш шынысын алады. Қан, пунктат т.б. сұйық заттардан жағынды жасау үшін төсеніш шынының бір шетіне 1-2 тамшы тамызады да, арнаулы шынымен біркелкі жағып өтеді. Бұл жерде жағындының қалың болып кетпеуін қадағалау керек. Жағындыны ауада кептірген соң, бекемдейді.
Ішкі мүшелерден жағынды жасау үшін олардан шамалы бөлігін кесіп алады. Қанын кетіру үшін сорғыш қағаздарды жайлап тигізу арқылы тазаланған соң, төсеніш шынының бір шетінен екінші шетіне қарай жағып жағынды жасайды. Ауада кептірілген жағындыларды бекемдеу үшін: этил спирті 960С немесе метил спиртін пайдаланады. Ішкі мүшелерден, ұлпалардан және сұйықтардан жасалынған жағындылардан, боямай қарауға болады. Дегенмен паразиттің анық көрінуі үшін жағындыны бояған дұрыс. Ол үшін Романовский-Гимза бауының 1-2 тамшысын 1 мл дистилденген суға (рН 7,0-7,2 араластырып жағындыға құяды. 15-20 минут өткен соң жағындыны сумен шайып, кептіреді. Микроскоппен қарағанда қарапайымдылар бар болса онда плазмасы көк, ал ядросы қызғылт болып көрінеді. Ескертетін жай жағынды да паразит өте аз кездесуіне байланысты, жағындыны түгел қарап шыққан дұрыс. Сонымен қатар қарапайымдылар, безноития, саркопоридия, М-ағзасы т.б. көптеген қарапайымдарға пішіні жағынан ұқсас болғандықтан, олардан ажырату көптеген қиыншылықтар тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет