Қарапайымдылар иесінің иммунитеті. Иммунитет, ағзаның генетикалық болмысын бөтен заттардан, микробтар мен паразиттерден қорғау қасиеті. Адам және жануар ағзасының паразитке қарсы иммунитеті, ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде паразит иесінің сұрыпталуымен қалыптасқан қорғаныш жүйесі. Иммунитеттің үш түрлі жүйесі қалыптасқан. Олар: конституциялық, фагациттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер.
Ғалымдар қарапайымдыларны экспериментті жолмен жұқтырғанда, лабораториялық жануарлардың ішіндегі ең төзімдісі, егеуқұйрықтар болған. Оларда протозомоз латентті жасырын түрде өтеді және жұқтырылған жануарлар ішінде өлгендері сирек кездескен. Ал теңіз шошқалары, ақ тышқан және үй қояндары қарапайымдыларға сезімтал келеді. Бұл жануарларда протозомоз жіті және аса жіті түрде өтеді, ауырған жануарлар арасында өлім-жітім жиі кездеседі. Мысалы: ақ тышқандарды қарапайымдыларның қандай түрлерімен (эндозоит, цистозоит, спорозоит) жұқтырса конституциялық иммунитеті төмен болуына байланысты, протозомоз ауыр түрде өтіп, өліммен аяқталады. Сондықтан, ақ тышқандарды протозомозды биологиялық жолмен анықтауға пайдаланады.
Иммунитеттің фагацитті жүйесі, ағзаға енген паразиттерді қоршап, ыдырататын фагациттер деп аталатын жасушалар қызметімен қалыптасқан. Алғашқы ғылыми зерттеулер кезінде тек гуморальді иммунитет жеткіліксіз екендігі белгілі болған. Көптеген ғалымдар протозомоз кезінде жасушалық иммунитет маңызын атап көрсетті. Қарапайымдыларға төзімділік осы жасушалық иммунитетке байланысты. Ағзадағы иммундық жауапты қоздыру, фагацит жасулары- макрофагтар арқылы жүреді. Осы фагациттелген паразиттердің антигендік информациясын Т- жасушаларына береді. Сонымен макрофагтар арқылы болған фагацитоз иммунитет реакциясының бастапқы сатысы болып табылады. Соның нәтижесінде антигендік информация лимфациттерге беріліп, лимфациттер іске қосылады. Жасушалық иммунитет Т- лимфациттерінің көбеюі арқасында сезімтал жасушалар жинақталып, баяу типті сезімталдық пайда болады.
Гуморальді иммунитет В- лимфациттерінің көбеюі арқасында пайда болған плазмоциттер, иммуноглобулиндер синтездеп шығарады. Иммунды жауап паразит антигенінің физико-химиялық жағдайына, мөлшеріне т.б. қасиеттеріне байланысты.
Жануарларды тірі қарапайымдыларлармен жұқтырғанда, олардың ағзасында жасушалы және гуморальді иммунитет іске қосылады. Гуморальді иммунитеттің арқасында қан сарысуында паразитке қарсы антиденелер пайда болады. Антиденені көптеген серологиялық реакциялар арқылы анықтап, жануар денесінде қарапайымдылар паразитінің бар екенін білуге болады. Антидене протозомоз кезінде қорғаныш қызметін атқарғанмен, ол қарапайымдылардан ағзаны сақтап қала алмайды екен. (Ф.И.Котков, 1969; Г.В.Корнилова, С.И.Коновалова, 1968; Е.Ф.Мольченко, 1971; Т.Д.Кривец, 1971). Протозомоз кезінде баяу типті сезімталдықтың қалыптасуы арнаулы рецепторлары бар Т- лимфациттеріне байланысты. Жасушалық иммунитет жануарларға тек тірі паразит енгенде іске қосылады екен. (И.Г.Галузо, Е.М.Кузовкин, 1966).
Жануарлар ағзасына, өлтірілген қарапайымдыларны енгізгенде немесе қарапайымдыларның жеке антиген бөлшектерімен иммундегенде жасуша иммунитеті іске қосылмайтыны анықталды. (В.Г.Корнилова, С.М.Коновалова, 1966; Б.А.Тимофеев, 1970, 1974).
Тірі және өлтірілген қарапайымдылармен иммундеген теңіз шошқасы мен егеуқұйрықтың лимфа бездері мен талақ ұлпаларының морфологиясын зерттегенде оларда көп айырмашылықтар бар екені байқалған. Тірі қарапайымдылармен иммундеген жануарлардың лимфа бездерінде плазмациттердің көбейгенін және майда лимфациттер санының өскендігі байқалған (Е.Ф.Мольченко, Т.А.Задорожная, 1975). Мұндай өзгерістер гуморальді және жасушалық иммунитеттердің қозғандығын көрсетеді. (А.Я.Фриденштейн, 1969; О.В.Бороян, П.Лепин, 1972; П.Ф.Здродовский, А.Г.Гурвич, 1972; Л.Н.Фонталин, 1975; Р.В.Петров, 1976).
Өлтірілген қарапайымдылармен иммундеген теңіз шошқасы мен егеуқұйрықтың лимфа бездері мен талақ ұлпаларының морфологиясын зерттегенде оларда көп айырмашылықтар бар екені байқалған. Тірі қарапайымдылармен иммундеген жануарлардың лимфа бездерінде плазмациттердің көбейгенін және майда лимфациттер санының өскендігі байқалған (Е.Ф.Мольченко, Т.А.Задорожная, 1975). Мұндай өзгерістер гуморальді және жасушалық иммунитеттердің қозғандығын көрсетеді. (А.Я.Фриденштейн, 1969; О.В.Бороян, П.Лепин, 1972; П.Ф.Здродовский, А.Г.Гурвич, 1972; Л.Н.Фонталин, 1975; Р.В.Петров, 1976).
Өлтірілген қарапайымдылармен иммунделген теңіз шошқаларының талақ және лимфа бездерінің ұлпаларында жасушалық иммунитетке тән өзгерістер байқалмаған. Протозомоз кезінде Т- лимфациттерінің жасуша иммунитеттеріне тән ерекше заттар: медиаторлар мен лимфациттер синтездеп шығаратыны дәлелденген.
Протозомоз кезіндегі жануарлар иммунитеті макрофагтар мен иммунді жасушалардың байланысы арқылы іске асады екен.
Макрофагтардың фагоцитоз жолымен қарапайымдыларны ыдыратуы тек иммуноглобулиндердің көмегімен жүретіні анықталды. Егер иммуноглобулин белгісіз себеппен ағзада синтезделінбеген жағдайда, макрофагтар қарапайымдыларны ыдырата алмайды, керісінше өздері паразитке жем болып, ыдырайды. Өзінің ғылыми тәжірибесінде жануар ағзасының жасушаларын қарапайымдылардан ерекше заттар- интерферон қорғайтынын байқаған. Интерферон қарапайымдыларның жасушаға енуіне тосқауыл болуымен қатар жасушаға енген паразиттердің өсіп-өнуіне, қайта шағуына кедергі келтірген (С.М.Коновалова, 1972).
Достарыңызбен бөлісу: |