Аллергиялық анықтау. Кейбір инфекциялық және инвазиялық ауруларды анықтауға аллергиялық анықтау қолданылады. Бұл негізінен жасушалық иммунитетті дамыған ауруларда кең қолданылады. Мысалы туберкулез, бруцеллез т.б. аурулар. Ауру қоздырғышы жануар ағзасында бар болса, онда сол паразиттен алынған антигенді тері, ішіне енгізсе сол жерінде иммунологиялық реакция болып, ісініп, қызарып кетеді. Алғаш қарапайымдыларды аллергиялық жолмен анықтауды Френкель (1948) ұсынған болатын. Ол аллерген жасау тісілімен токсоплазмин алып, соны қолданған. Аллергиялық реакция қарапайымдылармен жұқтырылған соң 4 аптадан кейін білінеді. Аллергиялық реакция ағзадағы паразиттің бар жоғын анықтай алмады. Кейде паразиттен адам ағзасы тазаланғанмен, реакциясы қалып қояды екен. Сондай-ақ бір рет аллергенмен тексерілген адамдар, сол аллергенмен қайта тексерілсе, алдыңғы аллергенге сезімталдығы көтерілуге байланысты кейінде оң көрсеткіш көрсетеді. Сондықтан аллергиялық анықтау бір рет қана пайдалануды қажет етеді. Екінші рет тексеру басқа серологиялық реакциялармен жүреді. Дегенмен көптеген зерттеу жүргізген ғалымдар аллергиялық реакцияның өзіндік тәндігі жоғары екендігін және басқа ауруларға әсер етпейтінін көрсетті. Олар аллергиялық анықтау серологиялық реакциялармен қатар қойылса бірін-бірі толықтыратынын ағзаның иммунологиялық жағдайына толық мағлұмат алуға болатындығын атап көрсетті. (Козар, 1956; Жировек, 1958).
Достарыңызбен бөлісу: |