Иммунофлуоресценция реакциясы (ИФР). ИФР- көптеген инфекциялық ауруларды анықтауға қолданылады. Бұл реакциямен зерттейтін материалдан антигенді де, антиденені табуға болады. Қарапайымдыларның антиденесін табу үшін кері иммунофлуоресценция реакциясын (КИФР) қояды (Уллер, Кунс, 1954). Реакция төсеніш- шыны үстінде қойылады. Кейін ИФР-сының тағы варианты шықты. Бұл реакцияға антидене мен антиген байланысына комплементті қосып қоятын болады (Гольдвассер, 1959). ИФР-сын антиген мен антидене қосылысын екінші арнаулы антидене арқылы анықталса, кейінгі варианты антиген, антидене, комплемент қосылысын комплементке қарсы белгіленген антиденемен байқалады. ИФР негізін ингредиенті антиген алып, одан төсеніш шыныға жағынды жасау. Ол үшін қарапайымдылармен жұқтырылған, ақ тышқандардың 3-4 күн өткен соң құрсақ эксудатын сорып алып, оның 1 көлеміне 1% формалиннің 9 көлеміне араластырады. Қоспа, бөлме температурасында 30 минут ұсталған соң 600 айн. 30 минут центрифугіленіп қарапайымдыларны тұнбаға түсіреді. Тұнбаны физиологиялық ерітіндімен араластырып суспензия дайындайды. Суспензияны (х40) қарағанда көзге 100 паразит көрінуге тиіс. Төсеніш шыныға диаметрі 8-10 мл 8 шеңбер сызылады. Әрбір шеңберге антигеннен бір тамшы тамызып, жаяды. Жағынды ауада кептірілген соң 5 минут метил спиртімен немесе 15 минут этил спиртімен бекітіледі. Осылай дайындалған жағындыны 200С-да бірнеше ай сақтауға болады. Бекітілген жағындыға бір тамшы тексерілген қан сарысуының 1:10 бастап, керекті титрге дейін ерітіндісі тамызылады. Жағынды 15 минут термостатта (370С) ұсталады, онан соң 15 минут ағынды сумен шайылып кептіріледі. Кептірілген жағындыға 1 тамшы люминесциентті түрге қарсы дайындалған сарысуды көрсетілген титрінде дайындап, тамызады. Жағынды тағы да термостатқа 30 минут қойылады. Сонан соң жағынды 15 минут ағынды сумен шайылып кептірілген соң микроскоппен қарайды. Реакция тексеруші шеңберлерімен қойылады. Ол үшін стандартты иммунды және қалыпты сарысуларды пайдаланады. Сонымен қатар антиген тек қалыпты сарысумен және тек люминесцитті сарысумен байланысқан қосымша тексеруші шеңберлер болу керек. Реакция 4+ баллмен бағаланады.
4+- паразиттің жасушасы өте ашық көк сары болып жарқырайды;
3+- паразиттің жасушасы ашық көк-сары болып жарқырайды;
2+- паразиттің жасушасы толық жарқырайды;
1+- паразиттің жасушасы тек полюстары ғана әлсіз жарқырайды;
(-)- паразит жарқырамайды, жасуша көк түске боялған.
Оң көрсеткіш болып 4+ және 3+ балдар саналады. Қан сарысуның титрі кемінде 3+ көрсететін ең жоғарғы ерітінді болып табылады. Зерттеулер нәтижесі ИФР-сы антиденелері басқа реакцияларға қарағанда ерте байқайтынын көрсетті (Коновалова, Кузовкин, Вустина, 1969).
Алғашқы кездерде жануар қан сарысуында температураға төзімсіз антиденелер, кейін 9-10 күндері температураға төзімді антиденелер пайда болады. ИФР- сының температураға төзімсіз антиденелерді айқындауы реакцияның комплементті байлау реакциясына қарағанда артықшылығы болып табылады. КБР-ын қояр кезде қан сарысуын 58-600С температурада ұстап, температураға төзімсіз антидене жойылып кетеді. Келлен т.б. ғалымдар (1962) қоянды қарапайымдылармен жұқтырып антидене синтезін КБР және ИФР- лары арқылы зерттеген. ИФР-сы антиденені алғашқы аптада, ал КБР-сы екінші аптада байқаған. Үшінші аптаның соңында қарапайымдылар антиденесі КБР-сы бойынша 1:256, ал ИФР-сы бойынша 1:1024 титрін көрсетті. Осындай ИФР-сы КБР-сына қарағанда 2-6 есе сезімтал екендігін басқа ғалымдар да байқаған. (И.Г.Галузо, С.М.Коновалова, 1971). ИФР-сының сезімталдығы жоғары өзіндік тәндігі барлығы бұл реакцияны қарапайымдылар ауруын анықтауға қолдану керектігін көрсетеді.