Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ


Қарапайымдылар тудыратын аурулардың клиникалық белгілері



бет36/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Қарапайымдылар тудыратын аурулардың клиникалық белгілері
Қарапайымдылар жануар ағзасындағы барлық жасушалар мен ұлпаларда тіршілік ететін болғандықтан протозомоздың клиникалық белгілері мейлінше күрделі және әртүрлі болып келеді. Протозомоз клиникасын инфекциялық және инвазиялық аурулар қабаттасып келіп өзгертуі жиі кездеседі.
Протозомоздың негізгі жиі кездесетін белгісі малдардың іш тастауы, өлі және әлжуаз төлдер тууы. Бұл кезде аналық малда аурудың клиникалық белгісі білінбеуі де мүмкін. Ауырып тұрған малдың азыққа тәбеті төмендеп температурасы көтеріледі. Тамырының соғуы, тыныс алуы жиілейді. Алғашқы кезде денесі дірілдеп жүре алмай кейін мал мүлде жатып қалады. Көздерінен жас ағуы, іш өтуі, байқалып, ауру мал бірте-бірте әлсіреп, арықтай бастайды. Протозомоздың жіті түрінде ауру малдар жиі өледі.
Протозомоз әртүрлі жануарларда өз ерекшеліктеріне байланысты өзгеше болып өтуі мүмкін.
Қой протозомозын И.Г.Галузо басқарған көптеген ғалымдар зерттеген (И.Г.Галузо, В.И.Голосов, З.И.Горбунова, 1964). Олар Қазақстандағы қой арасындағы протозомоздың таралуы сондай-ақ, бұл аурудың клиникалық белгілерімен патанатомиялық өзгерістерді зерттеген.
Біз осы ғылыми мәліметтер мен лабораториялық ғылыми жұмыстарымыздың (иммунды қан сарысуын алу, протозомозды емдеу т.б.) нәтижесінде байқалған экспериментті жұқтырылған қойлардың клиникалық белгілері мен патанатомиялық өзгерістерді келтіріп отырмыз.
Қойда протозомоз жиі, жітілеу төмен және созылмалы түрде кездеседі.
Жіті кезінде ауру малдың клиникалық белгісі протозомозбен жұқтырылған соң 2-3 күнде білінеді. Денесінің температурасы 41-420С көтеріліп, 6-7 күндей ұсталып тұрады. Ауру малдың тамыры минутына 90-110 рет соғып жиілейді. Тыныс алуы минутына 30-50 ретке дейін көтеріледі.
Малдың қарапайымдылар енгізген жеріндегі, мойнындағы шабындағы т.б. лимфа бездері үлкейіп ісініп кетеді, азыққа тәбеті төмендейді. Қойлар жабығып, бүрісіп тұрады. Буындары әлсіреп, бірте-бірте арықтай бастайды. Көздерінен жас ағады. Күйіс қайыруын тоқтатады. Аурудың алғашқы кезінде кейде іші өтіп, соңынан қата бастайды. Буаз малдар іш тастайды. Орнынан тұра алмай жатып қалған малдар 7-8 күнде өледі.
Жітілеу протозомоз кезінде мал температурасы 40-410С дейін көтеріліп, 5-6 күннен кейін басылады. Қойлардың ас қорыту жүйесі бұзылып, іші өтеді, кейде қатып қалады. Буаз малдар іш тастайды. Көзінен жас ағады. Температурасы төмендеген малдар біртіндеп жазыла бастайды. 10-12 күннен кейін клиникалық белгілері білінбейді. Малдардың қан сарысуында антидене 2-3 күннен бастап төменгі титрде байқалады. 14-21 күндері ең жоғары титрге жетіп, кейін төмендейді. Осы төменгі дәрежеде 12-16 ай байқалады.
Созылмалы протозомоздың айқын клиникалық белгілері болмайды. Ауру малдың шамалы температурасы көтеріліп, басылады. Көздерінен жас ағады. Ас қорыту және тыныс алу жүйелерінде өзгерістер болады. Мал жөтеледі, іші өтеді, кейде қатады. Күтімі жоқ арық малдар мен жас қозылар әлсіреп өледі. Күтімі жақсы малдар мен сақа қойларда протозомоз жеңіл түрде өтеді. Қойлардың қан сарысуында пайда болған антиденені ұзақ уақыт 12-15 ай реакция қою арқылы байқауға болады.
Ірі қара протозомозын экспериментті жолмен жұқтыру арқылы В.И.Голосов (1965,1968) зерттеген.
Жіті протозомоз кезінде жүйке, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің жұмысы бұзылады. Малдың температурасы көтеріледі (410С), тыныс алуы және тамыр соғуы жиілейді, іші өтіп, кейде қатып қалады. Көздерінен жас ағып, кілегейленеді. Аяқтары дірілдеп, буындары әлсірейді кейде жартылай сал болып жатып қалады. Буаз малдар іш тастайды. Аяқтары сал болып жатып қалады. Буаз малдар іш тастайды. Аяқтары сал болған малдар орнынан тұра алмай, арықтап, әлсіреп өледі.
Созылмалы протозомоз кезінде клиникалық белгілері айқын болмайды. Ауру жеңіл түрде өтіп жазылып кетеді.
Ешкі протозомозының клиникалық белгілері қойдікіне ұқсас келеді. (В.И.Голосов, 1966). Ауру малдардың температурасы көтеріліп (40-410С) тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді. Көздерінен жас ағады. Ешкілердің азыққа тәбеті болмай арықтайды. Кейде аяқтары сал болып тұра алмай жатып қалады. Мұндай ешкілер 15-20 күнде өледі. Көбінесе ешкілер жазылып, клиникалық белгілері білінбей кетеді.
Шошқа протозомозы энзоотин күйінде өтеді. Оларда аурудың жіті, жітілеу созылмалы және латентті түрлері кездеседі. (Е.М.Кузовкин, 1965)
Жіті кезінде шошқа температурасы қатты көтеріліп (420С), кезінде мұрын қуысынан кілегейлі сұйық ағады. Бұлшық еттері дірілдеп мойын, арқа және сандарының ішкі беттері қызарып, қанталайды. Кейде артқы аяқтары салданып жүре алмай қалады. 4-5 күннен соң ауру шошқалар көбінесе өледі.
Жітілеу кезінде дене температурасы 40-410С көтеріліп, шошқа жадығады. Ауру 28-35 күнге созылып, шошқа арықтайды, аяқтары дірілдеп, салданады. Жүре алмай қалған шошқалар өледі.
Созылмалы протозомоз кезінде шошқа температурасы жай көтеріліп басылады. Ас қорыту жүйесі бұзылып, ауру шошқалар арықтайды, артқы және алдыңғы аяқтары салданып қалуы мүмкін. Мойын, жон және артқы аяқтарының терісі қызарып кейде терілерінде жара пайда болады.
Латентті протозомоз кезінде клиникалық белгілері білінбейді. Ол табиғаттағы уыттылығы төмен қарапайымдылармен жұққанда кездеседі.
Жылқы протозомозын көптеген ғалымдар зерттеген Фельдман (1956, 1957). Қазақстанда жылқы протозомозын В.Н.Голосов (1965, 1968, 1970) зерттеген. Ол жылқыны экспериментті жұқтырғанда протозомоздың айқын клиникалық белгісін байқаған. Ауру жылқылардың температурасы көтеріліп (40-410С) тамырының соғуы мен тынысы жиілейді. Жылқылар жабырқап, көзінен жас ағып, көзі қанталап қабынады. Ауру жылқы 5-6 күннен кейін, оңалып кетуі мүмкін. Егер ауру 10-15 күнге созылса, онда аяқтары сал болып, жатып қалады.
Қашыр және есек протозомозының клиникалық белгілері жылқынікіне ұқсас болып келеді (В.И.Голосов, 1965).
Түйе протозомозын экспериментті жолмен В.И.Голосов (1965) зерттеген. Қарапайымдыларның уытты формасымен жұқтырылғанда, 18-20 күндей жануар қызбасы көтеріліп, қайтпаған. Денесінің температурасы 410С дейін жетіп азыққа тәбеті болмайды, тамыр соғысы мен тынысы жиілеп көзінен жас ағып қабағы ісінеді.
Ит пен мысық протозомозын В.Ф.Новинская (1965) зерттеген. Олардың табиғи жағдайда көздері кілегейленіп, жүндері ұйысып, азғындап жүреді, іштері өтеді, кейде құсады, аяқтары шатасып жүруі қиындайды. Кейде аяқтары жансызданып жүре алмайды. Экспериментті жұқтырғанда протозомоздың жіті түрі кездеседі. Иттердің қызбасы көтеріледі, ас қорыту жүйесі бұзылып, іші өтіп, құсады. Денесі ісініп, құрсақ қуысына су жиналады. Жүйке жүйесі бұзылуынан денесі дірілдейді, кейде есінен танып құлап қалады. Нәжісі мен несебі тоқтамай аяқтары жансызданады. Аурудың 10-45 күндері өледі. Бұларда протозомоздың созылмалы түрі ересектерінде кездеседі. Ауру ұзаққа созылып, қаншық иттер іш тастайды. Кейде әлсіз, әлжуаз күшіктер туады. Күшіктер өміршеңдігі нашар, көбісі өліп қалады.
Құстардың протозомозын С.М.Пак (1965) жете зерттеген. Құстарда да протозомоз жіті және созылмалы түрде өтеді. Ол қоздырғыштың уыттылығына, құстардың жасына, түріне т.б. факторларға байланысты болады.
Жіті протозомоз кезінде құстардың температурасы 440С дейін көтеріледі. Тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді. Жүндері үрпиіп, қанаттары салбырап қалады. Құстар аяғында тұра алмай жантайып құлайды. Кейде есінен танады, жатып қалып, аяқтарын сермейді. Жіті протозомозбен ауырған құстардың барлығы дерлік өледі.
Жітілеу протозомоз жиі кездеседі. Ауру 5-18 аптаға созылады. Егер аяқтары жансызданып жатып қалмаса, құстар жазылып кетеді. Бірақ денесінде қарапайымдылар цисттері болғандықтан, өмірлік тасымалдаушы болып қалады.
Созылмалы протозомоздың клиникалық белгілері көмескі айқын емес. Құстар кейде аяқтары жансызданып, сал болып жүре алмай қалады, көбінесе жазылып, қарапайымдылар тасымалдаушы болады.
Үй қояндары протозомозын көптеген ғалымдар зерттеген (Сплендоре, 1908; Разин, 1948; Моллеч, 1958; В.Р.Еленцева т.б.1965; Л.Н.Шевелева, 1965; Н.И.Шпак, 1965).
Төменде біз ғылыми мәліметтер мен лабораториялық экспериментті жұқтырылған кезде байқалған протозомозды клиникалық белгілерін келтіріп отырмыз.
Үй қояндары қарапайымдыларның уытты штаммадарына өте сезімтал. Сондықтан уытты штаммен жұқтырғанда жіті және жітілеу протозомоз кездеседі.
Жіті протозомоз кезінде үй қояндарының температурасы 410С дейін көтеріліп 5-6 күнге дейін түспейді. Жем-шөпке тәбеті шаппайды. Жүрек соғысы жылдамдайды: минутына 180-200 рет соғады. Тынысы таралып, дем алысы жиілейді. Мұрын қуысынан іріңді сұйық ағады. Ауру қояндар пысықырып, жөтеледі. Қояндар арықтап әлсірейді. Кейбір қояндардың артқы аяқтары сал болып, жантайып жатып қалады. Ауырған қояндардың көбісі өліп қалады. Егер буаз қоян болса, іш тастайды. Кейбір қояндардың 5-6 күннен соң температурасы төмендеп, азықты жай бастайды. Егер аяқтары сал болмаса жазылып кетеді. Жазылмаған қояндарды қайтадан уытты қарапайымдылармен жұқтырса аурудың клиникалық белгісі айқын болмай, 2-3 күннен кейін білінбей кетеді. Осындай бірнеше рет иммунделінген қояндардан антиденесі жоғары қан сарысуын алуға болады.
Созылмалы протозомоз уыттылығы төмен штаммдармен жұқтырғанда кездеседі. Қоянның температурасы шамалы көтеріліп, басылады. Тамаққа тәбеті шаппай бүрісіп, отырады.
Кейде іші өтеді. Көзінің алды кілегейленіп, мұрнынан су ағады. Кейде іші өтеді. Көзінің алды кілегейленіп, мұрнынан су ағады.
Кейде басын шалқайтып құлап, аяқтарын сермеп жатып қалады. Көбінесе 5-6 күннен кейін қояндар клиникалық белгісі білінбей жазылып кетеді. Олардың қанында қарапайымдылар антиденесі 12 айдан астам сақталады. Бірақ қан сарысуының титрі төмен болады. Кейде іші өтеді. Көзінің алды кілегейленіп, мұрнынан су ағады. Кейде іші өтеді. Көзінің алды кілегейленіп, мұрнынан су ағады.
Кейде басын шалқайтып құлап, аяқтарын сермеп жатып қалады. Көбінесе 5-6 күннен кейін қояндар клиникалық белгісі білінбей жазылып кетеді. Олардың қанында қарапайымдылар антиденесі 12 айдан астам сақталады. Бірақ қан сарысуының титрі төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет