Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет32/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Аргазида кенелері. Аргазида кенелері Parasіtіformes тегіне жататын, жай көзбен жақсы көрінетін ірі кенелер. Олар Argasіdae тұқымдасына жатады. Оның ішінде Argas және Alveonasus туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің Оңтүстігінде таралған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas persіcus немесе парсы құс кенесі, Alveonasus lahorensіs қашар кенесі мал, құс қораларында жиі кездеседі. (қараңыз: IX - сурет).
Argas persіcus кенесі құс қораларында өмір сүреді. Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезі, құс сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер құс эктопаразиті ретінде құсты арықтатады, көптеп жабылғанда құс балапандары өліп қалуы мүмкін. Парсы кенелерінің дене тұрқы 4,5-9 мм, ал ені 3-6 мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ, аш кененің түсі сұр. Қанға тойынған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астыңғы жағында, тритремалары орақ тәрізді. Кене Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия республикала-рында таралған.
Парсы кенелері тауық ұяларын, оның қонақтайтын тұғырын, тақтай және бөрене жарықтарын және құс қоралары маңындағы жабайы құстардың ұяларын мекендейді. Бұл кенелер тек құстарға ғана жабысады. Сүтқоректілер денесінде болмайды.
Парсы кенелері жылы уақытта ғана өсіп-өнеді. Ол үшін ең кем дегенде 200С жылылық қажет. Парсы кенелерінің балапан сатысынан басқалары жарық сәуледен қашады, сондықтан олар түн кезінде ғана құстарға жабылады. Ал, ұядағы парсы кенелері құсты күндіз де шағады. Кенелер көп рет қан сорады. Әр қан сорған сайын ұрғашы кенелер 130 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқа ішінде 2 аптадан соң балапан-кене дамиды. Олар құстың мойнына, қанат астына, клоака маңына жабысып, құстың қанын сорады. 3-10 күннен кейін олар түсіп қалып, бірінші нимфа сатысына, онан соң қан сорғаннан кейін екінші нимфа сатысына айналады. Соңғы нимфа сатысынан имаго немесе ересек кене пайда болады. Кененің толық өсіп-өнуі 1-2 жылда аяқталады. Парсы кенесі 2-3 жылдық аштыққа шыдайды.
Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды құс қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін құсты уақытша лагерлерге көшіріп, құс қорасын және оның маңындағы ағаштарды, қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды және т.б. тетіктерді сыртқа шығарып ыстық сумен жуып кептіру шарт. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр майын немесе бояу жағады.
Қора ішін дәрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 1 % неоцидол, дикрезил немесе карбофос, 1 % циодрин, 4-5 % натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м2 көлемге 100-200 мл мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3 % карбофос ерітіндісі және 0,5 % ДДВФ қолданылады.
Құсқа жабысқан балаң кенелерді жою үшін оларға акарацидтерді сыртта шашады. Негізінен құстарды 11-12 күн қорадан тыс жерде ұстау балаң кенелерден құтылудың ең тиімді әдісі. Құсты бұл қораларға күрделі жөндеуден өткізіп, қорытынды дәрілеуден кейін 5-10 күннен соң ғана орналастыруға болады.
Құс қоралары мен құс фабрикаларын елді мекендерден алыс орналастыру шарт. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына, құс ұяларына тығылып қалады.
Кене мекендеген ескі құс қораларынан құрал-сайман және құрылыс заттарын алып пайдалануға тыйым салынады.
Alveonasus lahorensіs- қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп жабысып, қанын сорғанда мал арықтайды, кейде салданады. Тәжірибе жүзінде қой қора кенелері Anaplasma ovіs және Thelerіa ovіs қарапайымдыларын тасымалдайтыны анықталды.
A.lahorensіs кенелері Кавказда, Қазақстанның Оңтүстігінде және Орта Азия республикаларында кездеседі. Бұл кенелер көбінесе ескі қой қораларын, басқа да мал қораларын мекендейді. Олар қора қабырғасының саңылаулары мен жарылған жерлерінде тығылып жатады. Бұл кенелер кеміргіштердің інінде, тастар қуысында, қурай арасында да болуы мүмкін.
A.lahorensіs кенелері қойға, түйеге сирек жағдайда басқа түліктерге жабысуы мүмкін, кейде адамға да жабысады. Кене имаго сатысында арасына үзіліс беріп бірнеше рет қоректенеді. Кененің ұрғашылары қанға тойынғаннан соң жұмыртқалайды, олардан 14-15 күннен кейін балаң кенелер шығады. Бұл балаң кенелер 11 айдай аштыққа шыдайды. Балаң кенелер малға қыркүйек, желтоқсан айларында жабысады. Күзгі-қысқы маусымда жануарлар денесінде қоректенген балаң кенелер бірінші нимфа, ал кейінірек екінші және үшінші нимфаға айналады. Бұл кезең 3 аптадан бір жарым айға дейін созылады. Жерге түскен нимфалар бірнеше айдан соң имаго немесе ересек сатысына түлейді. Қой қора кенелері имаго сатысында 7-10 жыл аштыққа шыдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет