Қарапайымдылардың табиғи ошақтылығы. Жұқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафта табиғи ошақ тудыру қасиетін табиғи ошақтылық деп атайды. Қазақстандық ғалымдар И.Г.Галузо мен П.А.Петрищева табиғи ошақтардың трансмисивті, яғни тасымалдаушылар арқылы және тасымалдаушыларсыз ауру қоздырушыларының басқа жануарлармен тікелей жанасу арқылы тарап сақталатындығын атап көрсетті. Міне, осы екінші топ аурулар табиғи ошақтылығына протозомоз жатады. Қарапайымдылар табиғатта өте кең тараған паразит. (И.Г.Галузо т.б. 1966; В.Н.Калянин, 1971). Қазіргі кезде қарапайымдылар тіршілік ететін 145 құстардың түрі және 301 сүтқоректілердің түрі белгілі болып отыр. Паразитологиялық әдіспен протозомоз қоздырушысы 54 құс және 175 сүтқоректілердің түрлерінен бөлініп алынған. Келтірілген мәліметтер қарапайымдыларның вегетативті формаларының өз иелері тәндігі жоқ паразиттер қатарына жататындығын дәлелдейді. Табиғатта қарапайымдылар барлық географиялық аймақтардағы сүтқоректілерден құстардан, бауырмен жорғалаушылардан және жәндіктерден табылып отыр. Экспериментті зерттеу нәтижесінде қарапайымдыларның барлық формаларының (эндозоит, цист, цистозоит, ооцист, спороцист, спорозоит) жұғымдылығы болатындығы анықталған. Қарапайымдылардың барлық формаларының жұғымдылығының сақталуы және алиментті берілу жолының жиі кездесуі (каннибализмдік, жыртқыштық және некрсфагтік) протозомоздың кең көлемде таралуына себеп болады. Кейінгі кезде мысық және мысық тұқымдас жыртқыштарда қарапайымдыларның жынысты көбею болатындығы анықталған. Оладың өздерінен орасан зор ооцистерді шығаруы және олардың сыртқы ортаға төзімділігі, таралу жолдарының көптігі (желмен, сумен, жем-шөп, құстармен, сүтқоректілермен, буынаяқтылармен т.б.) протозомоздың кең етек алуына жағдай туғызып отыр. Яғни протозомоздың табиғи ошағының шекарасын мейлінше кеңейтті. Ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасқан протозомоздың табиғи аутотоиды ауыр ошақтармен қатар, қазіргі кезде адамның табиғи ортаны шаруашылыққа пайдалануына байланысты антропургиялық ошақтары пайда болған. Антропургиялық ошақтарда протозомоз қоздырушысы өзінің тоғышарлық ауқымы кеңітіп үй жануарларын игеріп алған. Ендігі кезде үй жануарлары қарапайымдыларның уақытша иесі болмай, оның бастаушысы болып, тағы жануарларды жұқтырып отыр. Әсіресе мысықтардың елді мекендерде шамадан тыс көбейіп кетуі қарапайымдыларның дамуына жағдай туғызды. Протозомоз ауру ошағын синантропты ошақ қатарына жатқызуға болады. Қыс кезінде кеміргіштердің қора жайға жиналуы, құстардың ауыл арасында қыстауы олардың протозомоз қоздырушыларын тасымалдау, таратуына себеп болады.
Протозомоздың аутотоиды және антропургиялық ошақтарының байланысын білу үшін әлі көптеген зерттеулер жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер негізіне белгілі аймақтағы қарапайымдыларны сақталатын жануарлардың саны мен түрін, популяциясын, популяцияның жастық топтарын, олардың арасындағы паразиттің таралуы және шалдығу көрсеткіштерін анықтау жатады. Тексерілген аймақтағы жануарлар мен құстардың жыл мезгіліне қарай сандарының қаншалықты өзгеретін және олардың қыстап қайтатын жерлерінің эпизоотологиялық жағдайын білу қажет. Сонымен қатар жануарлар мен құстар арасындағы тропикалық т.б. байланыс түрлерін анықтау, олардың қанша топтан тұратындығын білу қажет. Осындай күрделі зерттеулер негізі протозомозды анықтау тәсілдеріне сүйенеді. Осы кезге дейінгі қолданылып келген паразитологиялық әдістер кең көлемді жұмыс жүргізуге өнімсіз болып саналады. Сондықтан протозомоз эпизотологиясын кең көлемде зерттеуге мүмкіншілік тудыратын иммунологиялық әдістерді қолдану тиімді. Соған байланысты сезімталдығын жоғары қоюға қолайлы иммунологиялық әдістерді іздестіріп табу және оларды өндіріске енгізу қазіргі кездегі алда тұрған маңызды ғылыми жұмыстарға жатады.