Қарапайымдыларның сырқы ортаға төзімділігі. Паразит ауруларының қоздырушыларының ағзадан шығуы, оның әртүрлі дене мүшелерін жайлауына байланысты. Егер паразит тек дененің бір ғана мүшесінде шоғырланатын болса, онда оны монотропты деп атайды. Ал денедегі көптеген мүшелерді, тіпті бүкіл ағзаны жайлайтын паразиттерді политропты және пантропты деп атайды. Қарапайымдылар паразиті осы соңғы топқа жататындықтан оның ағзадан шығу жолдары көп болады. Қарапайымдылар, ауру малдардың сілекейінен, нәжіс пен несебінен, қынап сұыйғынан, еркек малдардың ұрығынан, уыз бен сүттен т.б. секреттерінен табылған. Сонымен қарапайымдылар ауруы жануарлардан эндозоит күйінде түрлі экскреттері мен секреттері арқылы сыртқа шығады екен. Олар сондай-ақ іш тастаған және өлі туған төлдердің өлекселерінде кездеседі.
Сыртқы ортада қарапайымдыларның сақталуы оның формаларына байланысты болады. Эндозоит сыртқы орта әсеріне төзімсіз. Олар секреттері мен экскереттерде аз уақыт өміршеңдігін сақтай алады, ал өлекселерде бірнеше күнге дейін сақталынып тұрады.
Қарапайымдылар цисті, сыртқы қабығына байланысты ұзақ сақталады. Бұлшық еттерде 4-60С температурада 24 күнге дейін, ал ми ұлпасында 68 күнге дейін сақталынады.
Цистозоиттар цисттарға қарағанда асқазан ферменттеріне төзімді болып келеді.
Ооцистер сыртқы орта әсерлері: жоғарғы және төменгі температураға, ылғалдылық, ультракүлгін сәуле, химиялық және физикалық т.б. факторларға ұзақ уақыт шыдай алады (Галузо И.Г., Нугманова М.Ф., 1975); Ооцист топырақта 18 айдан астам сақталады екен, (Френкел, 1975);
Достарыңызбен бөлісу: |