Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ


Иксодид кенелерімен күрес шаралары



бет31/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Иксодид кенелерімен күрес шаралары. Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі - олардың шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі - жануарларға жабысқандарын жою.
Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң -кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Мұндайда көп кенелер өздігінен жойылады, сондай-ақ өсімдіктер құрамы өзгереді, топырақтың жылылық-суықтығы, ылғалдығы өзгеріп, қалған кенелердің тіршілігіне кедергі жасайды. Жайылымдарды жырту кейбір жерлерде Boophіlus calcaratus, Hyalomma scupense, Rhіpіcephalus bursa кенелерін жоюға септігін тигізеді, немесе кене түрлерінің санын азайтады. Кейбір өңірлердің биік тау жайылымдарында иксодид кенелері мүлде болмайды. Төменірек жатқан орман белдеуінде де кенелер өте сирек кездеседі. Сондықтан биік тау жайылымдарын пайдалану, малдарды кенеден қорғаудың ең тиімді жолы. Малдарды таулы жайылымға топырақ суығанда айдаған абзал. Себебі жол бойында кенелі жерлер болуы мүмкін. Кейде, жол бойында малға кене жабыспас үшін, оларды акарацид дәрілерімен тоғытады.
Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға және одан қайтқанда теміржолмен немесе машиналармен тасиды.
Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolіcum, H.detrіtum және H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Бұл кенелер мал қораларында қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл кенелерді жою үшін - олар тығылатын саңлауларды құмға цемент араластырып тығындап, кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы өсімдіктерді отап тастау шарт. Сонан соң қораны аэрозольді акарацидтермен дәрілейді. Ол ұшін аэрозоль – 2 (хлорофос пен ДДВФ қосындысы- 9:1) 20 мл м3 мөлшерінде қораға, глак-ц-глутар альдегиді және циодрин негізінде жасалған баллондағы препаратты 50 мл мз есебімен шашады. Бұлардан басқа қораны дәрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 0,2 % бензофосфат 200-400 мл м2 мөлшерінде қолданылады. Дәріленген қораларға мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын тазалап, ыстық сумен жуу шарт.
Акарицид дәрілерді жануарлар денесіне кене жабысардың алдында қолдану шарт. Ол үшін неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді таңдап алу керек. Бірақ әр препараттың кенелердің балапан-кене, нимфа және имаго сатыларына тигізетін әсері әр қилы екенін ескеру керек.
Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне төл және арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал екендігі белгілі. Күннің ыстығы да дәрінің теріден тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға дейінгі төлге, тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі қолдануға болмайды. Уланудан сақ болу үшін малды күннің салқын кезінде дәрілеу шарт. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының (өз) мөлшерін көрсеткен паспорты болуы керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид дәрілер улы болғандықтан оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау мерзімі және қолданылу мөлшерін мұқият тексеру қажет. Мал ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес жүргізгенде кене денеге жабыспас үшін арнайы комбинезон кию, малмен жұмыс істігеннен кейін денені қарап шығу және т.б. сақтық шараларын қолдану қажет.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды шомылдыру үшін арнаулы жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалған күрделі құрылыс. Қой тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады.
Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2 % бензофосфат, 0,5 % циодрин, 0,15 % дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л мөлшерде қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол баллонын әр малға 60-80 г есебімен қолданады.
Қойды арнайы тоғытарда шомылдырады. Ол үшін 0,2 % бензо-фосфат, 0,05 % неоцидол, 0,1 % дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын шомылдырады. Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын кенелер кездеседі. Оларға қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды дустпен емдеу сыртқы аула ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы дайындықтан өткен және арнаулы киімі, көз әйнегі, қолғабы және тыныс алатын аспабы бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты әуелі сеуіп, сонан соң оны кенесі бар жерлерге ысқылау шарт. Әрбір ірі малға 300-400 г дуст жұмсалады. Жануарлар үстінен артық дәрі түсіп қалу үшін оларды 1-2 сағат сыртта ұстау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет