Қоян протозомозы алғаш рет үй қоянынан Бразилияда табылған. (Сиендрое, 1909). Қоян питомниктерінде протозомоз энзоотиясы жиі байқалған. Коновалова С.М., 1964; Ваните Л., 1976).
Данияда 135 қоянды зерттегенде олардың 75% Сэбин-Фельдман реакциясына оң көрсеткіш көрсеткен. Қояндар протозомозының адамға жұғатынын көптеген ғалымдар анықтаған. (Коновалова С.М. 1964).
Біздің 1975 жылдан бері протозомозды зерттеудегі ғылыми жұмыстарымыз негізінен лабораториялық жануарлар пайдаланылды. Қарапайымдылар антигенін алу және оны тексеру, қарапайымдыларлық иммунды сарысу алу және оны пайдалану т.б. көптеген жұмыстардың негізі ақ тышқандар мен үй қояндарында жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына пайдаланылатын қояндарды, алдын-ала протозомозға тексергенде 15-30% оң көрсеткіш көрсететіні анықталды. Қарапайымдылармен жұқтырылған буаз анылық қояндардың 80-90%-іш тастайды. Кейде іш тастамай туған көжектер әлжуаз болып, көбісі өліп қалады. Протозомоз қояндарда алғашқы кезде жіті түрде өтеді. Ауырған қояндардың жүндері үрпиіп, тамаққа тәбеті болмай, бүрісіп бұйығып отырады. Аса жіті протозомозбен ауырған қояндар 4-5 күнде өледі. Жіті протозомозбен ауырған қояндар 34-40% 5-10 күнде өліп, қалғандары біртіндеп оңалады. Өлген қояндардың барлық ішкі мүшелерінен; бауыр, талақ, бүйрек, жүрек, ми ұлпаларынан микроскопиялық әдіспен қарапайымдыларны байқауға болады. Сонымен қатар биологиялық әдіспен бөліп алуға болады. Қарапайымдылар штаммдарын ұстау әсіресе оны тазалау үшін лабораториялық жануарлардан қоян тиімді болып саналады. Ауырып жазылған қояндардың миында қарапайымдылар цисттары кездеседі. Қарапайымдылар штаммын алғанда оны басқа ұсақ ағзалардан тазарту үшін қояндарды жұқтырады. Олардың миында ерекше қасиеттеріне байланысты тек қарапайымдыларның эндозоиттары цист түзеді. Мидан стерильді жолмен алынған суспензияны ақ тышқандардың құрсақ қуысын жіберсе 4-5 күннен кейін пайда болған экссудатта көптеген қарапайымдылар табуға болады.
Адамдар арасында да протозомоз кең тараған. Адамдарды протозомозбен негізінен жануарлар жұқтырады. Мысық ооцистері және ет цистары арқылы жұғатыны анықталған. Сонымен қатар адамдарда бір-біріне жұқтыру жолдары болуы мүмкін. Протозомозбен ауырған ананың арқылы жатырдағы баласына жұқтыру анықталған. Жүргізілген зерттеулер қарапайымдылар паразитін қақырықтан, сілекейден, қынап сұйығынан, етеккір қанынан, еркек шәуһатынан табылғанын хабарлайды. (Штефко В.Т. Зорин Е.Н., 1945; Ковалева Е.П. 1964).
Мұның барлығы адамдардың бір-біріне жұқтыратын және жануарларға қарапайымдылар тарататын топ екендігін көрсетеді.