Қарапайымдылардың жұғу жолдары. Протозомоз паразитінің берілуінің қазіргі кезде бірнеше жолдары анықталып отыр. Олар: алиментарлы, аэрогенді, трансмиссивті, транспланцетарлы және жанасу арқылы таралулар.
Протозомоз паразитінің негізгі таралу жолы- алиментарлы, яғни жем-шөп және су арқылы жануар ағзасына енуі. Жыртқыш аңдарға, итке, мысыққа, шошқаға т.б. етпен қоректенетін жануарларға қарапайымдылар негізінен цист арқылы тарайды. Протозомозбен ауырған немесе паразитті тасымалдаушы жануарлар өлгенде немесе оларды жыртқыштық жолмен ұстап жегенде етте, ішкі мүшелерінде, мида орналасқан цист, бір жануардан екіншісіне беріліп отырады. Асқазан сөлінде еріген цисттар босап шыққан цистозоиттар ішектің кілегей қабықтарына еніп, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Адамдар шикі етті ұстағанда, шала піскен етті жегенде жұқтырады. Қарапайымдыларның жынысты жолмен көбеюі анықталған соң, шөп қоректі жануарларда қой, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, қоян, т.б. жануарлар қарапайымдыларның ооцистерімен былғанған жем, шөп арқылы жұқтыратыны анықталды. Мысық және мысық тұқымдас аңдарда қарапайымдыларның жынысты көбею процесі жүреді. Соның әсерінен олар сыртқы ортаға төзімді ооцистер шығарады. Ооцистер өте көп мөлшерде бөлініп шығады. Мысалы 20 г мысықтың нәжісінде 20 млн-нан астам ооцист болатыны анықталған және олар топырақта 12-18 ай инвазионды қасиеттін сақтай алады.
Трансмиссивті таралу протозомозда кең таралмаған. Кейбір кенелер денесінде, маса, сона т.б. қан сорғыш жәндіктерде қарапайымдылар бірнеше сағаттан 20 күнге дейін өмір сүре алады екен. Олардың басқа жануарларды шағу арқылы таралуы терең зерттелмеген. Ооцистерді, нәжіспен қоректенетін жәндіктер (шыбындар, таракандар, шұбалшаң, ұлудың) ішіне ену арқылы олармен қоректенетін басқа жануарлар мен құстарға тасымалданатыны анықталған.
Аэрогендік таралу шаң-тозаңды және тамшы-тозаңды болып бөлінеді. Шаң-тозаңды таралуда, ооцистер желмен көтеріліп шаңға араласып малдарға беріледі. Паразиттің тамшы-тозаңды таратуы, мұрыннан аққан сұйықтарды түшкіргенде немесе жөтелгенде беріледі. Протозомозбен ауырған малдардың және адамдардың сілекейінде, тыныс жолдары арқылы шығатын сұйықтарда, паразитті кездестіруге болады. Лабораториялық жануарларға осы сілекейді мұрнына тамызу және ауа арқылы жіберу арқылы протозомозбен жұқтыруға болатыны дәлелденген. (Шевкунова Е.А., 1963; Мельник М.Н., Григоращенко А.Е., 1974). Беверли және Ватсон (1970, 1971) жануарларда протозомоздың кең таралуының бірден-бір себебі осы аэрогендік таралу деп тұжырымдаған.
Жанасу арқылы таралу экспериментті жолмен дәлелденген. Жануарлардың терісі жарақаттанғанда, қарапайымдыларның енетіні анықталды. Ет комбинатында жұмыс істейтін жұмыскерлер арасында протозомоздың кең таралуының себебі, байқалмай зақымдалған қолмен шикі етті ұстауынан болады. (Ковалева Е.П., 1961; Слуцкий В.И., 1969).
Ауру қошқарлардың ұрығында қарапайымдылар паразитінің табылуы, малды табиғи жолмен қашырғанда протозомоз таралуының берден-бір себебі бола алады. Паразит жыныс жолдарының кілегейлі қабығы арқылы саулық малдардың денесіне енеді.
Транспланцентты таралу протозомоздың жіті түрінде жиі кездеседі. Қарапайымдылар жасуша ішінде тіршілік етуіне байланысты иесінің лимфациттері т.б. жасушалары арқылы созылмалы протозомоз кезінде, қағанақ арқылы етіп кету мүмкіншілігі бар екендігі дәлелденген (Нычисте А.К., 1973; Саидов М.С. 1977).
Достарыңызбен бөлісу: |